kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тол?ындар тарауын ?айталау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген ?а?азда ?ріптер жазыл?ан. ?а?аздан о?ушылар ?ша? жасайды. Жаса?ан ?ша?тарына с?ра?тар жазып, келесі топ?а ?шырады. Келесі топ о?ушылары с?ра?тар?а жауап береді. Н?мері бойынша та?та?а ?ша?тарды орналастырады. ?ріптерді орнына ?ою ар?ылы саба?ты? та?ырыбы шы?ады.Берілген ?а?азда ?ріптер жазыл?ан. ?а?аздан о?ушылар ?ша? жасайды. Жаса?ан ?ша?тарына с?ра?тар жазып, келесі топ?а ?шырады. Келесі топ о?ушылары с?ра?тар?а жауап береді. Н?мері бойынша та?та?а ?ша?тарды орналастырады. ?ріптерді орнына ?ою ар?ылы саба?ты? та?ырыбы шы?ады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тол?ындар тарауын ?айталау»»

Сыныбы: 9 «Г» Күні: 02.02

2016оқу жылы


«Толқындар тарауын қайталау»


Сабақтың тақырыбы: «Толқындар тарауын қайталау»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың толқындар тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеп, практикада қолдандыра білу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен ойланып, жұмыс істеу қабілеті арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютердің көмегімен физика есептерін шығара білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, смайлик.

Сабақ түрі: қайталау сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Өткенді қайталау : «Ұшақ»

III. Сұрақты камертон

IV. Сәйкесін тап

V. Музыкалық есеп

VI. Қызықты сұрақтар

VII. Тест

VIII.Қорытындылау

IX. Бағалау

X. Үй тапсырмасы


I. Ұйымдастыру:

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу, топтау;

б) Оқушылардың оқу құралдарының түгелдігіне, сабаққа даярлықтарына

көңіл бөлу;

в) Назарларын сабаққа аудару.


Сабақтың барысы:II. Ұшақ

Оқушылардың қандай тақырыпты қайталайтындарын білу үшін анаграмма жасалады.

ТОЛҚЫНДАР

Берілген қағазда әріптер жазылған. Қағаздан оқушылар ұшақ жасайды. Жасаған ұшақтарына сұрақтар жазып, келесі топқа ұшырады. Келесі топ оқушылары сұрақтарға жауап береді. Нөмері бойынша тақтаға ұшақтарды орналастырады. Әріптерді орнына қою арқылы сабақтың тақырыбы шығады.


Эпиграф

Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай: толқыннан толқын туады, толқыннан толқын шығады, толқынмен толқын жарысадыдемекші бізді қоршаған орта- ол толқындардың таралу ортасы оның ішінде біз күнделікті дыбыс толқындарымен өмір сүреміз. Дыбыс арқылы бір бірімізді естіп, музыка арқылы ерекше сезімге бөлененміз.Дыбыс арқылы адамның жүрегінің қағысын сеземіз. Дыбысты сиппаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі. Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз.


III. Сұрақты камертон.

Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп отырып Сұрақты камертонның сауалына жауап беріп, ұпайлар аламыз.

Ұяшықта 8 сұрақ кездеседі : 20 ұпайға-2 сұрақ, 30 ұпайға-2 сұрақ, 40 ұпайға-2 сұрақ, 50 ұпайға-2 сұрақ.


IV. Сәйкесін тап

Физика ғылымының басқа ғылымдардан ерекшелігі формулалардың жиынында, әр тақырыпқа арнайы формулалары бар, бүгін де осы формулалардың сәкесін тауып оқып көрейік.


V. Музыкалық есеп

Енді бүгінгі қайталанып отырған толқын тарауына байланысты есептерді қарастырайық, дыбыс толқыны болғандықтан есептер де музыкалық болады. Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін тыңдаймыз. Есепті дәптерге шығарып, бір оқушы оны тақтада жазады, қалғандары оны орындарында тексереді.


Кітаппен жұмыс.

Есеп:

1. Жақын орналасқан екі жартастың арасында тұрған адам қатты дауыстады. Ол екі жаңғырық естіді. Біріншісін 1с, екіншісін 1,5с өткен соң. Жартастардың арақашықтығы (дыбыс=340м/с).

2. Толқынның таралу жылдамдығы 5000м/с, жиілігі 100Гц. Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы.

3. Дене тербелісінің амплитудасы 4см периоды 2с. Дененің тербеліс теңдеуі.

4.Гармоникалық тербелістің толық энергиясы 10Дж, ал денеге әсер ететін максимал күш 1Кн. Тербеліс амплитудасы.


VI.Қызықты сұрақтар

Физика-табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, бүгін де табиғатқа байланысты толқын тарауымен сәйкес келетін қызықты сұрақтарға жауап беру керек.

1.Егер пианинаның қасына камертонды қойсақ неліктен пианино өзінен-өзі «си» дыбысын шығарады

(резонансқа байланысты) камертонмен мысал көрсету.

2.Ауасы сорып алынған ыдыстың ішінде неге сағаттың дыбысы шықпайды?

( Себебі ауасы жоқ жерде дыбыс таралмайды.)

3. Найзағай ойнағанда біз неге бірінші найзағайды көреміз ал дыбысын кейін естиміз?

(Дыбыстың таралу жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығынан сан есе кіші6 бірақ екі құбылыс та бір мезетте өтеді)

4. “Балық сияқты үндемейді” деген салыстырумен келісесіз бе? Неге?

(Жоқ, себебі балықтар да сан алуан дыбыс шығарады. Тек кит қана үндемейді.мысалы дельфин ультрадыбысты жақсы естиді)


VII. Тест тапсырмалары

Ал енді осы бүгінгі сабағымызды толық қорытындылау үшін тест сұрақтарына жауап беру керексіздер.

Жауаптары кейін тақтада тұрады, оқушылар жауаптын тексеріп өздеріне баға қояды.


Тест сұрақтары:

1.толқындарды зерттеуде үлес қосқан ғалымдыр:

А.Ньютон, Паскаль, Ом

Б.Архимед, Ә.Фаараби, Ампер

В.Пифагор, Аристотель,Леонардо да Винчи

2.дыбыстың тралу жылдамдығы неге тең

А. 300м/с

Б. 340 м/с

В,312 м/с

3.Толқындар ұғымына қандай физ. шамалар сәйкес келеді

А. ұзындық, жиілік,жылдамдық

Б. Кернеу, кедергі және күш

В. Биіктік, масса және тоқ күші

4.дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді

А.тонның биіктігі

Б. Тербеліс жиілігі

В.тербеліс амплитудасына

5.дыбыс қаттылығының бірлігі қандай

А.метр

Б.Децибел

В.Герц

6. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі?

А. 20 000 Гц

Б. 200 000 Гц

В. 200 Гц

7.Генрих Герц деген сөзден құралған радиограмманы алғашқы рет 250 м қашықтыққа сымсыз радиограммамен қандай ғалым жеткізді

А. Генри

Б. Папов

В. Герц

8.шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын аныұтау не джеп аталады

А. Эхосеймолог

Б. Эхолокация

В.Эхолир

Қорытындылау :«Сәттілік баспалдағы»




Бағалау: Смайлик арқылы оқушының өзін және топты бағалау.


Үйге тапсырма:Бақылау жұмыс.
































«№ 11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі»

мемлекеттік мекемесі







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Толқындар тарауын қайталау»

















Физика пәні мұғалімі: Толегенов С.А















Ақтау – 2016 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Тол?ындар тарауын ?айталау»

Автор: Толегенов Салават Аманжолович

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298275


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства