Просмотр содержимого документа
«Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы»
Павлодар облысы, Лебяже ауданы, Қазы ауылы
Мұғалім: Маметова Назым Амангельдиевна
Физика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы§9.3 Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы
Смарт мақсат:. Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы білімдерін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа , өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу және оқушыларды оз бетінше еңбектенуге,ізденуге баулу. Пән бойынша білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ Оқыту технологиясы: Деңгейлеп саралап оқыту Сабақтың көрнекілігі: Тест тапсырмалары, деңгейлік есептер, оқулық, формулалар, Слайд, интерактивті тақта. Бағалау парағы.
Қажетті құралдар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар, шам, қосқыш сымдар.
Сабақтың
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыт
модуль
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуалды ескеру. Үй тапсырмасын сұрау барысында сабақтың үш деңгейлік құрылымынан тұратындығы түсіндіріледі
Шеңберге тұрып, оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
2мин
ОБж К
Білу. Жаңа тақырыпқа ену.
Жаңа тақырыпқа ену өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады. №1 «Сен сенесіңбе?» Ия немесе жоқ. Слайдта дұрыс жауабы
Жаңа тақырыпты ашу.
Алдарыңда құралдарды атайық.... Ендеше бүгін ...
Ассоциация кезеңі
Сұрақ жауап бере отырып тақырып пен мақсатын ашады.
4мин
СТО
Түсіну. Оқулықпен жұмыс
Интербелсенді тақтада Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Постер толтыруды бекіту
2. «Аялдама» әдісі арқылы түсіндіреді. Спикер бағыттама арқылы таңдалады.
Оқулықтағы мәтінді оқиды. Топпен жұмыс жасайды. Басқа оқушыға түсіндіреді, Басқаны тыңдайды, түсінбегенін сұрайды. Спикер әр топқа барып түсіндіреді.
10мин
АКТ
Қолдану. Дәптермен тақта және оқулықпен жұмыс.
Оқушылар карточкаға жауап береді. №2 жаңа сабақ
Сабақтың үш деңгейлік құрылымы: І Оқушылық деңгей (ауызша) 1. Электр тогы дегеніміз не?
2.Электр тогының пайда болу шарттары
3. Электр тогы біздерге қалай жеткізіледі? 4. Тоқ күші дегеніміз қандай шама? 5. Ом заңы қалай тұжырымдалады? ІІ Алгоритмдік деңгей Дұрыс жауабын белгілеңіз 1. Ток күшін өлшейтін құрал: Амперметр Ия, жоқ 2. Кернеуді өлшейтін құрал: Реостат Ия, жоқ 3. Кедергіні өлшейтін құрал: Волтьтметр Ия, жоқ 4. Өткізгіш кедергісінің формуласы Ия, жоқ 5. Ом заңының өрнегі? Ия, жоқ ІІІ Шығармашылық деңгей Мұнда оқушылар формуланы қолданып қажетті айнымалы шаманы табу керек. Яғни, «Деңгейлік есептер» шығарамыз
Оқушылар тапсырмаларды орындайды
8мин
АКТ
Талдау
Оқушылар мен сендерге: «Деңгейлік есептер» беремін ....
Оқушылар топта отырып қабілетіне қарай, есеп шығарады.
10мин
Жинақтау,
Топтау
Тестік тапсырма беру
Стикер тарату
Білемін
Білдім
Білгім келеді?
Тест тапсырмасын орындайды.
Оқушылар кестені толтыру арқылы, сабақты қорытындылайды.
8 мин
СТО
Бағалау
Үй тапсырмасы: §9.3 Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. 19жаттығу (1,2). Шығармашылық тапсырма: «Электр тогы» тақырыбына интернеттен ақпарат алып келу.