Тұрақты электр тогы тарауын қайталай отырып, тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, толықтыру, бекіту Алған білімдерін практикада қолдана білу және есеп шығарғанда оны пайдалана білуге баулу.
Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Экономикалық, экологиялық тәрбиеге көңіл бөле отырып, оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. балаларды еңбектене, іздене білуге баулу; тәжірибе нәтижелерін қорыта білуге, есептер шығаруға дағдыландыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тұрақты электр тогы" ҚМЖ»
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық орта мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі: Темиргалиева Майра Аленовна.
Сыныбы 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы
Тұрақты электр тогы (қайталау сабағы)
Мақсаты
Тұрақты электр тогы тарауын қайталай отырып, тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, толықтыру, бекіту.
Алған білімдерін практикада қолдана білу және есеп шығарғанда оны пайдалана білуге баулу.
Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Экономикалық, экологиялық тәрбиеге көңіл бөле отырып, оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. балаларды еңбектене, іздене білуге баулу; тәжірибе нәтижелерін қорыта білуге, есептер шығаруға дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар « Тұрақты электр тогы» туралы білімдерін өз бетінше ой-қорытындылар жасай білу негізінде тереңдетеді.
Тұрақты электр тогы тарауы бойынша есептер шығару арқылы оқушылар өз дүниетанымына сенімділік орнатады.
Оқушылар топтық жұмыс жасау және бірін- бірі әділ бағалау арқылы ынтымақтастық, достық қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
Керекті жабдықтар
Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, үлестірмелі материалдар, құрал жабдықтар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сұрақ-жауап
Формула құрастыру
Есептер шешу
Графикалық тест
Практикалық жұмыс
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Тақырыпқа байланысты «Ток күші», «Кернеу», «Кедергі» болып 3 топқа бөлу
- Оқушылармен бірге 5 «Т» ережесін және өздерінің «Алтын ережесін» еске түсіру.
- Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылар түзу, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қойып, аяқтарын айқастырмай отырады, Баяу музыка жіберіледі.
«Хрустальная грусть» А.Захаренко
-Бағалау критерилерімен таныстырып, бағалау парақшасын тарату.
Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
Сұрақ-жауап
Ток күші тобына:
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Ток күші дегеніміз не?
3. Ток күшінің өлшем бірлігі, формуласы
4. Ток күшін өлшейтін құрал
5. Неше ампер ток адам өміріне қауіпті?
Кернеу тобына:
1. Кернеу дегеніміз не?
2. Кернеудің формуласы, өлшем бірлігі.
3. Жарықтандыру желісінде қандай кернеу пайдаланылады?
4. Кернеуді өлшейтін құрал тізбекке қалай жалғанады?
5. Тізбекті параллель қосудың тізбектей қосудан айырмашылығы қандай?
Кедергі тобына:
1. Өткізгіштің кедергісі қандай әріппен
белгіленеді?
2. Формуласы өлшем бірлігі?
3. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға
тәуелді?
4. Менешікті кедергінің өлшем бірліктері?
5. Өткізгіштің кедергісі температураға
байланысты қалай өзгереді?
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді. Әрбір топ өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауып беруге тырысады. Көрші топтардың жауаптарын мұқият тыңдайды, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Бағалау бетшесін толтырады. Әр дұрыс жауап – 1 балл
Формула құрастыру
Ойланайық азырақ
Уақытыңды үнемдеп.
Кім шығады кәнекей,
Жауабын "Мен білем" деп
Төмендегі физикалық шамаларды
пайдалана отырып, әр топ формула құрастырады.
I A U Q R P E F t q S l ρ
Әр топ өз аттарына сәйкес I, U, R табатын формулаларын жазады
Оқушылар топта формула құрастырып, талқылап ортаға салады,
Әр топ бір-бірін бағалайды. Ең көп дұрыс формула жазған топ әр топ мүшесіне 3 баллдан қояды. Екіншісі – 2 балл. Қалыс қалған топ 1 баллдан алады.
Есептер шешу
Есептер шығара аламыз ба?
Жібермейміз біз есе,
Ғалым болып өсеміз
Көзді ашып жұмғанша
Есепті біз шешеміз.
Деңгейлеріне байланысты 9 есеп беріледі. Әр топқа 3 есептен (слайд арқылы)
Бағалау критериі бойынша бірін –бірі бағалау
Тапсырманы жеке орындайды, сын тұрғысынан ойлана отырып қорытынды шығарады. Дұрыс жауапқа сәйкесті оқушылар әр дұрыс есепке 3 ұпайдан қояды және бағалау парағына салады.
Графикалық тест
Физикалық құралдардың щартты белгісіне сәйкестендіру. Ең жоғары ұпай - 6
Қаншасын дұрыс тапса сонша ұпай қояды.
Практикалық жұмыс
Тізбек құрастыра білеміз бе?
Шартты белгіні дұрыс белгілеуі – 1 балл, тізбекке жалғауы – 1 балл.
Электр энегиясын үнемді пайдалану жөнінде не айтасыңдар?
Сіз білесіз бе?
Өз ойларын ортаға салады
Рефлексия
Сабақ ұнады ма?
Қандай тапсырма қиындау болды?
Қай тапсырманы жақсы орындадың?
Оқушыларды бағалау
Жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіріп, қорытынды ұпайларын мектеп бағасына айналдырады.
Кейінгі тапсырмалар
Үй тапсырмасы
Тұрақты электр тогына планшет, тест жасап келу
“Қазақстандағы электр энергиясын өндіретін аймақтар туралы не білесіңдер?” Реферат дайындау.
Мұғаліммен қоштасу
Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Рефлексия
Сабақтың тақырыбы:____________________________
Сабақ ұнады ма?________________________________________________________
Қандай тапсырма қиындау болды?_________________________________________
Бір қария жол жүріп келе жатып, алдынан салы суға кетіп, қабағы түсіңкі бір жас жігітті көреді. Жігітті сөзге тартып, оның қайдан келе жатқанын сұрайды. Қарияның сұрағына жігіт: "Жолда бір қарт кемпірді көрдім. Қолында екі дорбасы бар екен. Кемпір"Дорбаларымды үйге апарып көмектесші"деп жалынып тұрып алды. Қоймағасын үйіне дейін апарып тастадым. Дорбалары өте ауыр екен. Діңкем құрып келе жатыр. Қайдан ғана жолықтым екен" деп ашу-ызасын жасырмастан кете барады. Бұл кездесуден кейін қария жол-жөнекей тағы бір жолаушы жігітке жолығады. Ол жігіттен де қайдан келе жатырғанын сұрайды. Жігіт жолдан дорба арқалаған әжейді көргенін, әжейдің бұдан көмек сұрағанын, ол қуана келісіп, әжейге көмектесіп, дорбаларын үйіне дейін жеткізіп бергенін айтып, өз жөнімен кете барады. Қария жігіттің жанарынан ызаны да, қуанышты да байқамайды. Осылайша қария жол-жөнекей беті бал-бұл жанған үшінші жігітке кездеседі. Алдыңғы екі жігітке қойған сұрағын бұл жігітке де қояды. Сонда жігіт "Жолдан ақ жаулықты ананы көрдім. Қолында үлкен дорбалары бар екен. Жүгіріп барып қолындағы дорбаларын алып, үйіне дейін апарып тастадым. Жол жөнекей байғұс ананың сөзінен жалғыз ұлы белгісіз жабысқан дерттен қаза болғанын естідім. Ана кетерімде маған көп алғысын айтты. Мен бүгінгі күнімнің текке өтпегеніне қуанамын. Сол аяулы анаға ертең барып, отынын жарып берсем деймін" деді де өз жолымен кете барды.
Балалар, сендер ше? Сендер бүгінгі сабақта қай жігіт секілді жұмыс атқардыңдар? Бүгінгі сабақтан өз өмірлеріңе қажетті нәрселерді ала алдыңдар ма?