Ұйымдастыру: Салеметсіңдер ме, балалар! Бүгін сабақта кім жоқ? Ал енді, балалар бүгінгі сабағымызды бастайық.
Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ осы қасиеттермен қоса адамға шапшандық та қажет. Бүгінгі біздің сабағымыз өзіміз өтіп кеткен “Тұрақты электр тогы” тарауына, сонымен қатар тағы біраз басқа да білетін жайыттар туралы сайыс түрінде өткіземіз.
Ойын сабағымыз Олар:
Кім жылдам?
Тіл - өнер
Ғажайып үштік
Жүйрік
бәйге
Әр турда үш топ балл жинайды. Сайыс аяғында қай топтың баллы көп болса сол топ женіске жетеді, ал біздің топтарымыздың жауаптары мен баллдарын әзіл-қазы алқасы бағалайтын болады.
Біз үш қатарды үш топқа бөлейік:
Бірінші қатар: “Ампер” тобы
Екінші қатар: “Ом” тобыҮшінші қатар: “Кернеу” тобыҮш топтын ішінен өз қалаулары бойынша топ басшысы сайланып алынады. Егер барлығытүсінікті болса сабағымызды бастайық. Міне бүгінгі сабағымыздың бірінші туры “Кім жылдам?” сайысы.
І бөлім: Кім жылдам?
Ойын шарты: бұл турда үш топқада бірдей сұрақтар қойылады. Кім бірінші жауап береді соған бір балл қосылады. Бұл турға бес минут уақыт беріледі.
Сұрақтар:
Электр тогы деп нені айтады? (зарядтардың реттелген қозғалысы)
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер кім? (Т. Әубакиров)
Қуат деп нені айтады? (жұмысты атқару шапшандығын сипаттайтын шама)
Массаның өлшем бірлігі не? (кг, г, мг)
Жылу мөлшері деп нені айтады? (электр өрісінің өткізгіштің келергісін жеңуге жұмсаған жұмысына тең шама)
Ом заңын тұжырымда? (ток күші кедергіге кері пропорционал және кернеуге тура пропорционал)
Металдардағы электр тогы дегеніміз не? (электрондардың реттелген қозғалысы)
Электр тогы бізге қалай жеткізіледі? (керенуді арттыру арқылы)
Қаз неге судан құрғақ шығады? (қауырсын су өткізбейді)
Қайсысы артық бір килограмм мақта ма, бір килограмм темір ме? (темір)
Ток күші, өлшем бірлігі, формуласы? (І, Ампер, I=U/R)
Электр кернеуі, өлшем бірлігі, формуласы? (U, Вольт, U=IR)
Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не? (Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа жасайтын кедергісін көрсететін физикалық шама)
Георг Ом кім? (неміс физигі)
Түйін дегеніміз не? (Үштен кем емес өткізгіштердің тоғысқан нүктесі)
Электр тізбегін жалғаудың неше түрі бар? (параллель, тізбектей)
Электрқозғаушы күш дегеніміз не? (ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама)
Вольт, метр, ампер, кулон, килограмм қандай шамалардың бірлігі? (кернеу, ұзындық, ток күші, заряд, масса)
4 сағатта неше секунд бар? (14400)
Осымен біздің бірінші сайысымыз аяқтылды.
ІІ бөлім: Тіл - өнер.
Бұл сайыста үш топ өз топ атауларына қатысты өлен шығаруы керек және оны мәнерлеп жеткізуі тиіс. Бұл сайысқа дайындалуға бес минут уақыт беріледі.
Ал неді үшінші сайыс турына көшейік. Үшінші турымыз: “Ғажайып үштік деп аталады”. Бұл сайыста топ басшылары жарысады. Әр топ басшысына үш түрлі зат береміз сонын шешімін табуы тиіс.
“Ампер тобына” – қалам мен бұрыш беріледі. Осы екі нәрсе арқылы біз нені дәлелдей аламыз соны көрсету керек. (магнитизм)
“Ом” тобына – кесе, қағаз ,суы бар тарелка және сірінке, тиын. Қолды су қылмай тиынды қалай алуға болады? (қағазды жағып оны кесенін ішіне салсақ, онда ол суды сорып алады)
“Кернеу” тобы – суға бұрыш салынған ыдыс, сабын. (тебіліс)
Бұл сайысқа да бес минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап он баллмен бағаланады.
Ал біздің топ басшыларымыө ойланғанша біз мына сұрақтарға жауап берейік. Бұл оқушылар жеке бағаланатын болады.
Сұрақтар:
Сұйықтың буға айналған құбылысы? (кебу)
Бір жанұяның бес ер баласы және әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (алты)
Екі баласы мен екі әкесі үш апельсин тауып алды, теңдей қылып бөлгенде әрқайсысына бір апельсиннен тиді. Бұл қалай болғаны? (Атасы, баласы, немересі)
Табиғи жарық көзіне не жатады: күн бе әлде от па? (күн)
Қардан жасалған аяз атаға ток тигізсе ол еріп кете ме? (жоқ)
Қысқа тұйықталу дегеніміз не? (тізбектегі ток күші үлкен мәнге жетүі)
Ток көзінің кедергісі қандай кедергі? (ішкі кедергі)
Өткізгіш кедергісі кернеуі 220 В, ал кедергісі 20 Ом, ток күші неге тең? (11 А)
Ас үідегі тоназытқыш қочылып тұрғанда бөлме жыли ма жоқ суып кете ме, егер ол жабық тұрса? (жылып кетеді)
Қарға тоғы бар сымды тастап, сол қардың үстінде тұрсақ ток соға ма? (соғады)
Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды? (мұз)
Судан шығады, судан қорқады? (мұз)
Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді? (телефон)
Асты тас, үсті тас ортасында піскен ас? (нан)
Аса қажет өмірге халық үшін, пайдаланам кү сайын жарық үшін? (ток)
Осымен біздің келесі сайысымыз басталды, бұл сайысымыз: “Жүйріктер” сайысы. Бұл сайыста үш топқа да бірдей есептер беріледі, кім бірінші шығарса соған бес балл беріледі, екінші шығарғанға үш балл беріледі, ал үшінші шығарғанға бір балл. Есеп шығаруға бес минут уақыт беріледі.
Есептің берілгені:
Тізбектің жалпы кедергісін анықтаңдар. R1=1/2 Ом, R2=3/2 Ом, R3=R4=R6=1Ом, R5=3/2 Ом мәндері үшін есептеуді орындаңдар.
Ал енді бесінші ақырғы сайысымызды бастайық. Бұл “Бәйге” атты сайысымызда әр топтан бір баладан өз қалаулары бойынша шығып,бір минут аралығында сұрақтарға жауап беруі тиіс. Ұпай мөлшері жауап берген сұрақтарының санына байланысты бағаланады.
“Ампер” тобының сұрақтары:
Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (жоқ)
Заттың үш күйін ата? (қатты, сұйық, газ)
Желді күні асфаль беті тез кебе ма? (ия)
Кедергінің өлшем бірлігі секунд па? (жоқ, Ом)
Ом заңын ашқан Ампер ма? (жоқ, Ом)
Кернеуді өлшейтін құрал? (Вольметр)
Параллель жалғағанда не тұрақты? (кернеу)
Тізбектей жалғағанда кедергі қалай қосылады? (тура)
Тізбекті ажыратып қосатын құрал не? (кілт)
Қысымның өлшем бірлігі (Паскаль)
Мұз ерісе энергия жұтыла ма әлде шығарыла ма? (жұтылады)
Төрт қойда неше аяқ бар? (он алты)
Бөгде күш дегеніміз не? (электр күшінен басқа күштер)
Ұзындықты килограммен өлшеуге бола ма? (жоқ)
Массасын өлшем бірлігі? (килограмм)
“Ом” тобының сұрақтары:
Аттас зарядтар тебіле ме? (ия)
Мұз заттың қандай күйіне жатады? (қатты)
Бұлтты күні асфальттың беті тез кебе ме? (жоқ)
Ток күшінің өлшем бірлігі Ом ба? (жоқ, Ампер)
Ом заңында ток күшіне қандай шама тура пропорционал? (кернеу)
Ток күшін өлшейтін құрал? (Амперметр)
Тізбектей жалғағанда не тұрақты? (ток күші)
Параллел жалғанғанда кедергі қалай қосылады? (кері)
Сыртқы кедергі қандай әріппен белгіленеді? (R)
Меншікті тығыздықтың өлшем бірлігі? (кг/м3)
Су қатса энергия жұтыла ма әлде шығарыла ма? (шығарылады)
Бес қойда неше аяқ бар? (жиырма)
Аккумулятор қандай ток күшін береді? (бөгде)
Метрмен қандай шаманы өлшейміз? (ұзындықты)
Электрқозғаушы күшінің өлшем бірлігі қандай? (Вольт)
“Кернеу” тобының сұрақтары:
Әр аттас зарядтар тартыла ма әлде тебіле ме? (тартылады)
Пропан заттың қандай күйіне жатады? (газ)
Түнгі уақытта асфальттың беті тез кебе ме? (жоқ)
Кедергінің өлшем бірлігі Ом ба? (ия)
Ом заңында ток күшіне қандай шама кері пропорционал? (кедергі)
Кедергі ретінде біз не алуымызға болады (тізбек құрғанда)? (резистор)
Параллель жалғағанда ток күші қандай болады? (қосылады)
Параллель жалғанғанда кернеу қосылады ма? (жоқ, ол тұрақты болады)
Электрқозғаушы кұшті қандай әріппен белгілейміз? (ε)
Жұмыстың өлшем бірлігі қандай?
Үш қойда неше аяқ бар? (он екі)
Суға мұзды салғанда ол ери ма жоқ па? (ериді)
Батарея ток көзіне жата ма? (ия)
Қуаттың өлшем бірлігі қандай? (Ватт)
Амперметрмен қандай шаманы өлшейміз? (ток күшін)
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. әділқазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарсын, ал қорытынды шыққанша бүгінгі сұрақтар бойынша ұқпаған нәрселерін болса сұрауларыңа болады.