kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Термодинамикалы? параметрлер.Температура ж?не оны ?лшеу т?сілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бізді ?орша?ан ?лемні? ?ыры мен сырыны? соншалы?ты к?п екені ?айсымыз?а болса да та?сы? емес. Бізді сан алуан денелерді? орасан зор м?лшері ?оршап т?р ж?не оларды? ?лшемдері мен пішіндеріні? сант?рлілігі та?дай ?а?тырады. Б?л денелерді физикада макроскопты? денелер немесе жай ?ана макроденелер деп атайды. Макроденелерді сипаттау ?шін термодинамикада айры?ша физикалы? шамаларды пайдаланады. Б?л шамалар термодинамикалы? параметрлер деп аталады. Термодинамикалы? параметрлер деп макроденені? к?йін сипаттайтын физикалы? шаманы айтады. О?ан ?ысым, к?лем, температура жатады. Дене бір к?йден екінші к?йге ?ткенде, оны? термодинамикалы? параметрлері ?згереді. М?ндай кезде денені? белгілі бір к?йі жайлы емес, ?тетін процесс жайлы с?з етеді. Сонымен, термодинамикалы? процесс дегеніміз – ?андай да бір термопараметрді? ?згеру ??былысы немесе ж?йені? бір к?йден екінші к?йге ?туі. Барлы? макроденелер микроденелерден т?рады. Макроденелерде ?тіп жат?ан процестерді? осы макроденені т?зетін микроденелерді? параметрлеріні? ?згерісінен туатыны аны?.
?рбір физикалы? шама белгілі бір информация береді, я?ни оны? физикалы? ма?ынасы болады. Мысалы, макроденені? массасы – денеде затты? ?андай м?лшері бар екенін, к?лем – денені? ке?істікте ?андай орын алатынын білдіреді, газ ?ысымы – газды? бірлікаудан?а ?андай к?шпен ?рекет ететінін сипаттайды.
Молекулалы? физикада, оны? ішінде термодинамикада температура деп аталатын шаманы? алатын орны зор. Жылулы? тепе – те?дік кезінде барлы? денелерді? температуралары бірдей, сонды?тан оны жылулы? тепе – те?дік к?йіні? сипаттамасы деп есептеуге болады. Денені? жылулы? тепе – те?дік к?йі кезінде температураны? барлы? н?ктелерде бірдей болуы температураны ?лшеуге пайдаланылады. Дене мен температураны ?лшейтін аспапты – термометрді тікелей жанастырса? оларды? температуралары те?еседі, я?ни жылулы? тепе – те?дік орнайды. 
Температураны ?лшеу ?шін денелерді? кейбір ?асиеттеріні? температура?а т?уелді ?згеріп отыратыны пайдаланылады. Егер осы ?згерістер мен температура арасында функционалды? т?уелділік болса, онда оларды термометрлерді жасау?а пайдаланып, денені? темепратурасын аны?тау?а болады. Денелерді? температурасын ?лшеуге пайдаланатын заттарды термометрлік денелер деп атайды. Одан ?рі термометрлік денені? температурамен бірге ?йлесімді ?згеріп отыратын белгілі бір сипаттамасын, мысалы, газды? к?лемін немесе ?ысымын алып, ?айталануы же?іл, бір?атар т?ра?ты температуралы? н?ктелерді та?айындайды. Б?л н?ктелер реперлік н?ктелер деп аталады. Реперлік н?ктелерді та?дау ар?ылы т?рліше температуралы? шкалаларды алады, сонды?тан температуралы? шкалалар ?рт?рлі. Осы к?ндері температуралы? шкалалар тобфнан практикада ?шеуі ?олданылады, олар:
1. Фаренгейт шкаласы. 1724 ж. ?лыбританияда ж?не Голландияда ж?мыс істеген неміс физигі Фаренгейт ?сын?ан. Реперлік н?ктелер: 00? – 1709 ж.ерекше суы? ?ысты? температурасы; 320? – м?зды? еру температурасы; адам денесіні? ?алыпты температурасы 980?. Б?л шкала бойынша суды? ?айнау температурасы 2120?. Фаренгейт шкаласын А?Ш – та пайдаланады.

2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жаса?ан. Реперлік н?ктелері: 00Р – м?зды? еру температурасы; 800Р – суды? ?айнау температурасы.
3. Цельсий шкаласы. 1742 ж.швед астрономы ж?не физигі Цельсий жаса?ан. Реперлік н?ктелері: 00С – м?зды? еру температурасы; 1000С – суды? ?айнау температурасы.
Т???ыш рет температуралы? шкаланы физикалы? ??былысты? негізінде жаса?ан ?алым, а?ылшын физигі Томсон Уильям ?ылыми жетістіктері ?шін лорд Кельвин атанды. Ол 1848 ж.абсолют температуралар шкаласын енгізді. Кельвин бір ?ана реперлік н?ктені, денедегі молекулаларды? ілгерілемелі ?оз?алыстары толы? то?тайтын 0 К температураны алуды ?сынды. Б?л температураны температураларды? абсолют нолі деп атайды. Б?л тоериялы? жолмен алу?а болмайтын е? т?менгі температура. Бас?а температуралар тек о? болады. Цельсий шкаласы бойынша -2730С температура?а Кельвин шкаласы бойынша 0 К с?йкес келеді. Сонды?тан абсолюттік температура Цельсий шкаласы бойынша температурамен мынадай байланыста болады: 
Т = t + 273.
Термометрлерді? негізгі т?рлерін ?арастырайы?.
1. Спирттік немесе сынапты? т?рі. Олар с?йы? к?леміні? температура?а т?уелділігіне негізделген.
2. Газды? т?рі газ ?ысымыны? температура?а т?уелділігіне негізделген.
3. Электрлік т?рі электр кедергісіні? температура?а т?уелділігіне негізделген.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Термодинамикалы? параметрлер.Температура ж?не оны ?лшеу т?сілдері»

Күні:

12.10.15




«Бекітемін»

Курсы:

І

І

І


Қармақшы аграрлы-техникалық колледж

Тобы:

190

192

191


директорының оқу- ісі жөніндегі





орынбасары: Г.Аралбаева






Сабақтың тақырыбы:

Термодинамикалық параметрлер.Температура және оны өлшеу тәсілдері

Сабақ/ оқу мақсаттары: 

Білімділігі – студенттерге термодинамика параметрлерін,температура тәсілдерін түсіндіріп түрлеңдіре түсінік беру

Тәрбиелілігі – студенттерді бір-бірін сыйлауға,ақылдылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы – адамның келешекке,ғылымға,адамзатқа пайдасы туралы көзқарастарын дамыту.




Сабаққа қажетті:

Көрнектілігі: Сөз жұмбақтар

Сабақ беру әдісі: Оқулық,плакат

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ/оқу барысы

Реттік

  Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу.

Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Механикалық қозғалыс дегеніміз?

Механикалық құбылыстардан басқа табиғатта қандай құбылыстар бар?

Больцман тұрақтысын жаз?

Диффузия дегеніміз?

Цилиндр жүйесі формуласы?




3

















































Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
























Бізді қоршаған әлемнің қыры мен сырының соншалықты көп екені қайсымызға болса да таңсық емес. Бізді сан алуан денелердің орасан зор мөлшері қоршап тұр және олардың өлшемдері мен пішіндерінің сантүрлілігі таңдай қақтырады. Бұл денелерді физикада макроскоптық денелер немесе жай ғана макроденелер деп атайды. Макроденелерді сипаттау үшін термодинамикада айрықша физикалық шамаларды пайдаланады. Бұл шамалар термодинамикалық параметрлер деп аталады. Термодинамикалық параметрлер деп макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы айтады. Оған қысым, көлем, температура жатады. Дене бір күйден екінші күйге өткенде, оның термодинамикалық параметрлері өзгереді. Мұндай кезде дененің белгілі бір күйі жайлы емес, өтетін процесс жайлы сөз етеді. Сонымен, термодинамикалық процесс дегеніміз – қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі. Барлық макроденелер микроденелерден тұрады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы макроденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық.
Әрбір физикалық шама белгілі бір информация береді, яғни оның физикалық мағынасы болады. Мысалы, макродененің массасы – денеде заттың қандай мөлшері бар екенін, көлем – дененің кеңістікте қандай орын алатынын білдіреді, газ қысымы – газдың бірлікауданға қандай күшпен әрекет ететінін сипаттайды.
Молекулалық физикада, оның ішінде термодинамикада температура деп аталатын шаманың алатын орны зор. Жылулық тепе – теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе – теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Дененің жылулық тепе – теңдік күйі кезінде температураның барлық нүктелерде бірдей болуы температураны өлшеуге пайдаланылады. Дене мен температураны өлшейтін аспапты – термометрді тікелей жанастырсақ олардың температуралары теңеседі, яғни жылулық тепе – теңдік орнайды. 
Температураны өлшеу үшін денелердің кейбір қасиеттерінің температураға тәуелді өзгеріп отыратыны пайдаланылады. Егер осы өзгерістер мен температура арасында функционалдық тәуелділік болса, онда оларды термометрлерді жасауға пайдаланып, дененің темепратурасын анықтауға болады. Денелердің температурасын өлшеуге пайдаланатын заттарды термометрлік денелер деп атайды. Одан әрі термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратын белгілі бір сипаттамасын, мысалы, газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктелерді тағайындайды. Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады, сондықтан температуралық шкалалар әртүрлі. Осы күндері температуралық шкалалар тобфнан практикада үшеуі қолданылады, олар:
1. Фаренгейт шкаласы. 1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фаренгейт ұсынған. Реперлік нүктелер: 00Ғ – 1709 ж.ерекше суық қыстың температурасы; 320Ғ – мұздың еру температурасы; адам денесінің қалыпты температурасы 980Ғ. Бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 2120Ғ. Фаренгейт шкаласын АҚШ – та пайдаланады.

2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 00Р – мұздың еру температурасы; 800Р – судың қайнау температурасы.
3. Цельсий шкаласы. 1742 ж.швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 00С – мұздың еру температурасы; 1000С – судың қайнау температурасы.
Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағылшын физигі Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Ол 1848 ж.абсолют температуралар шкаласын енгізді. Кельвин бір ғана реперлік нүктені, денедегі молекулалардың ілгерілемелі қозғалыстары толық тоқтайтын 0 К температураны алуды ұсынды. Бұл температураны температуралардың абсолют нолі деп атайды. Бұл тоериялық жолмен алуға болмайтын ең төменгі температура. Басқа температуралар тек оң болады. Цельсий шкаласы бойынша -2730С температураға Кельвин шкаласы бойынша 0 К сәйкес келеді. Сондықтан абсолюттік температура Цельсий шкаласы бойынша температурамен мынадай байланыста болады: 
Т = t + 273.
Термометрлердің негізгі түрлерін қарастырайық.
1. Спирттік немесе сынаптық түрі. Олар сұйық көлемінің температураға тәуелділігіне негізделген.
2. Газдық түрі газ қысымының температураға тәуелділігіне негізделген.
3. Электрлік түрі электр кедергісінің температураға тәуелділігіне негізделген.
4. Пирометрлер. Олар заттың оптикалық қасиеттері мен сәуле шығарғыштық қабілетінің температураға тәуелділігіне негізделген. Пирометрлердің көмегімен жоғары температураларды өлшеуге болады.
Температураны макроденелердегі молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі деп санауға болады. Жеке – дара молекулаға температура түсінігін қолдануға болмайды.

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

1.Қандай денені макроскоптық дене деп атайды?
2.Температураның физикалық мағынасы қандай?
3.Дененің температурасын қалай өлшейді?
4.Термометрлік дене дегеніміз не?
5.Мына температураларды Кельвин шкаласы арқылы өрнектеңдер: 270С; -1750С; 1000С; 00С.
6.Мына температураларды 0С-та өрнектеңдер: 4К,180К, 310К, 420К.



Есептер-шығару.
№450(Рымкевич) 
Массасы 5,4 кг алюминий құймада заттың қандай мөлшері бар?

№451
500 моль көмірқышқыл газының массасы неге тең?

№452
100 моль сынаптың көлемі неге тең?

№457
Массасы 135г алюминий зат ішіндегі атомдар санын анықтаңдар.

5

Үйге тапсырма

 §4.4 оқып келу. №454 есепті шығарып келу.

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Студенттердің білімін тексеріп бағалау



Физика пән оқытушысы: Қ.Ибрагимов


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Термодинамикалы? параметрлер.Температура ж?не оны ?лшеу т?сілдері

Автор: Ибрагимов Кайрат Багдатович

Дата: 27.01.2016

Номер свидетельства: 284068


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства