Просмотр содержимого документа
«"Тербелістер мен тол?ындар"»
Сабақтың тақырыбы:Тербелістер мен толқындар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, пәнге деген белсенділігін,оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, табандылыққа, өзін – өзі бағалай білуге, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтын түрі: оқушылардың тарау бойынша білімдерін тексеру, бағалау.
Сабақ әдісі: жаңа технологиялық әдісті пайдалану, шығармашылыққа баулу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, тірек – сызбалар, тест тапсырмалары, деңгейлік есептер.
Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты 2 топқа бөліп орналастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 1-ші топ – «Период» тобы
2-ші топ – «Жиілік» тобы
Топтың ережесі:
Сабаққа белсенді қатысу;
Мұғалімді мұқият тыңдау;
Берілген білімді қабылдау;
Таспсырманы тиянақты орындау;
Бастаған ісін аяғына жеткізу;
Бірін-бірі сыйлай білу;
Бірін-бірі тыңдай білу:
Бір-біріне жәрдем көрсете білу.
Сабақтың барысы:
«Білімің – тірегің» екі топқа 4 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпайдан.
Физикалық диктант, әр дұрыс жауап 1 ұпайдан.
Семантикалық карта (сәйкестендіру), әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Есептер шығару, әр есеп 5 ұпай.
«Тәжірибе жүзінде» әр топқа 1 зертханалық тәжірибеден беріледі. Дұрыс жауап 5 ұпай.
«Қызықты сұрақтар», әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Қорытынды, «Венн диаграммасы» арқылы электромагниттік толқындар мен механикалық толқындардың сәйкестігі мен ерекшелігін анықтау.
Бағалау, үй тапсырмасы.
1 кезең сұрақтары:
«период» тобына
1.Тербеліс дегеніміз –
2.Математикалық маятник деп –
3.Электромагниттік тербеліс деп –
4.Өшетін тербелістер –
«жиілік» тобына
1.Механикалық толқын деп –
2.Серіппелі маятник деп –
3.Толқын ұзындығы деп –
4.тербеліс амплитудасы деп –
2 кезең физикалық диктант.
Физикалық диктантты партадағы әр оқушы өзінің қасындағы баланың жауаптарын тексереді.
Сұрақтары:
1. Толқын ұзындығы дегеніміз …
2. Тембр дегеніміз не?
3. Электромагниттік толқын дегеніміз ...
4. Радионы кім және қашан ойлап тапты?
5. Жарық жылдамдығының мәні?
6.Томсон формуласын жаз.
7. Ығысу дегенді қалай түсінесің?
8.Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның формуласын жаз.
Жауаптары:
Толқын ұзындығы – Т периодқа тең уақыт аралығында υ жылдамдықпен толқын таралатын ара қашықтық.
Тембр – адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Электромагниттік толқын деп айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы.
А.С.Попов 1988 ж.
3*108 м/с
Т=2π√L*C
Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуы ығысу деп аталады.
Е= kA²/2
3 кезең: семантикалық картабойынша сәйкестендіру.
период
жиілік
Матем.
маятник
Серіп.
маятник
Толқын ұзындығы
T=2π√L*C
V=λ*ν
T=2π√m/k
T=t/n
λ=V*T
T=2π√l/g
λ=V*T
ν=1/T
T=1/ν
4 – кезең. Есептер шығару.
Массасы 100 г жүк жиілігі 2 Гц болатын тербеліс жасайды? Серіппенің k қатаңдығын табыңдар.
2. Серіппеде тербеліп тұрған жүк, 7с ішінде 28 тербеліс жасайды. Тербелістің периодын анықта.
3. Егер тербеліс периоды 0,5с болса, маятник 20 тербелісті қанша уақытта жасайды?
4. Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5с өткен соң естейді. Мылтық даусын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстың таралу жылдамдығын 340м/с деп есептеңдер.
5 – кезең. «Тәжірибе жүзінде»
Екі топқа екі түрлі зертханалық жұмыс жасауға құрал жабдықтар беріледі.
1 топқа математикалық маятник. 2 топқа беттік толқындардың ұзындығын анықтау.
6 – кезең. «Қызықты сұрақтар.»
1. Ауасы сорып алынған ыдыстың ішінде неге сағаттың дыбысы шықпайды? Себебі ауасы жоқ жерде дыбыс таралмайды.
2. Найзағай ойнағанда біз неге бірінші найзағайды көреміз ал дыбысын кейін естиміз? Дыбыстың таралу жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығынан сан есе кіші6 бірақ екі құбылыс та бір мезетте өтеді
3. “Балық сияқты үндемейді” деген салыстырумен келісесіз бе? Неге? Жоқ, себебі балықтар да сан алуан дыбыс шығарады. Тек кит қана үндемейді. мысалы дельфин ультрадыбысты жақсы естиді.
4. Магнит тілі неге тербеледі? Магнит тілінің тербелістері көп болғанда күннен-күнге 15- 20 ауытқып тұрады. Магнит тілі үнемі тыныш тұра бермейді, аздап тербеліп тұрады. Кейбір күндері ол «толқып тұрады» кенеттен және абайсызда дір ете қалады да, бір мезет тыныштала қалады, сонан-соң жан-жаққа бұрылып тыпыршиды. Тілдің тербелісі бірнеше градусқа жетеді.Осылайша бірнеше сағатқа, кейде күннен күнге созылады. Магнитологтар ондай күндерді ұйыту немесе дауылды күндер деп атайды. Ғалымдардың пайымдауынша, магнит тілінің тынымсыз тербелісі ауа райының өзгерісін ,яғни дауылдың , катты желдің соғатынын білдіреді деген.
5. Жәндік қанатының тербелісін түсіндір. Ірі денелі қоңыздың қанаты баяу тербеліп отырады, ал ұсақ масаның қанаты жиі тербеледі. Ірі қоңыздар қанатын секундына 100-120, кішкене қара шыбын қанатын 350 рет, ал, сары масаның қанаты секундына 500-600 рет тербеледі. Қанаты үлкен қоңыздар ұшқанда қанаттың дыбысы қаттырақ естілсе, кішкентай масаның қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады.
6. Ашық космоста неліктен ешқандай дыбыс жоқ? Себебі ауасы жоқ жерде дыбыс таралмайды.
Қорытындылай келе сабағымызды бекіту үшін Венн диаграммасын пайдаланып, механикалық және электромагниттік толқындардың айырмасы мен ұқсастығын іздеу.