Тақырып: Ток күші. Амперметр.
Мақсаты:
Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, есептеу формуласы,
Дамытушылық: Топтық жұмыстар кезінде өзгенің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу.
Көрнекі құралдар: амперметр, жалғағыш сымдар, кестелер, слайдтар, жеке карточкалар
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару, кестемен жұмыс
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІV. Жаңа сабақты бекіту (Зымыран сұрақтар арқылы).
V. Есептер шығару
VІ. Үйге тапсырма
VІІ . Қорытындылау, бағалау
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі, үй жұмысын тексеру
А) сәлемдесу
Б) түгелдеу
В) оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын сұрау
Үйге берілген тапсырма §35. Электр тогы. Ток көздері тақырыбын оқу, 5 есепті, дидактикалық материалдан берілген төмендегі есепті шығару
«Электр тогы» дегеніміз не?
Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарға не жатады?
Қандай құрылғыларды «ток көздері» деп атайды?
«Электр қозғаушы күші» деп нені атайды?
Егер бөгде күштер, 10 Кл электр мөлшерін ток көзінің бір полюсінен екіншісіне ауыстырғанда 30 Дж жұмыс жасаса, онда ток көзінің ЭҚК-і қандай болады?
5. Бер: q = 10 Кл
А = 30 Дж
т/к: ε-?
6. Бер: ε = 5 В = 5В · 20 Кл =100 Дж
q = 20 Кл
т/к: А-?
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
§ 36. ТОК КҮШІ. АМПЕРМЕТР.
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды:
Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші ампермен (А) өрнектеледі:
1 A = 1Кл / 1 с
Әлсіз және күшті токтарды өлшеу үшін ток күшінің үлестік және еселік бірліктерін қолданады:
1мА=10-3А; 1мкА=10-6А; 1кА=103А
Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды .
Амперметрдің шартты белгісі
Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбектеп қосады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Ток күші дегеніміз не, формуласы?
Ток күшін қандай әріппен белгілейміз?
Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
Ток күшінің қандай үлестік және еселік бірліктерін білесіңдер?
Ток күшін қандай құралмен өлшейді?
Амперметр тізбекке қалай қосылады?
Есеп шығару.
Мөлшері 2000 мА, 100 мА, 55 мА, 3кА болатын ток күшін ампермен өрнектеп көрсетіңдер.
Жауабы: 2000 мА = 2 А, 100 мА = 0,1 А, 55 мкА =55·10-6А, 3кА = 3000 А
5. Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?
Бер: I = 0,4 А
t = 1с
т/к: q - ?
1(Б). Ток күші 0,5 А болғанда, 20 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?
Бер: I = 0,5 A
q = 20 Кл
т/к: I-?
Сабақты қорытындылау
Ток күші |
I | | Векторлық шама |
|
|
Амперметр |
Үйге тапсырма: § 36. Ток күші. Амперметр тақырыбын оқып, төмендегі есептерді шығарып
келу, А.Ампер туралы баяндама жазып келу
Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болуы керек?
Электр шамы тізбегіндегі ток күші 0,3 А. Шам спиралының көлденең қимасы арқылы 5 мин ішінде неше электрон өтеді?