Просмотр содержимого документа
«§ 16, §18(1). Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен қозғалуы.Тіреумен қозғалатын дененің салмағы.»
23 қазан 2013 жыл Сабақ жоспары: 9а,б сыныыбы Физика
Сабақтың тақырыбы:§ 16, §18(1). Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен қозғалуы.Тіреумен қозғалатын дененің салмағы.
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға денелердің ауырлық күшінің әрекетінен қозғалуын, дененің салмағы жөнінде түсінік беру.
б) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастыру.
в) табиғаттағы қоршаған орта мен болып жатқан құбылыстарға көңіл бөлуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топқа бөлу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакат, электронды оқулық
Техникалық құрал: мультимедиалық проектор, слайдтар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын қадағалау.
1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымда
2. Гравитациялық тұрақтының мәні неге тең?
3. Неліктен барлық денелер үшін өзара тартылыс байқала бермейді?
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңын қандай жағдайда қолдануға болады?
5. Гравитациялық тұрақтының өлшем бірлігі қандай?
6. Жердің жасанды серіктері қандай заңмен қозғалады?
3. Жаңа сабаққа түсінік беру.
Г.Галилей өзінің жүргізген тәжірибелері -мен барлық еркін денелер, өздерінің массаларына тәуелсіз жерге бірдей үдеумен түсетінін тағайындады.
Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдарымен бүкіләлемдік тартылыс заңы еркін түсудің, яғни денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуының негізгі ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік берді.
Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі – денелердің Жерге тартылу күші. Бұл күшті ауырлық күші деп атайды.
Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің Жерге тартылу күші.
Ауырлық күші денеге еркін түсу үдеуін тудырады. Ньютонның екінші заңына сәйкес:
формуланы ескере отырып, Жер бетінен h биіктіктегі еркін түсу үдеуінің модулі үшін:
ал Жер бетінде (h=0) болады.
(2) формуладан еркін түсу үдеуінің дененің m массасына тәуелсіздігі, ал оның шамасының дене жер бетінен көтерілген сайын азая беретіні байқалады.
Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі барлық жерде бірдей емес. Жер дәл шар пішіндес болмағандықтан және оның өз осінен айналуына байланысты, еркін түсу үдеуі Жердің географиялық ендігіне байланысты болады.
Мысалы, полюсте еркін түсу үдеуі 9,83 м/с2, экваторда 9,78 м/с2, ал 450 ендікте
9,81 м/с2.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Ауырлық күші деп қандай күшті айтады?Ол қандай шамаларға тәуелді?
Еркін түсу үдеуі қандай шамаларға тәуелді?
Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
Еркін түсу үдеуінің дене массасына тәуелді еместігін қалай дәлелдеуге болады?
Денеге әрекет ететін ауырлық күші Жер бетінен қандай қашықтықта екі есе кемиді?
Полюсте және экваторда бір денеге әрекет ететін ауырлық күшінің мәндері бірдей бола ма?