1.Үйкеліс күші, оның түрлері туралы білуі, формуласын қолданып есептер шығаруы.
2. Үйкелістің пайда болу себептерін түсінуі.
3. Үйкелісті арттыру мен азайтудың себептерін түсінуі. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алуы.
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар:
Үйкеліс күші, оның түрлері туралы біледі, формуласын қолданып есептер шығарады.
Оқушылардың көпшілігі:
Үйкелістің пайда болу себептерін түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Үйкелісті арттыру мен азайтудың себептерін түсінеді. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.
Тілдік мақсаттар
Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру.
Пәнаралық байланыстар
жаратылыстану
Алдыңғы білім
Дененің салмағы. Салмақсыздық
Дерек көздер, ресурстар
1.Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева. Физика және астрономия. Алматы «Атамұра», 2013
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей
3. Электронды оқулық, 7 сынып
4. Оқушының алғашқы энциклопедиясы.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2013
Жоспар
Жоспар-
ланған мерзім
Жоспарланған іс-шаралар
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау түрі
Кіріспе
(3мин)
Қима қағаздар арқылы 4 топқа бөлу
Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді.
Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді
Ынталанды-
ру
Үй тапсырмасы
(8 мин)
Үй тапсырмасымен жұмыс.
Дененің салмағы. Салмақсыздық
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары
Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырыптар бойынша бойынша береді.
Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.
ойлану
талқылау, диалог
жауап беру
Мадақтау
3 мин
Қызығушылығын ояту
Миға шабуыл .
Сұрақтар арқылы
Бейнеролик көрсету.
Оқушылар ой-пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбын ашады.
Негізгі бөлімі
(13 мин)
Мағынаны тану
Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
(«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы)
Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау: Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау.
Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды,
Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,
Топ спикері қорғайды.
Критерий арқылы бағалау
1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашылуы;
3. Өмірден мысалдар келтіруі.
5 мин
Жұптық жұмыс. Ашық және жабық сұрақтар
Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.
Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.
«Мадақтау сэндвичі»
Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады
Қорытын-
ды бөлімі
8 мин
Ой-толғаныс
Жеке жұмыс. Есептер шығару
Сынып ішіндегі барлық оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау.
Оқушылар тапсырманы орындайды.
Сыни ойланады, өз ойларын жүйелейді.
Кері байланыс
5мин
Менің оқуымның үшбұрышы
Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын
стикерге жазып, кестеге жапсырады.
Үйге
Үйкеліс күші. Тұрмыстағы және техникадағы үйкеліс
Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді.
Зерттеу жұмысы.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жұптық жұмыс. Ашық және жабық сұрақтар
1.Үйкелістің пайдасы.
2.Үйкелістің зияны.
3.Велосипедтің доңғалағы не себепті бедерлі болып келеді?
4.Неліктен ауыр дорба көтеріп келе жатқанда, тайғанақ жолда жүру оңайырақ?
5.Картопты пайдаланып, ауыр шкафты қалай орнынан қозғалтуға болады?
6. Үйкелісті қалай арттыруға , қалай азайтуға болады?
7.Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі? Айналаларыңа қараңдар, үйкелістің пайдалы әсерін байқай алдыңдар ма?
8. Автомашиналардың доңғалақтарын не себепті бедерлі етіп жасайды?
9. Неліктен жүргізуші жауын-шашын күндері , көк тайғақта , қоңыр күзде көлікті жүргізу кезінде аса абай болуы керек?
Жеке жұмыс. Есептер шығару.
1. Қандай күшті үйкеліс күші деп атаймыз.
2.Үйкеліс не себептен пайда болады?
3.Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат тайғанақ мұзбен сүйретіп келеді. Шана табан мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05 . Ат қандай тарту күшін өндіреді?
4.Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3кН болса, үйкеліс коэффиценті неге тең?
5.Динамометрдің көмегімен массасы 200г кеспекті горизонталь тақтада орын ауыстырғындағы оның көрсетуі 0,6 Н болса, үйкеліс коэффиценті неге тең? ( g= 9,8 Н/кг)
6.Ит жеккен шанаға қар үстінде жұмсалатын күш 0,5кН. Үйкеліс коэффиценті 0,1 болса, жегілген иттердің бірқалыпты қозғалып, сүйрей алатын, жүк тиелген шанасының массасы неге тең? ( g= 9,8 Н/кг)
7.Массасы скафандрымен 170кг астронавтың табанының Ай бетімен арасындағы үйкеліс коэффиценті 0,5 болғандағы үйкеліс күшін табыңдар. ( g= 1,8 Н/кг) ?
8.Массасы 2,4 т ғарыш кемесіне, жер маңында әсер еткен ауырлық күшін анықта. ( g= 9,8 Н/кг)
9. Картопты пайдаланып, ауыр шкафты қалай орнынан қозғалтуға болады?