kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарату қораптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарату қораптары жөнінде мәлімет беру. Түрлерімен танысу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарату қораптары»

« БЕКІТЕМІН»

Аға шебер: ____________М.Ж. Нұрекешев

« » _______________ 2017ж.


ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



Өтетін күні: 14 наурыз 2017ж.

№ 58 топ

Тақырыбы: Тарату қорабында сымдарды қосу

Сабақтың мақсаты:

1. Ақпараттық: Тарату қорабы, түрлері және оларды орнату туралы мәлімет беру.

2. Коммуникативтік: Оқушылардың алған білімдерін жадына сақтау мен ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын ықыласын дамыту.

3. Проблемалық: Жұмыс жасау барысында кездесетін ақауларды жою.


Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: Кернеу тексеру құралы УНН-04 кВ, тестер, кабельдер мен сымдар, тарату қорабы, монтаждау құралдарының жиынтығы, патрон, шам, сөндіргіш, розетка.

Өтетін орны: Электрлік құрастыру шеберханасы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут

2.Кіріспе нұсқау: 40 минут

3.Ағымдағы нұсқау: 215 минут

4.Қорытынды нұсқау: 10минут


I.Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.

- Қауіпсіздік ережесімен таныстырып, журналына қол қойдыру.

- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.

- Жұмыс орынының жұмысқа дайындығын тексеру.


ІІ. Кіріспе нұсқау:

  1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, білімдерін тексеру.


Жаңа тапсырманы түсіндіру:

Тарату қорабы – бұл, ішінде сымдардың талсымдары бір-бірімен өзара байланысқан электротехникалық бұйым. Тарату қорабының көмегімен розетканы, ажыратқышты немесе шамды қорек көзіне дұрыс жалғауға болады. Ол, сонымен қатар, түйіндерді яғни жалғауларды шаңнан, ылғалдан және де бөгде заттардан қорғайды. Тарату қорабында сымдардың дұрыс жалғануы:

  1. Желінің дұрыс жұмыс жасауын

  2. Электрлік және өрт қауіпсіздігін болдырмауын қамтамасыз етеді.

Орнату типіне байланысты тарату қораптары:

  1. Ішкі (жасырын монтаждау)

  2. Сыртқы (ашық монтаждау)

Ішкі тарату қораптарын қабырғаны тесіп қондырады, жасырын монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Мұндай монтаждау жұмыстарында қораптың қақпағы қабырғамен бір деңгейде орнатылады. Алайда, мұндай монтаждау әрқашанда мүмкін емес: қабырғаның қалыңдығы немесе өңдеу мүмкіндік бермейді. Сол кезде монтаждауға сыртқы тарату қораптары орнатылады, олар қабырғаның бетіне орнатылады.

Формасына байланысты тарату қораптары дөңгелек немес төрт бұрышты болады. Кірістері әдетте төртеу, алайда одан да көп болуы мүмкін.

Тарату қораптарына орынды қалай таңдаймыз?

Электр сымдарын монтаждау кезінде тарату қораптарын еденге немесе төбеге, қабырғаға параллель не перпендикуляр орнатуға болады. Төбе мен төселетін сымның арақашықтығы 15-20 см болуы керек. Сөндіргіш немесе розетка қорек көзін алатын қорапты мүмкіндігінше олардың үстіне орналастырған жөн. Өйткені, жасырын монтаждау кезінде қорапты табу оңай болады.

ЭҚЕ (электр қондырғыларын орнату қағидалары) талабына сәйкес тексеру жүргізген жағдайда, қораптардың қақпақтары көрініп тұруы қажет.

Сымдарды тарату қораптары арқылы жалғаудың мынадай артықшылықтары бар:

  1. Эксплуатациялау кезінде ыңғайлы болуы.

  2. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  3. Өрт қауіпсіздік деңгейін азайтады.

  4. Сымдардың жинақы болуын қамтиды.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1 жұмыс.

  • Зертханалық стендте кернеудің жоқтығын тексеру;

  • Зертханалық стендке патронды, сөндіргішті, тарату қорабын орнату;

  • Тарату қорабының арнаулы саңылаулары арқылы қорек көзінен, патроннан және сөндіргіштен келетін фазалық және нөлдік сымдарды қорапқа кіргізу;

  • Сымдардың ұшынан ұзындығы 100 мм көлемінде бөлгіш қабықты қиып алу;

  • Тарату қорабына берілген сұлба бойынша сымдарды жалғау;

  • Өндірістік оқыту шеберінің рұқсатымен, техника қауіпсіздігін сақтай отырып, жұмыстың дұрыстығын тексеру;

  • Қосылыстарды бөлшектеп, жұмыс орнын жинау.



2 жұмыс.

  • Зертханалық стендте кернеудің жоқтығын тексеру;

  • Зертханалық стендке розетканы және тарату қорабын орнату;

  • Тарату қорабының арнаулы саңылаулары арқылы қорек көзінен, розеткадан келетін фазалық және нөлдік сымдарды қорапқа кіргізу;

  • Сымдардың ұшынан ұзындығы 100 мм көлемінде бөлгіш қабықты қиып алу;

  • Тарату қорабына берілген сұлба бойынша сымдарды жалғау;

  • Өндірістік оқыту шеберінің рұқсатымен, техника қауіпсіздігін сақтай отырып, жұмыстың дұрыстығын тексеру;

  • Қосылыстарды бөлшектеп, жұмыс орнын жинау.


ІV. Ағымдағы нұсқау:

  1. Оқушылардың жұмыс барысын тексеру.

  2. Қателерін түзету, жұмыс барысының дұрыс жүруін бақылау.

  3. Қауіпсіздік ережелерін орындалуын қадағалау.


V. Қорытынды нұсқау:

  1. Әр оқушының жұмысын жеке-жеке тексеру арқылы, жіберілген қателеріне тоқталу.

  2. Дұрыс орындалған жұмыстың жетістігін атап өту.

  3. Орындаған жұмыстарына сәйкес оқушыларды бақылау.




Өндірістік оқыту шебері___________А.Н. Биғалиева



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тарату қораптары

Автор: Биғалиева Алтынай Нурланқызы

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403895


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства