kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?ра?ты магниттер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л материалда физика п?ні бойынша 8-сыныптар ?шін ??рыл?ан ашы? саба?. Саба??а ?атысты есептер, т?рлі ойындар ж?не т.б. Б?л жас м??алімдерге к?мек ретінде пайдалану?а ?сынып отырмын. Саба? т?ра?ты магниттер туралы. 

Саба? ?стінде  о?ушыларды? ой-?рісін, ынта –ы?ыласын дамытады. Саба?  барысында  ш?кірттерді адамгершілікке, жауапкершілікке, тап?ырлы??а ж?не ізденімпазды??а  т?рбиелейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?ра?ты магниттер»



Сабақ жоспары

Класс: 8 «ә» Күні: 14.03.2014 ж.


Пәні: Физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер. Магнит өрісі

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік - Тұрақты магниттер және магнит өрісі туралы

кеңірек мағлұмат беріп, білім дәрежелерін

тереңдетіп жетілдіре түсу

2.Дамытушылық - Сабақ үстінде оқушылардың ой-өрісін, ынта –ықыласын

дамыту

3.Тәрбиелілік - Сабақ барысында шәкірттерді адамгершілікке,

жауапкершілікке, тапқырлыққа және ізденімпаздыққа

тәрбиелеу


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Жаңа технологияға негізделген аралас сабақ

Сабақтың әдістері: Репродуктивті (сұрақ-жауап) электронды оқулықпен,

слайдтарды пайдалана отырып баяндау, өздік жұмыс

Сабақтың формасы: жеке, дара

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, электронды слайдтар,көрнекілік

плакаттар


Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу

3.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру

4.Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларға бүгінгі сабақта “Ең үздік физик” акциясы өтетінін хабарлау

“Ең үздік физик” акциясының өткізілуі: Мұғалім-банкир, оқушылар-акционерлер. Әрбір дұрыс жауапқа 1 акция беріледі. Ең көп акция жинаған оқушы сабақ соңында “Ең үздік физик” атанады.


  1. Бой сергіту. Үй тапсырмасын сұрау

2.1. «Бақытты сәт» теледидар ойыны Сұрақтар жауабымен беріледі. Оқушылар жауаптың дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдеуі керек.

+1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады

-2. Халықаралық бірліктер жүйесінде заттардың меншікті кедергісінің өлшем бірлігі ретінде Ом∙м² болып белгіленеді.

+3. Адам үшін 2-3мА ток күші қауіпсіз және сезілмейтн болып саналады.

-4. Электр тогы болуының негізгі шарты зарядталған бөлшектер белгілі бір жылдамдықта болуы қажет

+5. Ағаш кесекті жібекке үйкегенде ағашта теріс заряд пайда болады

+6. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады.

-7. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеулері бірдей болады

+8. Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

- 9. Егерде кедергісі 12 Ом вольтметр 120 В кернеуді көрсетіп тұрса, онда ол арқылы өтетін токтың күші 0,1 А тең

+10. Реостат дегеніміз айнымалы және реттелген кедергісі бар резистор

    1. Суретке қарап кестені толтыру




Құрылғы атауы

Нені өлшейді

Өлшем бірлігі

Вольтметр

кернеуді

В

Амперметр

Ток күшін

А

Резистор

кедергіні

Ом

Реостат



Ваттметр

қуатты

Вт


    1. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін талдап, олардың кемшілігі мен жетістіктерін атап өту

    2. Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтармен таныстыру

Жаңа сабақтың тақырыбын әріптерді орналастыру арқылы талдау

Әріптерді орналастырып көрейік...

    • Бұл сөздің бірінші әрпі –кедергі өлшем бірлігі атауының екінші әрпі (М) Ом

    • Екінші әрпі –ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының бірінші әрпі (А) анод

    • Үшінші әрпі- 10 болатын шама атауыныңүшінші әрпі (Г) мега

    • Төртінші әрпі – вольтметр құрылғысымен өлшенетін шаманың төртінші әріпі (Н) кернеу

    • Бесінші әрпі – кедергіні өлшейтін құрылғы атауының төртінші әріпі (И) резистор

    • Алтыншы әрпі – кернеуді өлшеуге арналған прибор атауының бесінші әрпі (Т) вольтметр

Жауабы: М А Г Н И Т


  1. Жаңа тақырып

Тұрақты магниттер. Магнит өрісі

Қаралатын сұрақтар:


1. “Магнит” атауының тарихы

2. Магниттің магниттік қасиеттері

3. Жер шары да магнит. Аспан денелерінің магнит өрісі

4. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі


1. “Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д.д. V ғасырда) тауып, өзінің бір шығармаларында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит – “Магнессия тасы” деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде табиғи магнит Fe O (31%) және

(61%) тұратын магнитік темір (магниттен) кесектері екендігі белгілі. Бұл тығыздығы шамамен 5000кг/м3 болатын морт қара минерал.Магниттер жасау үшін құрамында темір, никель, кобальт және металдар бар құйма қолданылады.

2. Магниттің магниттік қасиеттері

Кез келген магнит айналасында магнит өрісі болады.

Магнит өрісі – материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және

магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік әсері

күшті, демек магнит өрісі күшті бөліктерін магниттік полюстер деп атайды.


Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі бар

Солтүстік полюсін N деп, ал оңтүстік полюсін S белгілейді

Бір ғана полюсі бар магнитті жасау мүмкін емес. Жоғарыда суретте таға тәрізді және жолақ магниттер көрсетілген.
Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.
Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді.
Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.
Ең бір үлкен магниттік аномалия - Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады.
Аномалия-ауытқулық деген мағынаны білдіреді
Жер астында көп магнит кені жатқандықтан, сол жерде жер бетіндегі магнитизмнің әдеттегіден ауытқуы.
Магниттік қасиеттер тек Жерге ғана емес, басқа аспан денелеріне де тән.Күнді зерттеу онда магнит өрісінің бар екендігін көрсетеді. Күндегі дақтар ,факельдер ондағы болып жатқан құбылыстар барлығы күннің белсенділік аймағы деп аталады.Күннің айналу бағытымен бірінші орналасқан дақ басы, соңғылары құйрығы деп аталады.Бұл дақтардың қарама-қарсы полюстері бар,мысалы, біріншілері солтүстік, соңғылары оңтүстік магниттік полюске ие.Осылайша дақтар тобы зор магнитті құрайды.Айда,Марста магнит өрісі жоқ. Ал Марста Жердегіге қарағанда 500 есе әлсіз магнит өрісі бар.

1820 жылы дат ғалымы Эрстед магнит тілшесін алып, оның үстіне параллель мыс өткізгішті орналастырды.Өткізгіш арқылы ток жіберген кезде магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпынан ауытқиды. Тізбекті ажыратқан кезде магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпына келеді.Бұл электр және магниттік құбылыстардың арасында өзара байланыс бар екенін дәлелдейді. Себебі , тогы бар өткізгіштердің немесе магниттің маңында әрқашан да магниттік өріс болады.


IV . Жаңа тақырыптың материалдарын талқылау. Талқылау үшін «Акция кімге бұйырады» ойынын қолданамын. Мұнда әр оқушы ұяшықты таңдап берілген сұраққа жауап беріп, акцияларға ие болып отырады.

Талдап болғаннан кейін, жаңа сабағымды Д.И. Менделеевтің айтқан сөзімен қорытындылаймын. Қайсы дөңгелектен бастап оқу керектігін тауып, шифрланған сөздерін оқып шығу керек



Жауабы: магниттік бақылау – Жер қойнауын жарық ететін - фонарь

  1. Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау


  1. Үйге тапсырма: §52, §53 тақырыптарын оқу, соңында берілген сұрақтарға жауап беру.












































Құрылғы атауы

Нені өлшейді

Өлшем бірлігі

Вольтметр

кернеуді

В

Амперметр

Ток күшін

А

Резистор

кедергіні

Ом

Реостат



Ваттметр

қуатты

Вт



Құрылғы атауы

Нені өлшейді

Өлшем бірлігі

Вольтметр

кернеуді

В

Амперметр

Ток күшін

А

Резистор

кедергіні

Ом

Реостат



Ваттметр

қуатты

Вт




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Т?ра?ты магниттер

Автор: Игібаева Тазаг?л ?мірхан?ызы

Дата: 12.11.2015

Номер свидетельства: 252207


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства