Жас ?рпа?ты білім н?рімен сусындатар, ш?кірт ж?регіне г?л егер, бала жаныны? ба?баны аяулы ?стаздар емес пе? И?, ?ылым иесі ?алым да, ел ?ор?а?ан батыр да, тілінен бал там?ан а?ындар да, тегеуріне темір бал?ыт?ан ж?мысшы да, егін еккен дихан да, мал ба?ып терін т?ккен шопан да б?рі-б?рі ?стаздан білім ал?ан. Сонды?тан ?ла?атты ?стаздар?а б?кіл адам баласы ??рметпен бас иеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сызы?ты? ж?не б?рышты? жылдамды?. Центрге тарт?ыш ?деу.»
физика 9-сынып
Сабақ тақырыбы: Сызықтық және бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу.
Сабақ мақсаты: а) сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеуі,өзін-өзі басқаруына ықпал ету
ә) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып ой-өрістерін
дамыту
б) Оқушылардың сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар центрге
тартқыш үдеу тақырыбын игеру барысында алған білімдерін тереңдету.
Көрнекілігі: Жүйелі білім «жедел пойызының жол схемасы» тайқазан» суреті. Негізгі ұғымды бекіту.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ сайыс сабақ.
Сабақ әдісі: Саяхат сабақ топтап оқыту әдістемесі.
Сабақ барысы: 1: Ұйымдастыру
2: Үй жұмысын тексеру.
§7 сұрау.
3: Жаңа сабақ.
Механикада бұрылу бұрышын радионмен өлшеу келісілген.
Радиан- lдоғасының ұзындығы R радиусқа тең болатын φ центрлік бұрыш.
Бұрылу бұрышының уақыт өтумен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипаттайды.
Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Бұрылу бұрышы φ рпімен белгіленеді.
Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы.
ɷ=φ/t Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы
[ɷ]=1рад/1с=1 рад/с
Шеңбер бойымен толық бір айналым 2П радианды құрайды. Нүктенің толық бір айналым кезіндегі уақыт t=T болғандықтан бұрыштық жылдамдықты мына өрнектермен де анықтауға болады.
ɷ=φ/t=2π/Τ=2πν
υ=ɷR Сызықтық жылдамдық
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус боиымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтанда оны центрге тартқыш үдеу деп атайды.
ац.т. = υ2 /R
4 «Жүйелі білім» пойыздары
Балалар осы тақырып бойынша алған білімімізбен жүиелі білім пайызына мініп, сонау қасиетті Түркістан шахарына қарай саяхат жасайық. Ондағы Қожа Ахмет Иассауй кесенесіне барып Тайқазаннан өз үлесімізді алып қайтайық.
Тарихи мәдени мұраларды зерттеу игеру жөніндегі Президенттің 2003 жылғы айындағы жолдауында айтылған.Осыған байланысты үкімет мәдени мұра бағдарламасын қабылдап оған 3 млрд теңге ақша бөлді. Енді біз бүгінгі сабағымызда осы бағдарламаға сай мәдени ескерткіштерге барып өз үлесімізді қосайық.
Сыныпты А және Б топтары екі пойыз Жүйелі білім жедел пойыздары. Қай пойыз мәреге бұрын жетеді.
А пойызының контролері тексерушісі
Б пойызының контролері тексерушісі
Ал осы тексерушілердің білімін темір жол торабының бастығы мен бағалаймын.
І бекет. Қазалыдағы көне Жанкент қаласы. Бұл ертедегі үлкен мәдени орталық сипатына лайықты қала болған. Ендеше бұл көне Жанкент қаласындағы тапсырма тест түрінде болады.
ІІ бекет. Қармақшыдағы Қорқыт ата ескерткіші. Қорқыт атақты қобыздан күңіреткен күйші болған. Бұл станциядағы тапсырма есептер шешу. Бұл тапсырманы контролер – тексерушілер орындайды.
А тобына 6-жаттығу №4 есеп
В тобына 6-жаттығу №5 есеп
ІІІ бекет. Шиелідегі Оқшы ата мазары. Бұл күмбезді ескерткіштердің бірі болған. Ендеше бұл бекеттегі тапсырма формулалар сайысы. Өткен тақырыптар бойынша формулалар жазу.
ІҮ бекет. Соңғы бекет бұл «кіші Мекке» аталған Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Бұл кесенені тұрғызуға бұйрық берген Әмір Темір. Қазір көптеген адамдар онда барып, «Тайқазанды» көріп, саяхат жасайды. Ал біздер бұл жерден сабағымызды бекітіп, сұрақтарға жауап береміз.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесiндегi Әмiр Темiр заманынан қалған құнды жәдiгерлердiң бiрi – Тайқазан. Жетi түрлi асыл металдың қоспасынан жасалған қазанның салмағы 2 тонна. Кезiнде оған жұма күндерi 3 мың литр су құйылып, жұма намаздан кейiн жамағат шипалы суды iшiп тарқайтын болған. Бұл туралы белгiлi шығыстанушы М.Массонның еңбектерiнде кеңiнен баяндалады. Зерттеушiлердiң ендi бiрi: «Алып қазан атауына жалғанған «Тай» сөзi моңғол халықтарының тiлiнен аударғанда «жылқы» деген мағынаны бiлдiредi. Қазан жасау мақсатында ерiтiлген металдың қалыпқа дұрыс құйылуы үшiн дiрiл қажет болғанда, шеберлер үйiр-үйiр жылқылардың дүбiрiн пайдаланған. Қазанның «Тайқазан» аталуы сондықтан», — дейдi. Құрбандық шалу рәсiмiнде бүкiл қауымға арнап ас пiсiрiлген қазанның сыртындағы жазбалар да сырға толы. Оны археологтар бiрнеше бөлiкке бөлiп қарастырған. Мәселен, қазанның жоғарғы жағындағы бiрiншi қатарда таңбаланған Құранның Тәубе сүресi мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадисiнен оның суға арналған ыдыс екенiн аңғаруға болады. Мұнда адамдардың дiнi мен ұлтына қарамай бiр-бiрiне мейiрiмдi, жанашыр болуы керектiгi де айтылады. Екiншi қатарда, қазанды жасаған шебердiң есiмi «Құдайдың қамқорлығына үмiт артқан Әбдiл Әзиз Шарафутдин Тебризи» деп өрнектелiп басылып, парсы тiлiнде тiлектер жазылған. Үшiншi қатарда «куфи» жазу үлгiсiмен жиырма екi рет қайталанып «Байқаңдар. Бүкiл жаратылыстың иесi Алла!» делiнген. Қазанның бүйiр бөлiгiнде жүрек пiшiнiне ұқсас «құлақшалар» iлiнiп, олар қошқар мүйiздi оюлармен безендiрiлген. Композицияда орта ғасырлық бұйымдардың құйылу технологиясына тән тақырыптық, идеялық, символдық бiртұтастық бар. Өмiрiн сопылық iлiмдi таратуға арнаған Қожа Ахмет Ясауи iлiмiнен нәр алған шеберлердiң туындыларында барынша мұсылмандық дiн мен дәстүрдi насихаттауға тырысқандығы байқалады. Ұсталардың асқан шеберлiгi, қажыр-қайратымен қатар, үлкен жұмыс күшiн қажет еткен туынды 1935 жылы Санкт-Петербургтегi Эрмитажға алынады. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы тарихи отанына қайтарылған. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына — өткен ғасырда болған оқиғалар мен аңыз әпсаналардың заттай айғағы. Береке мен бiрлiктiң, молшылықтың нышаны болған қазанның ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала берерi анық.
Төрт бекеттен өткен соң «Тайқазандағы» бізді асықтырған өнегелі сөзді оқып, сол топ бүгінгі өткен сабақта жеңіске жетіп «өте жақсы» деген баға алады.