kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тізбек б?лігіне арнал?ан Ом за?ы.Электр кедергісі.8- cынып.Ашык саба?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:  П?ні:физика  Сыныбы:8  Саба?ты? та?ырыбы:   Тізбек б?лігіне арнал?ан Ом за?ы.Электр кедергісі.  Ма?саты:  Білімділік:Ток к?шіні? кернеуге т?уелділігін т?сіндіре отырып, Ом за?ын  т?жырымдау, электр кедергісі  туралы т?сінік беру.  Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? ойлау,есте са?тау ?абілеттерін есеп шы?арту ар?ылы  дамыту.   Т?рбиелік ма?саты: Ом за?ын  т?рмыста, техникада, к?нделікті ?мірде ?олдана білуге  т?рбиелеу.   Саба?ты? т?рі:  Жа?а саба?   Саба?ты? ?дісі:с?ра?-жауап,топпен ж?мыс    Саба?ты? к?рнекілігі: амперметр, вольтметр, жал?а?ыш сымдар, шам,реостат, карточкалар    Саба?ты? барысы:   1. ?йымдастыру кезе?і:   2. ?й ж?мысын с?рау.   3. Жа?а білімді ?алыптастыру.   4. Жа?а білімді бекіту.   5. Саба?ты ?ортындылау.   6. ?йге тапсырма.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тізбек б?лігіне арнал?ан Ом за?ы.Электр кедергісі.8- cынып.Ашык саба?. »

Күні:

Пәні:физика

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы:   Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.Электр кедергісі.

Мақсаты:

Білімділік:Ток күшінің кернеуге тәуелділігін түсіндіре отырып, Ом заңын тұжырымдау, электр кедергісі туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін есеп шығарту арқылы дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ом заңын тұрмыста, техникада, күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топпен жұмыс

 Сабақтың көрнекілігі: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам,реостат, карточкалар
 Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Үй жұмысын сұрау.

  3. Жаңа білімді қалыптастыру.

  4. Жаңа білімді бекіту.

  5. Сабақты қортындылау.

  6. Үйге тапсырма.

  1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сынып бөлмесінің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй жұмысын сұрау:

1.Электр тогы дегеніміз не?
2.Ток күші дегеніміз не?

3.Ток күшін қандай құралмен өлшейміз,шартты белгісі, тізбекке қалай жалғанады?
4.Электр кернеуі дегеніміз не?

5. Электр кернеуінің өлшем бірлігі қандай?

6. Өткізгіштің ұщтарындағы токты өлшеуге арналған құрал қалай аталады, тізбекке қалай жалғанады?

7.Ток көзін атаңдар,шартты белгілері қандай ?

8.Электр тізбегі неше бөліктен тұрады?

9.Қыздыру шамының шартты белгісі қандай?

3.Жаңа білімді қалыптастыру.

Ой қозғау

Токтың әрекетін реттеуге бола ма?

Күнделікті тұтынатын электр шамының кеш мезгілінде бәсеңдеуі.Ал түн ортасында жарқырауы неліктен?

Ток күші неге және қалай тәуелді екенін қарасатырайық.Электр тізбегін жинап, АВ өткізгіші арқылы ток өткізейік.АмперметрАВ өткігішіндегі токты , ал вольтметрмен өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшейік.Ток көздерін ауыстырып және тәжірибені қайталағанда , тізбектегі токтың да,өткізгіштің ұштарындағы кернеудің де өзгергенін көреміз.АВ өткізгіштің ұштарындағы кернеу қанша есе артса, өткізгіштегі ток та сонша есе артады,яғни Ι~U.егер АВ өткізгіштің орынына басқаЕД өткізгішін алып, ток көздерін ауыстыра отырып, олармен дәл осы тәжірибені жасасақ, онда токтың ЕД өткізгіштің ұштарындағы кернеудің шамасына пропорционал екенін көруге болады.

Тәжірибеден алынған ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін математикалық нәтижелерді былай жазуға болады: немесе

мұндағы -пропорционалдық коэффициент.Тәжірибе өткізгіштің қасиеттеріне ғана тәуелді екенін көрсетеді.

Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 ж. Г.Ом ашты.

Георг Симон Ом (1787-1854) –көрнекті неміс физигі. Мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын,

сондай-ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ол ток күшін өлшейтін сезгіш приборды өзі жасады. Ол кернеу көзі ретінде термокараны қосып дәнекерленген екі сымды (әр түрлі металдан жасалған) пайдаланды. Дәнекерленген жапсарлардың температуралар айырмасын арттыра отырып, осы температуралар айырмасына пропор-ционал кернеуді өзгертті. Сонымен қатар, Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасының ауданына тәуелділігін тапты.






Ом заңы: тізбектің бөлігіндегі ток күші –осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

Ом заңы металдарға ғана емес, сонымен қатар өткізгіштер үшін де орындалады.Газдар үшін ток күшінің U мен R-ге тәуелділігі әлдеқайда күрделі.

Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шаманы кедергі деп атайды.

R – кедергі. ХБЖ-да кедергінің өлшем бірлігі Оммен өрнектеледі.

Кедергінің 1Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1В болғанда , бойымен 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі қабылданған.Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:

Тізбектегі ток күшін реттеуге арналған құрал-реостаттар деп аталады. Олар екіге бөлінеді:

  • Реттегіш

  • Іске қосқыш

Реостаттың шартты белгісі:

Ом заңынан U=Ι·R шамасын анықтауға болады.Бұл формуланың практикалық маңызды мәні бар. Ι·R шамасын осы тізбек бөлігіндегі кернеудің түсуі деп атайды.Тізбектің бөлігіндегі кернеу осы бөліктің кедергісіне тура пропорционал.

Күнделікті тұрмыста қолданылатын аспаптар

кедергілері

1

Электр шамы қылының қызып тұрғанда

200-400 Ом

2

Электрплитасы спиралінің кедергісі

30 Ом

3.

электр үтігі спиралінің кедергісі

50 Ом

4.

қалта шамы қылының кедергісі

12 Ом



Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Кім физиканы жақсы көреді, кім шытырман қызықты оқиғаларды ұнатады, мені ұқыпты тыңдаңыздар. Кеше мектепке құпия хат келді. Кімнен? Әзірше құпия! Онда не жазылған, міне соны оқиық:

«О, аса құрметті және ақылды жас достарым! Өте ертеде сіздердің мектептеріңе мен бағалы сусын жасырған едім. Кімде кім оны тауып алып, ең болмағанда бір тамшысын ішетін болса, сол адам сергек те жайдары, күшті де қуатты болады. Мен сіздерге осы сусынды сыйға тартамын, бірақ оны тауып алу керек. Менің конвертке салған сиқырлы қағазымдағы физикалық сұрақтарға жауап берсеңіздер, сіздерге сусынды табуға бағыт береді. Қиындықтан қорықпаңыздар, менің жас достарым! Алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында сіздерге физикадан алған білімдеріңіз көмектеседі»

Міне, балалар, бізге құпия хаттың сыры осы. Хаттағы сусынды табу үшін, қане, іске кірісейік. Екі топтан қиындықтан қорықпайтын батыл жүректілеріміз осы топтың намысын қорғауға шықсын.

1)Есептер шығару.Оқулықпен жұмыс

18-жаттығу. №1,2,4,

1. Өткізгіштен 0,40 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 Вболды.Өткізгіштің кедергісі неге тең?

Берілгені: Формула: Шешуі:

Ι=0,40А = 20 Ом

U= 8,0 В Жауабы: 20 Ом

т/к R =?

2.График бойынша (81 сурет)өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.Қандай кернеуде өткізгіштен 3 А ток өтеді?

Берілгені: Формула: Шешуі:

Ι1 =2А = 4 Ом

U1 = 8 В U=Ι·R U=3А·4Ом= 12В

Ι2 =3А Жауабы: 4Ом,12В

т/к R =?

U2 =?

4.Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом .Егер электрбұрғы 19А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

Берілгені: Формула: Шешуі:

R=20 Ом U=Ι·R U=19А ·20Ом =380 В

Ι= 19А Жауабы:380 В

т/к U=?


IV.Карточкамен жұмыс.Есептер шығару


І топ

1.Кедергісі 2 Ом , кернеуі 350 В тізбектегі ток күшін анықтаңдар.

Берілгені: Формула: Шешуі:

R=2 Ом = 175 А

U= 350 В Жауабы:175 А

т/к Ι=?

2. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А-ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең?

Берілгені: Формула: Шешуі:

Ι=0,5А = 440 Ом

U= 220 В Жауабы: 440 Ом

т/к R =?


ІІ топ

3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек ?

Берілгені: Формула: Шешуі:

R=0,25 Ом U=Ι·R U=30А ·0,25Ом =7,5 В

Ι= 30 А Жауабы:7,5 В

т/к U=?

4.Кернеуі 220В желіге жалғанған жұмыс кезіндегі кедергісі 55 Ом электрқыздырғыштың спираліндегі ток күшін есептеңдер.

Берілгені: Формула: Шешуі:

U= 220 В = 4 А

R= 55 Ом Жауабы: 4 А

т/к Ι=?



2) Семантикалық карта толтыру

Физикалық шамалар мен формулалар

мкА

кB



мА

Ом

кОм

Ток күші

+


+



+

+





Кернеу


+


+




+

+



Кедергі





+





+

+

3)Сәйкестігін тап: Практикада электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерінің сәйкестігін тап.

4)Құралдармен жұмыс.Берілген сызбанұсқаға қарап құрал- жабдықтарды жинақтау.


V

А





А










V.Бекіту. «Электр тогынның маңызы» туралы бір шумақ өлең шығарыңдар.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма:Күнделікті енді ашайық ,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі сабақтан алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық. §38,§39. 18-жаттығу №3, №7.

VІІІ. Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тізбек б?лігіне арнал?ан Ом за?ы.Электр кедергісі.8- cынып.Ашык саба?.

Автор: Ахтаева Назгуль Ануарбековна

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 157807


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства