kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: §§43. 44. Электр ?ыздыр?ыш аспаптар. ?ыс?а т?йы?талу. Бал?ы са?тандыр?ыштар.Электр аспаптарымен ж?мыс істеу кезінде ?ауіпсіздік шаралары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды?  физика п?ініне  ?ызы?ушылы?ын  арттыру 

о?ушылар?а  ?ыздыру  шамыны?  ??рамдас  б?ліктері,  ?ыздыр??ыш   элементтер  ?ауіпсіздік   ережелері  туралы   т?сінік   беру.

О?ушыларды  ?з  бетімен  ой  ?орытындыларын   жасай  білуге    да?дыландыру.

жауапкершілікке,   тияна?тылы??а ,   е?бек?орлы??а   т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: §§43. 44. Электр ?ыздыр?ыш аспаптар. ?ыс?а т?йы?талу. Бал?ы са?тандыр?ыштар.Электр аспаптарымен ж?мыс істеу кезінде ?ауіпсіздік шаралары. »

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный №1 ЖОББМ

Мырзағалиева А.Т.

Физика пәні мұғалімі




Сабақ тақырыбы: §§43. 44. Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу. Балқыма

сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі

қауіпсіздік шаралары.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға қыздыру шамының құрамдас бөліктері, қыздырғыш элементтер,

қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру.

  1. Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  2. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: Постер қорғау, сұрақ-жауап, практикалық

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассеталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.

Тест тапсырмалары:

1. Янтарь сөзінің грекше баламасы

А) Эбонит В)Электрон С)Заряд Д)Үйкелу Е)Шайыр


2.Электрлену кезінде пайда болатын күш қалай аталады?

А) Үйкеліс күші В) Тартылыс күші С) Жанасу күші Д) Электр күші Е) Күш пайда болмайды


3.Электр зарядының бар екенін сезгіш құрал

А) Электроскоп В) Амперметр С) Вольтметр Д) Электромер Е) Омметр


4.Электр тогын өткізетін зат

А) Ағаш В) Резина С) Алюминий Д) Пласмасса Е) Қағаз


5.Элементер заряд нешеге тең?

А)е=1,6∙10-19 Кл В) е=0,6∙10-19 Кл С) е=1,6∙1019 Кл Д) е=16∙10-19 Кл Е) е=161019 Кл

6. Атом қандай жағдайда оң зарядталған деп аталады?

А) Протонын жоғалтса В) Электронын жоғалтса С) Протон қосып алса

Д) Электрон қосып алса Е) Ешқашан

7.Ток күші дегеніміз:

А) Бірлік уақыттағы атқарылған жұмыс В) Зарядталған бөлшектердің тартылуы

С) Зарядтардың әсері Д)Зарядтардың бөлінуі

Е)Бірлік уақыт ішінде зарядтың тасымалдануы

8.Электр кернеуінің математикалық өрнегі.

А) U= E/q В) U= A/q С) U=Aq Д) U=q/A Е) U= q/t

9.Өткізгіштен 0,40 А ток күші өткенде, Өткізгіш ұштарындағы потенциалдар айырымы 8 В болды. Өткізгіш кедергісі неге тең?

А) 40 Ом В) 32 Ом С) 20 Ом Д) 25 Ом Е) 8,0 Ом

10.Өткізгіштерді паралель жалғағанда өзгермейтін физикалық шама

А) Ток күші В) Кедергі С) Кернеу Д) Жұмыс Е) Энергия




ІІІ. Жаңа сабақ:

*Балалар өз тұрмысымызды электр тогынсыз елестету мүмкін бе?

*Көп қолданылатын тұрмыстық электр заттарын атаңдар.

*Электр тогының қандай әсерлері бар...

*Электр тогының зияны немесе қорқынышты кезеңдері бар ма, болса олардың алдын алу

жағдайларын жасау үшін нені білу керек екенін түсіну берілген тақырып бойынша өз

білімдеріңізді саралап, қағазға түсіріп ой толғаймыз. ( Постер қорғау)



Электр қыздырғыш аспаптар.

Қысқа тұйықталу.


Балқыма сақтандырғыштар.

Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі

қауіпсіздік шаралары.



Қыздырғыш аспаптарға электр кептіргіш фендер, электр үтігі т.б жатады. Қыздырғыш аспапатрда қыздырғыш элемент болады.

Қыздыру шамы:

1-вольфрам қыл

2-металл шығыс

3-шыны тірек

4-түтікше

5-металл цоколь

6-контакт.


ПӘК деп пайдалы түрленген энергияның жалпы пайдаланылған немесе шығындалған энергияға қатынасын айтады.

Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау өте қауіпті.

Жерді басып, дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалаңаш сымға тиіп кету өте

қауіпті.

Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті. Электр аспаптарын мезгіл-мезгіл білікті мамандар тексеріп отыруы тиіс.

Ток көзінен ажыратпай электр аспабын жинауға, шашуға не түзетуге болмайды.

Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.

ІІІ. Бекіту.



Есептер шығару.

Кернеуі U= 6В болатын , кедергілері R1= 1 Ом, R2= 2 Ом болатын резисторларды

тізбектей және паралель жалғанған жағдайлардағы ток күшін есептеңдер.

Айырмашылығын салыстырыңдар және түсіндіріңдер.


Практикалық тур

Өткізгіштерді паралель және тізбектей жалғау







Қатені табу

+ -


















IV. Қорытындылау.

Ғылыми деректер


*Химиялық энергияның электр энергиясына тікелей айналуы әртүрлі галваний элементтері (аккум-торлар, құрғақ элементтер, жылулық элементтер) арқылы жүзеге асады. Бұл ток көздерінің автономдығы, шағын көлемділігі сенімділігі көптеген тех-қ машиналар мен приборлар қажеттілігін қанағаттандыра алады.Мысалы, автом-р, ұшақтар мен кемелер, жер серіктері, транзисторларда аккум-рды ештеңе алмастыра алмайды.

*Ғалымдар пікірінше болашақтың энергетикалық проблемасын шешуде өте маңызды орынды, ПӘК-і 80%-ке дейін жететін жылулық элементтер алады,ал жылулық элементтерде электр энергиясы сутегі, гидразин, спирт және басқада отындардың тотығу реакциясы кезінде алынады.




V. Бағалау. Бағалау парағын даярлау


VІ. Үйге тапсырма: :§§42,43. №1. «Электр энергиясын өндіру және жеткізу» Реферат


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Мырза?алиева А.Т.

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196264


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства