Просмотр содержимого документа
«Тоқтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы»
Көктау негізгі мектебі
Физика пәні мұғалімі
Темиргалиева Марал Сүндетоқызы
Күні: 7.02.2017 Сынып:
Пән: физика
Сабақтың тақырыбы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Жалпы мақсаты
Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат беру.Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.
Б:Физика пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, формуланы тез еске түсіріп есеп шығара білу. Сұраққа ұтқыр жауап беру.
Д:Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға машықтандыру
Т:Есептер шығара отырып, физикалық білімдердің жаңа сатысына көтерілу, оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін арттыру.
Негізгі идеялар
Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы ток күшіне тәуелді.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (3 минут)
Сабақтың құрылымы:
1. Ой-қозғау: Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталап, жаңа сабақ
2. Іздену, іс-әрекет. (Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы формуласына есептер шығару)
3.Сергіту сәті: қызықты, логикалық сұрақтар
4. Ой-жинақтау (өз үйіңді адаспай тап сәйкестендіру)
Үй тапсырмасын тексеру: 5 минут Ой-қозғау: ыстық орындық стратегиясы бойынша
1. Электр тогы дегеніміз не? (Еркін электр зарядын тасмалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы д.а)
2. Ток күшін қандай прибормен өлшейді? «Амперметр»
3. Табиғатта электр зарядының қандай екі тегі бар? « +,-»
4. Дененің электрленгенін анықтайтын прибор? «Электроскоп»
5. Ток күшінің формуласы І=q/t?
6. Ток күшінің бірліктері қандай? Ампер. мА, кА
7. Кернеуді қандай прибормен өлшейді? (вольтметр)
8. Амперметр тізбекке қалай жалғанған? (тізбектеп қосылады)
9. Заттың меншікті кедергісі? (өткізгіштің материалын сипаттайтын шама)
10. Зарядтың өлшем бірлігі қандай? (Кулон)
Жаңа сабақ: «Токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы»
ІІ. Жеке жұмыс «Мәтінмен жұмыс» (10 минут)
Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте оқушыларға төмендегі сұрақтар таратылады.
Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй?
Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер?
Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата?
Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады,түсіндір?
Берілген сұрақты топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.)
ІІІ. Сергіту сәті: Логикалық сұрақтар 3-минут
1.Елеуішпен су әкелуге бола ма? 2.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ ішінде не қалады? 3.Қандай ыдысқа су құйылмайды? 4.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? 5. төрт жылда бір келетін қай күн,және қай айда?
ІV. «Есептер шығару» (10 минут)
Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ. жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап?
Берілгені:
Р=100 Вт
t= 6 сағ*30=180 сағ
А-? кВт*сағ
Шешуі :
А=Р*t
А= 100 Вт *180 сағ.=18000 Вт*сағ= 18 кВт*сағ
Жауабы: А=18 кВт*сағ
Есеп
тізбектегі ток күші 0,50 А, двигатель клеммаларындағы кернеу 12 В болса, электр тогының қуаты қанша?
2. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5А қыл сымда 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді?
Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмысжасайды?
Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?
Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?
Мұғалім бағдаршам арқылы (1 қатені жасыл, 2 қатені сары , 3 қатеден жоғарыны қызыл түспен) формативті бағалайды.
V. Ой – толғаныс 3 минут тест
1. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
VI. Кері байланыс. (3 минут) Рефлексия. Баспалдақ суреті стикер(Маған ұнады,қиын болды.) Баспалдаққа Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Үйге тапсырма
21-жаттығуды 3-4 есептерді шығару.
§ 42 оқу
VII. Бағалау:
Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебі
Тақырыбы:
Ашық сабақ 8-сынып
Өткізген: Темиргалиева М.С.
2016-2017 оқу жылы
Ой-қозғау: ыстық орындық
1. Электр тогы дегеніміз не? (Еркін электр зарядын тасмалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы д.а)
2. Ток күшін қандай прибормен өлшейді? «Амперметр»
3. Табиғатта электр зарядының қандай екі тегі бар? « +,-»
4. Дененің электрленгенін анықтайтын прибор? «Электроскоп»
5. Ток күшінің формуласы І=q/t
6. Ток күшінің бірліктері қандай? Ампер. мА, кА
7. Кернеуді қандай прибормен өлшейді? (вольтметр)
8. Амперметр тізбекке қалай жалғанған? (тізбектеп қосылады)
9. Заттың меншікті кедергісі? (өткізгіштің материалын сипаттайтын шама)
10. Зарядтың өлшем бірлігі қандай? (Кулон)
Есеп №1
1.тізбектегі ток күші 0,50 А, двигатель клеммаларындағы кернеу 12 В болса, электр тогының қуаты қанша?
2. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5А қыл сымда 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді?
Есеп №2 қосымша
1 Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмысжасайды?
Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?