kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "Денелерді? ?зара ?рекеттесуі. Денені? массасы туралы" ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Денелерді? ?зара ?рекеттесуі. Денені? массасы туралы" ашы? саба? »

Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы туралы . ашық сабақ

«МИФ» апталығында өтілген ашық сабақтың жоспарын ұсынып отырмын Пәні: Физика Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: §§30.31.

Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушыларға денелердің өзара әрекеттесуі, дене массасы және оның өлшем бірліктері, дененің массасын анықтау тәсілдері туралы түсінік беру.

Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу. ә) дамытушылығы: танымдық деңгейлерін кеңейту, еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. ойлау қабілеттерін дамыту б) тәрбиелілігі: оқушыларды білімділікке,ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: электронды оқулық, слайдтар. Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран. Пәнаралық байланыс: математика, тарих, технология. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Р. Башаров. «Физика және астрономия» 7 сынып 2. Қ. Жаңабергенов «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі» 3. В. Усова «Физикадан дидактикалық материалдар» Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «ІІ тарауды қорытындылау» ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау ІҮ. Есептер шығару Ү. Бекіту ҮІ. Бағалау ҮІІ. Қорытынды. ҮІІІ. Үйге тапсырма беру І. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. ә) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру (бор, тақта, сүрткіш) б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «ІІ тарауды қорытындылау» Қойылатын сұрақтар: 1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не? 2. Материялық нүкте 3. Қозғалыс траекториясы 4. Орын ауыстыру 5. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не? 6. Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не? 7. Жылдамдық 8. Инерция 9. Кеңістік 10. Уақыт Тарауды бекітуге арналған тапсырмалар: ІІІ. Жаңа материалды баяндау. Денелердің өзара әрекеттесуімен біз үнемі кездесіп отырамыз. Табиғатта басқа денелермен әрекеттеспейтін денелер жоқ. Оған кез-келген екі дененің соқтығысуы да, сондай-ақ бір-бірімен серіппе немесе жіп арқылы байланысқан денелердің әрекеттесуін айта аламыз. Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесуі болып табылады. Өзара әрекеттесу – күрделі құбылыс. Мысалдар: Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды. Тәжірибе: Электронды оқулықтан көрсетіледі Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады: Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б. Өлшейтін құрал – таразылар. IV. Есептер шығару. 11- жаттығу. №1, №2 • Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер: теннис добы 25 г, футбол добы 400 г, автомобиль 1,45 т. • Дене 100 г, 50 г, 10 г, 1 г жүктер жиынтығымен теңестіріледі. Дененің массасы қандай? V. Бекіту. 1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не? 2. Мысалдар келтіріңдер. 3. Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата. 4. Массаны қалай анықтаймыз? VІ. Қорытындылау. VІІ. Бағалау. VІІІ.Үйге тапсырма: §§30.31. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. 11-жаттығу. №3, №4. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Та?ырыбы: "Денелерді? ?зара ?рекеттесуі. Денені? массасы туралы" ашы? саба?

Автор: Наурызбай Лиза Сайлыбай?ызы

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 170206


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства