kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Токты? ж?мысы мен ?уаты та?ырыбын т?сіндіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: Токты? ж?мысы мен ?уаты. §42

Саба? ма?саты:

А/Білімділік: Жа?а физикалы? шама электр тогыны? ж?мысы мен ?уатын т?сіндіру; механикада ?ткен ж?мыс ж?не ?уатпен салыстыру; ж?мысты? ?уатты? формулаларын ж?не ?лшем бірліктерін атау.

?/Дамытушылы?: О?ушыларды? танымды? к?з?арастарын жетілдіріп, есте са?тау ?абілетін дамытып, оны есеп шы?ару барысында ?олдана білу ?абілеттерін дамыту, есеп шы?ару икемділіктерін арттыру;

Б/Т?рбиелілік: Белсенділігі жо?ары, теориялы? білімін практикада ?олдана білетін т?л?а ?алыптастыру.

 

Саба? т?рі:        Д?ст?рлі саба?.

Саба? ?дісі:       Т?сіндірмелі баяндау, с?ра? – жауап, есеп шы?ару

?олданылатын1. Семантикалы? карта толтыру.

технология       2. Кластер жасау.

элементтері:     3. Демонстрациялы? есеп.

                           4. С?йкестендіру, тірек сызба.

П?наралы? байланыс: Математика

К?рнекілік, ??рал ?лестірмелі карточкалар, амперметр, вольтметр, электр

жабды?тар:      шамы, кілт, батарея, ?ткізгіш сымдар.

Саба? барысы: І.?йымдастыру

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру

     А. Тірек сызба ??растыру.

      ?. Семантикалы? карта толтыру.

      Б. Схема бойынша ж?мыс.

ІІІ. Жа?а саба?.

І?. Бекіту.

         А.Кластер жасау

         ?.Демонстрациялы? есеп.

          Б.Сергіту с?ті.

          В.С?йкестендіру. /Есептер шы?ару/

?.Ба?алау.

?І. ?йге тапсырма.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Токты? ж?мысы мен ?уаты та?ырыбын т?сіндіру»

Сабақ тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. §42

Сабақ мақсаты:

А/Білімділік: Жаңа физикалық шама электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру; механикада өткен жұмыс және қуатпен салыстыру; жұмыстың қуаттың формулаларын және өлшем бірліктерін атау.

Ә/Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп, есте сақтау қабілетін дамытып, оны есеп шығару барысында қолдана білу қабілеттерін дамыту, есеп шығару икемділіктерін арттыру;

Б/Тәрбиелілік: Белсенділігі жоғары, теориялық білімін практикада қолдана білетін тұлға қалыптастыру.


Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ – жауап, есеп шығару


Қолданылатын1. Семантикалық карта толтыру.

технология 2. Кластер жасау.

элементтері: 3. Демонстрациялық есеп.

4. Сәйкестендіру, тірек сызба.


Пәнаралық байланыс: Математика


Көрнекілік, құрал Үлестірмелі карточкалар, амперметр, вольтметр, электр

жабдықтар: шамы, кілт, батарея, өткізгіш сымдар.


Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А. Тірек сызба құрастыру.

Ә. Семантикалық карта толтыру.

Б. Схема бойынша жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Бекіту.

А.Кластер жасау

Ә.Демонстрациялық есеп.

Б.Сергіту сәті.

В.Сәйкестендіру. /Есептер шығару/

Ү.Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.


І. Ұйымдастыру бөлімі

- Сыныппен амандасып, жалпы сыныпты қадағалау,зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Видеопроектор арқылы тірек сызба сызу

Өткізгіштерді жалғау


Тізбектей Параллель


I = I1=I2=…=In I=I1+I2+…+In

U=U1+U2+…+Un U=U1=U2=…=Un

R=R1+R2+…+Rn 1/R=1/R1+1/R2+…+1/Rn


Семантикалық карта толтыру.

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

Ток күші

I

I=g/t

A

Амперметр

Кернеу

U

U=A/g

B

Вольтметр

Кедергі

R

R=ρl/s

Ом

Омметр


Схема бойынша жұмыс: Қатені тап






/амперметр тізбектей жалғанады/ /Вольтметр параллель, амперметр

тізбектей жалғанады/

ІІІ.Жаңа сабақ

Тұйықталған тізбек бойымен электр тогы өткенде, тізбектің ішкі бөлігі-ток көзінде және тізбектің сыртқы бөлігі-энергия тұтынушыларында энергияның бірқатар түрленулері болады. Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшеуші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтар орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады. U=A/q формуласынан А=qU шығады. Осы формуладан тұрақты токтың істеген жұымысында анықтауға болады. q=It ескере отырып, A=IUt аламыз.

Электр тогының жұмысы ток күші, кернеу, және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

А=IUt

СИ жүйесінде жұмыс джоульмен өлшенеді. Ом заңын пайдалана отырып, мынаны аламыз: A=I2 Rt A=U2 t/R

Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.

Электр техникасында қуат Р әрпімен белгіленеді. Қуат мынаған тең: P=A/t=IU, яғни P=IU

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

Ом заңын пайдалана отырып, мына өрнектерді аламыз:P=U2/R

P=I2 R

СИ жүйесінде қуат бірлігі ретінде ватт алынған. Ватт онша көп қуат емес. Тәжірибеде ватқа еселік бірліктер қолданылады: гектоватт, киловаттт, мегаватт.

Токтың қуатын өлшейтін аспапты ваттметр деп атайды.

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.

10-кестеде күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген элеектр аспаптарының қуаты көрсетілген.

Тұрғын үйге берілген кернеу 220В, тұтынатын ток күші10А-ден аспауы керек.Үйдегі тұтынушылардың бір мезгілде пайдалану қуатының шекті мәні:2,2кВт

1кВт сағ электр энергиясының құны тариф деп аталады. Мысалы бізде тариф -7,71 теңге.


ІҮ. Бекіту:

А/Кластер жасау. Оқушыларға гүл бейнесі салынған таратпа таратылады, гүл тармақтарына берілген формуланы, физикалық шаманы, сипаттамаларды жазу керек. Бір топқа жұмыс, екінші топқа қуат беріледі.

Ә/1.Демонстрациялық есеп. Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды атау.Құралдарды жалғау және есептеп табу.

Шартты белгі бойынша схема сызу /шам, кілт, батарея/

Б/ Физикалық пауза: Бұл өте қызық! Омның еңбегін Германия жақсы қабылдады. 1883жылы-ақ ғалым Нюрнберг политехникалық мектебінің профессоры атағын алды. Бірақта шетелде, яғни франция мен Англияда Омның жұмысы ұзақ уақыт белгісіз болды. Омның заңы ашылғаннан кейін француз физигі Пулье эксперимент арқылы дәл осындай тұжырым жасады. Бірақ Пульеге бұл заңды 1827жылы Омның ашқаны туралы дәлелденді. Бірақ бір қызығы француз оқушылары Ом заңын-Пулье заңы ретінде оқып жүр.


В/ Сәйкестендіру. Өз үйіңді адаспай тап. /шам, кілт, батарея/

P=IU Электр кернеуі

A=IUt Токтың қуаты

U=IR Ом заңы

I=U/R Токтың жұмысы


Есеп шығару.

Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ал ток күші 0,5А қалалық желіге қасылса, онда оның электр қозғалтқышының тогы 1800с уақыт ішінде қанша жұмыс жасайды?


Ү. Бағалау


ҮІ. Үйге тапсыырма

§42 1,2 тақырыпшасы. 21 есептің 3











































Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеру. Қозғалыстың түрлерін, жылдамдықтың жол мен уақытқа тәуелді екенін түсіндіру, формуласымен,өлшем бірліктерімен таныстыру.

б/оқушылардың ойын дамыта отырып, есте сақтау, ойлау, танымдық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыру, жазу мәдениетін дамыту;

в/ тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту әдісінің бөлшектерін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, графопроектор,видеопроектор, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Биология, сурет, әдебиет, тарих

Сабақты дамыту: Өткен сабақпен байланыстыру

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Кезекші міндетін тексеру

б) Оқу құралдарын қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру « Еске түсіру» стратегиясы

Сұрақ- жауап алмасу

1. Материялық нүкте дегеніміз не?

2. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

3. Жол дегеніміз қандай шама? Қалай белгілейміз?

4. Орын ауыстыру дегеніміз не? Қалай белгілейміз?

5. Күн жүйесінде неше планета бар?

6. Сағат тіліне кері айналатын планеталар қандай?

7. Жердің табиғи серігі не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру «Ойлануға шақыру» стратегиясы

Алдымен сабақ мақсатын айту. Мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды ажырату, жылдамдық оның формуласымен, өлшем бірлігімен танысу;

Дене кез-келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жл жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады. Мысалдар келтіру. Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта өте сирек кездеседі.Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты бола бермейді.

Дене кез-келген уақыт аралығында әр-түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Тас жолмен бірқалыпты қозғалған автомобиль бірқалыпты жаяу жүріп келе жатқан адамды қуып жетіп, одан озып кетеді. Себебі, ол жаяудан гөрі шапшаң қозғалады. Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары түрліше болуы мүмкін. Әртүрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі. Жоғарыда келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Бұдан біз қандай да бір уақыт аралығында бірқалыпты қозғалған дененің жолын сол уақыт аралығына бөлсек, бізде жылдамдықдеген физикалық шама шығады. Жылдамдықты табу үшін жүрілген жолды уақытқа бөлеміз. Жылдамдықты ϑ әрпімен белгілейміз.

Жол S

Жылдамдық ═ ------------ ϑ ═ --------

Уақыт t

Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр (м/с) алынады. Бұл жылдамдық бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.Дененің жылдамдығы оң немесе теріс болуы мүмкін. Жылдамдық сан мәнімен қатар бағыты бойынша да сипатталады.

Интербелсенді тақтадан есеп шығару мысалын түсіндіру.

ІV. Сергіту сәті Жұмбақ шешу

Қозғалысты сипаттар шапшаңдықты
Тағы да бір белгісіз шама шықты 
Ол болмаса денелер қозғалмайды
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? /жылдамдық/

Тақтадан «ең жылдам» деп басталатын сұрақтар мен жасырылған жауап суреттерін шығару.

1. Ең жылдам қозғалатын көлік. (Шаттл ғарыш кемесі-24000 км/сағ)

2. Ең жылдам ойналатын командалық ойын. ( Хоккей-160 км/сағ)

3. Ең жылдам ұшатын жәндік. ( Инелік-9 км/сағ)

4. Ең жылдам жүгіретін аң. (Қабылан-100 км/сағ)

5. Ең жылдам өсетін өсімдік. (Бамбук-120 см/тәулік)

6. Ең жылдам қозғалатын планета. ( Меркурий-172 мың км/сағ)

7. Ең жылдам қозғалатын құс.( Ителгі-200 км/сағ)

V. Сабақты бекіту «Миға шабуыл» стратегиясы

Есептер шығару

І- деңгей

36 км/сағ; 108 км/сағ; 45 м/минутты м/с-қа түрлендіру керек.

ІІ-деңгей (ауызша)

1. Қоянның жылдамдығы 15 м/с, ал дельфиннің жылдамдығы 72 км/сағ. Олардың қайсысының жылдамдығы үлкен?

2. Сүтқоректі жануарлар ішіндегі ең шапшаң жүгіретіні - гепард. Оның жылдамдығы 112 км/сағ. Гепардтың жылдамдығын автомобильдің 30 м/с жылдамдығымен салыстыр.

3. Шабандоздың жылдамдығы 30 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/ сағ қасқырды қуып жете ала ма?

ІІІ- деңгей

№1. Інжугүл-биіктігі 15-20 см улы өсімдік. Ол үш сағат аралығында 1 см өседі. Оның өсу жылдамдығын тап.

2. Кеңес Одағының чемпионы Железовский 1987 жылы 1500 метрге жүгіруден сол аралықты 1 минут 52,5 секундта өтіп дүниежүзілік рекорд жасады. Оның жүгірген кездегі орташа жылдамдығын есептеңдер.

VІ. Сабақты қорытындылау

«Ой толғаныс» стратегиясы

1. Жылдамдық дегеніміз не?

2. Жылдамдықты табудың формуласын жаз.

3. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ата.

4. Спидометр автомобильдерге не үшін орнатылған?

5. Жол бойындағы 40 белгісі нені білдіреді?

VІІ. Үйге тапсырма: §18. Өзіңнің жылдамдығыңды анықта.













































Сабақ тақырыбы: Бисермен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисерден гүл жасап үйрету шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.

а) Білімділік: оқушылардың бисермен тоқу туралы білімін арттыру, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: бисерден жасалған дайын бұйымдар, әшекей бұйым түрлері, кітап, журналдар, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, сым, леска, бисер түрлері, бисер салатын ыдыс, қайшы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардыңң сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. Шеңберге тұрып ,бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
ІІ. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.

СНЕБР, ЛІБІКЗЕ, ҚАНСИА, ЛАҚА, ЗКҮЖІ, АРҒЫС

Слайдтан әшекей бұйымдары туралы әңгімелеу. Алдын ала үйге бисер туралы мәлімет беріледі. Бисер тақырыбы бойынша сұрақ беру.

1. Бисер дегеніміз не?
2. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?
3. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
4. Бисердің отаны?
5. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
6. Бисердің түрлері?
7. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгін, біз бисерден гүл дайындап үйренеміз. Өміріміз гүлдей құлпырсын деп бүгін гүл жасағалы отырмыз.Әр отбасында осы жасалған жұмыстарыңыз үйдің сәнін келтірері сөзсіз.

ІҮ. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Жұмысқа кірісер алдында

бисерді қораптарға салып қойған жөн

Жұмыс жасау талаптары







Бисермен жұмыс жасағанда Дайындалған бұйымыңыз

отырған орны жайлы, дұрыс болмаған жағдайда

жарық мол болу керек. ерінбей қайтадан дұрыстауға

Бисер теріп отырған сымды дағдыланыңыз.

бос қоюға, қатты тартуға

болмайды. Бисерлер дұрыс

орналаспайды.

1.Жұмыс киімін кию.

2.Қажетті құрал- жабдықтарды үстел үстіне дайындау. Жұмысты жасау үшін ұсақ бисерлер, сым, қондырғы, қайшы, ыдыс қажет (қалауларыңыз бойынша). Слайд арқылы жұмысқа кіріседі. Гүлдерді дайындау үшін сымға бисер теру керек. Жалпы тоқылу барысын слайд арқылы жүргізіледі.

Ү.Сергіту сәті. Би ырғақтарын жасау (баяу әуенмен)

ҮІ. Қорытындылау, бағалау.

Венн диаграммасы.

Не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?



ҮІІ. Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Басқа елдерде бисерлердің аталуы туралы мәлімет.

ҮІІІ. Жұмыс орнын тазалау.   
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Токты? ж?мысы мен ?уаты та?ырыбын т?сіндіру

Автор: Кабиева Жазира Губайдуллаевна

Дата: 12.03.2016

Номер свидетельства: 304711


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1340 руб.
2240 руб.
1250 руб.
2090 руб.
1410 руб.
2350 руб.
1580 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства