kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Термодинамикалы? параметрлер.Температура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Термодинамикалы? параметрлер ж?не температура туралы ашы? саба? ?ткіздім.Сол ашы? саба?тан сіздерге ?сынып отыр?аным.б?л саба?та негзі де?гейлі ба?дарлама бойынша жоспарладым.Жигсо стратегиясын ?олдандым.О?ушыларды диалог?а т?сіріп ?здеріні? ойын айту?а м?мкіншілік бердім.?йренгендерін ?олданып есептер шы?ара алды.Бір-бірімен пікіралмасып ойларын жеткіізе алды.Саба?ты жа?а ша жоспарлау тиімді болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Термодинамикалы? параметрлер.Температура »


Мұнайлы ауданы №2 орта мектеп физика пәні мұғалімі Отегенова А.К.

Қысқа мерзімді жоспар 10 сынып.

Тақырыбы: Термодинамикалық параметрлер.Температура және оны өлшеу тәсілдері.

Мақсаты:Термодинамикалық параметрлер: қысым ,көлем,температураны және

температураны өлшейтін термометрді,термометр шкалаларын оны өлшеу тәсілдерін молекулалардың қозғалысының температураға тәуелділігін үйрету

Күтілетін нәтиже:

Термодинамикалық параметрлер: қысым ,көлем,температура,

температура формулаларын,өлшем бірліктерін оны өлшейтін термометр шкалаларын және оны ойлап тапқан ғалымдар туралы мәліметтер алатын болады.Термометр түрлерін (спирттік немесе сынаптық,газдық,электрлік,пирометрлік) қайда қолдануға болатынын білетін болады.

Модуль: Оқытудың жаңа әдіс тәсілдері, Сто ,топтық жұмыс,диалогтық оқыту, жас ерекшелігіне қарай оқыту,бағалау.

Сабақ кезеңдері

1).Білу (5-6 мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті Сәлемдеседі, назарларын сабаққа аударады

Оқушыларды формулалар,өлшем бірліктер,анықтамалардан үзінділер жазылған қағазды таратып үй тапсырмасын тексереді және топқа бөледіБағалау парақтарын таратады

Тапсырма-№1

Үй тапсырмасына байланысты формулалар,өлшем бірліктер,анықтамалардан үзінділер жазылған парақшалар арқылы топқа бөліну және үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушының әрекеті: Сәлемдесіп, оқу құралдарын дайындайды, алған қағаздағы жазбалардың қай топ атауына жататынын анықтау мен топқа бөлінеді .

Үй тапсырмасына дайындықтарының қандай деңгейде екендігін көрсетеді

2). Түсіну(5-6 мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті Тақырыпшаларды ЖИГСО әдісімен бөліп береді. Оқушыларды бақылайды,бағыттайды

Тапсырма№2 оқулықтағы жаңа мәтінмен танысу.

Оқушының әрекеті: Мәтінмен танысады. Жаңа топта жинақталып оқыған жерлерін талдайды,бастапқы тобына келіп тақырыптың мағынасын ашу үшін қайта талдау жасайды

3). Қолдану (15 мин) Мұғалімнің іс - әрекеті А,В,С деңгейдегі есептерді береді бақылайды.Оқушыларды ынталандырады

Тапсырма№3 тақырыпқа байланысты А,В,С деңгейдегі есептерді шығару

Оқушының әрекеті. Есептерді формула қолдану арқылы шығарады, жұмысты тексеру үшін топтағы оқушылар дәптерлерін ауысып бір-бірін тексереді.

4). Талдау (4 мин) Мұғалімнің іс - әрекеті Топтарға термометр түрлерін бөліп береді,жетекші сұрақтар қою арқылы бақылайды,тыңдайды,бағыттайды.

Тапсырма№4 Постер

№1 топ-«Сынаптық немесе спирттік термометр»

№2 топ «Газдық термометр»

№3 топ: «Электрлик термометр»

№4 топ «Пирометрлік термометр»

Оқушының әрекеті. Оқушылар берілген тапсырмаға байланысты өз ойларын ашық жеткізу үшін жұмыстанады,постер жасайды,қорғайды.

5). Жинақтау(4 мин ) Мұғалімнің іс - әрекеті Қорытындылау ға байланысты сұрақтар қояды,толықтырады,тыңдайды,бағыттайды,слайд пен жұмыс жүргізеді.

Тапсырма№5 Миға шабуыл.

Термометрлер қайда қолданылады?

Қандай мақсатта қолданылады?

Жұмыс істеу принципі қандай?

Сен қолданып көрдің бе?Неге?

Қазақстанда термометрдің қандай түрі қолданылады?АҚШ та қандай түрі?

Оқушының әрекеті. Оқушылар қойылған сұраққа байланысты диалог ға түседі


6).Бағалау(4 мин) Мұғалім топ басшылардың бағалауын тыңдайды,өз пікірін қосады

Топбасшы бағалау парақтарына белгілейді және топтағы оқушыларды бағалайды


Ресурс материалдар

Анықтама : Термодинамикалық параметр деп – макродененің күйін

сипаттайтын физикалық шаманы атайды, оған қысым, көлем, тем- пература жатады.

Термодинамикалық процесс дегеніміз-қандай да бір термопараме- трлердің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.

Барлық макроденелер микроденелерден (атомдармен молекулалар- дан ) тұрады

Микроденелердің де өз сипаттамалары (микропараметрлері) бар. Оларға молекуланың (атомның ) көлемі, молекуланың (атомның) массасы, молекуланың (атомның) жылдамдығы, молекулалардың

(атомдардың) концентрациясы жатады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы мароденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық.

Физикалық шаманың белгілі информация беретінін, яғни оның физикалық мағынасы болады.

Мысалы :

макродененің массасы- денеде заттың қандай мөлшері бар екенін,

көлем-дененің кеңістікте қандай орын алатынын білдіреді, газ қысымы-газдың бірлік ауданға қандай күшпен әрекет ететінін сипаттайды.


Микроденелердің сипаттамасы

( микропараметрлер)


Белгіленуі

Көлемі

V0

Массасы

m0

Жылдамдығы

ʋ0

концентрациясы

n0



Макроденелердің сипаттамасы

( макропараметрлер)


Белгіленуі

Қысым

Р

Көлем

V

температура

Т


Температура : Жылулық тепе-теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе-теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Температурамен таби- ғаттағы барлық сұйық заттарды қарастыруға болады.

Мысалы: мұнай өнімдерінің салаларын қарастырсақ, майды қоюландырып, оның қозғалтқышын жоятын температура қыста 5 градустан 20 градусқа дейінгі температурада пайдаланылады, ал жазда 20 градусқа дейін.

Ал, дене мен температураны өлшейтін аспапты- термометр деп атайды. Оларды тікелей жанастырсақ температуралары теңеседі, яғни жылулық тепе-теңдік орнайды.



Топтастыру стратегиясы


Қайнау Жылу


Термометр Салқын

Суық


Қатаю Ыстық


Термометрлер және температуралық шкалалар.

Температураны өлшеу үшін денелердің кейбір қасиеттеріні температураға тәуелді өзгеріп отыратыны пайдаланылады.

Термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратыны белгілі бір сипаттамасын, мысалы,газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктелерді тағайындайды. (судың қайнау, қатаю нүктелері) . Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады.

Термометрді алғаш ойлап тапқан ғалымдар

1. Фаренгейт шкаласы.1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фарангейт ұсынған. Реперлік нүктелер:

00 F -1709 ж. ерекше суық қыстың температурасы 32 0 F – мұздың еру температурасы 98 0F . бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 2120 F . Фаренгейт шкаласын АҚШ-та пайдалана- ды.


Габриель Даниель Фарангейт


2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері : 00 Р –мұздың еру температурасы:800 Р-судың қайнау температурасы.


Рене Антуан Реомюр 1683 ж


3. Цельсий шкаласы. 1742ж. швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 00 С –мұздың еру температурасы; 100 0 С- судың қайнау температурасы.



Андерс Цельсий



Абсолют температуралар шкаласы. Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағыл- шын физигі 1848 жылы Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Цельсий шкаласы бойынша -237 0 С температураға 0 К сәйкеc келеді. Бұл мынадай байланыста болады. Т = t + 237

Уильям Томсонның26-июнь 1824ж туған


Термометрлердің негізге түрлері



Спирттік немесе

сынаптық Газдық Электрлік Пирометрлер




Термометрлердің қолданылуы

Термометр түрлері

Қолданылуы

1

Спирттік немесе

сынаптық

Адам дене температурасын анықтауда


2

Газдық


Сұйықтар мен газдардың температурасын өлшеуде

3

Электрлік


Автокөліктердің бөлшектерін өңдеуден өткізгенде

4

Пирометрлік


Тамақ өнімдерінің сапасын тексергенде(инфрақызыл)





11 есеп А деңгей

Берілгені:

О2

υ1 = 460 м/с

N2

υ2 - ?

Шешуі:

Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы мына өрнекпен анықталады:

v = √3RT /M; мұндағы М –газдың мольдік массасы. Оттегі молекула- ларының орташа квадраттық жылдамдығы v , болған кездегі тем- пературасына тең: Т = υ2 1 М1 / 3R. Осы температурада азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы :

υ2 = √3R υ2 1 M 1 / M2 3R = υ1 M 1/M2 = 492 м/с



14 есеп В –деңгей


Берілгені :

P = 105 П а

ρ = 1,29 кг/м3

v - ?


Шешуі: Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы анықталады: υ = √3 k T /m0 ; ьұндағы m0 – бір молекуланың массасы.

Ауаның тығыздығы ρ=m0 n болғандықтан, мұндағы n = P kT – оның

молекулалар шоғыры, онда υ =√ 3р/ρ = 482 м/с.



15 есеп С деңгей


Берілгені :

t1 = 370C

t2 = 400 C


Δυ/υ1- ?

Т1 температурада су буы молекулаларының квадраттық жылдамдығы Т1 температурада тең болады: υ1 = √3 RT / M , Т2 температурада : υ2 = √3RT2 /M . Сонымен T1 ден T2 дейін температура- ны арттырған кезде молекулалар жылдамдығының артуы:

υ 1/ υ 2 –υ 1 100% = √T 2 – √T1 /√ T1 100 % = 0,5 %

















Бағалау бетшесі Топ № 10-сынып

Топтағы оқушылардың

аты-жөні

Топқа бөлінуі

Оқулық

пен жұмыс

Топта талдауы

Есеп

шығаруы

Термометр түрлерін салыстыру және қолдану»


Қорытынды ұпай

1








2








3








4








5









1). Топқа бөлінуінде: топ атауларына ешкімнің көмегінсіз дұрыс барып отырса 2-ұпай,біреудің бағыттауы мен дұрыс өз тобында отырса 1-ұпай,егер қателесіп басқа топта отырса -0 ұпай.

2).Оқулық пен жұмыс берілген тапсырманы тиімді оқып меңгерсе,оқығанын қасындағы құрбы-құрдасына жеткізе білсе 2-ұпай,егер тек қана оқып қойса 1- ұпай,оқымай отырса 0-ұпай.

3). Топта талдауы:өз ойын толық жеткізсе 5-ұпай, жартылай жеткізсе 2-ұпай,үштен бір бөлігін жеткізе алса 1-ұпай.

4). Есеп шығару бойынша :егер С деңгейді орындаса 5 ұпай , егер В деңгейді орындаса 4 ұпай, егер А деңгейді орындаса 3 ұпай

5). «Термометр түрлерін салыстыру және қолдану»бойынша:

4 түрін өзара байланыстырса 5-ұпай, 3 түрін өзара байланыстырса 3-ұпай, 2түрін өзара байланыстырса 1-ұпай,



18-19 ұпай «5»

12-17 ұпай «4»

6-11 ұпай «3»












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Термодинамикалы? параметрлер.Температура

Автор: Отегенова Аксерга Кенжегалиевна

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166817


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства