Просмотр содержимого документа
«То?ты? ж?мысы мен ?уаты. Джоуль- Ленц за?ы. »
Тақырыбы: Тоқтың жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Электр тоғының жұмысы мен қуаты және Джоуль – Ленц заңының формуласымен танысу.
Дамытушылық. Оқушылардың ой – өрісін дамытуға, пікір – таластыруға, өзбетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өздіктерінен қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке, топтық жұмысқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық іздену арқылы өз бетімен білім алу.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, карточкалар, презентация,үнемдегіш электр шамы, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Пазлдармен төрт топқа бөлу. (амперметр, вольтметр, ваттметр, электр есептеуіш). Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
№
Оқушының аты-жөні
Үй тасырмасы
Мағынаны тану
Ұпай саны
Есеп
Тест
Жаңа сабақ
Есеп
1
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А)Топта отырып, 20-жаттығудың №5-6 есебін дәптерлерін сағат тілімен бағыттас бір-біріне беру арқылы тексеру.
Қызығушылығын ояту:
Ә) Балама тест. «Иә,жоқ»
1. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: Иә
2. 1 Вольт - ток күшінің өлшем бірлігі. Жоқ
3. Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. Жоқ
4. Амперметрдің схемалық белгіленуі . Иә
5. Кедергінің өлшем бірлігі 1 Ом. Иә
3.Тізбектегі қатені тап.
ІІІ. Мағынаны тану.
Топтарға тапсырма беру. Флипчартқа түсіру, топтан бір көшбасшы шығып, топпен дайындалған постерін қорғау.