kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұрақты магнит. Магнит өрiсi.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Оқушыларға тұрақты магнитер дегеніміз не, оның қасиетері, жердің магнитөрісі, аспан денелерінің магнит өрісі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ақыл ойын дамыту.

Тәрбиелік:Білімділікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұрақты магнит. Магнит өрiсi.»

.


Керимкулов Бактыбай Кальмуханбетович

Жамбыл обл. Тараз қаласы 

№ 13 Тараз теміржол колледжінің физика пәні оқытушысы


Сабақтың тақырыбы: §52, 54. Тұрақты магнит. Магнит өрiсi.

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тұрақты магнитер дегеніміз не, оның қасиетері, жердің магнитөрісі, аспан денелерінің магнит өрісі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ақыл ойын дамыту.

Тәрбиелік:Білімділікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: магнит, плакат.


Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Тізбектей жалғанғанда ток күші өзгереме?

2. Өткзгіштерді тізбектеп қосқанда жалпы кедергісі неге тең?

3. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?

4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

5. Электр тогының жұмысы?

6. Электр тогының қуаты?

Есептер шығару.

1. 12В кернеуге есептелінген электр шамының қуаты 36 Вт. Шамның кедергісін және ток күшін табыңыз.

2. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2В, ток күші 0, 5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тұрақты және қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтамыз. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.

Тұрақты магниттердің қасиеттері

Магниттің әртүрлі бөліктері әртүрлі магниттеледі, ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады.

Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі барСолтүстік: N, Оңтүстік: S.

Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.

Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді.

Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.

Магнит өрісінің негізгі қасиеттері: 1) Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады; 2) Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған; 3) Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).

Эрстед тәжірибесін жасау.

Электр тогы бар мыс өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілгшені қозғалысқа келтіретін күштер болатынын тәжірибе нәтижесі көрсетті.

Бірдей бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіш бірін-бірі тартады, ал қарсы бағыттағы ток өтетін өткізгіштер бірін-бірі тебеді.

Электр тогы өтетін өткізгіштер арасындағы мұндай өзара әрекеттесу магниттік өзара әрекеттесу деп аталады.

Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.

Түзу сызықты токтың магнит өрісін табу және зерделеу үшін ұсқа темір ұнтақтарын пайдаланамыз.

Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немесе магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.

Түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын екі тәсілмен анықтауға болады:

1.Бұрғы ережесімен:

Егер бұрғыны токтың бағытымен қозғалта бұраса, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді.

2. Егер өткізгішке ток бағытымен қараса, онда магниттік күш сызықтары сағат тілімен бағыттас болады.

Тогы бар шарғының магнит өрісі күш сызықтарының бағытын бұрғы ережесі арқылы табуға болады: егер бұрғы тұтқасын ток бағытымен айналдырса, оның ұшының қозғалысы шарғының магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді.


ІV. Сабақты бекіту
1. Тұрақты магниттер дегеніміз не?
2. Магниттің қанша полюсі бар?
3. Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
4. Аномалия ұғымына түсінік
5. Оңтүстік полюс қалай белгіленеді

V. Үйге тапсырма. § 52, 54 оқу

VІ. Оқушыларды бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тұрақты магнит. Магнит өрiсi.

Автор: Керимкулов Бактыбай Кальмуханбетович

Дата: 22.12.2016

Номер свидетельства: 372457

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi."
    ["seo_title"] => string(42) "toghy_bar_tuzu_otkizghishtin_maghnit_orisi"
    ["file_id"] => string(6) "372460"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482406468"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства