kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

§41. Резистор ж?не реостат. ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

I. Саба?ты? та?ырыбы: §41. Резистор ж?не реостат. ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау

II. Саба?ты? ма?статы:

1.                    Білімділік. ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ауды? негізгі за?дылы?тары мен ерекшеліктерін т?сіндіру.

2.                  Дамытушылы?. О?ушыларды? ой-?рісін, шы?армашылы? ж?не танымды? ?абілеттерін дамыту.

3.                    Т?рбиелік. О?ушыларды батылды??а, к?регендікке, е?бекшілдікке т?рбиелеу.

III. Саба?ты? т?рі: аралас саба?

IV. Саба?ты? ?дісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, ??рал-жабды?тармен ж?мыс.

V. К?рнекіліктер: Тірек-сызбалар, ??рал-жабды?тар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«§41. Резистор ж?не реостат. ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау»

Сыныбы: 8 «б»

Күні: 02.02.2016

I. Сабақтың тақырыбы: §41. Резистор және реостат. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

II. Сабақтың мақстаты:

  1. Білімділік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, көрегендікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.

III. Сабақтың түрі: аралас сабақ

IV. Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыс.

V. Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, құрал-жабдықтар.

VI. Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

-амандасу;

-түгендеу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

-оқушыларды үш топқа бөлу:

І топ: «Ом»

ІІ топ: «Ампер»

ІІІ топ: «Вольт»

1-тапсырма:

Топ атауы

Суреті

Атауы

Шартты белгісі

Қызметі

Өлшем бірлігі

«Ом»





«Ампер»





«Вольт»





2-тапсырма: Графикке қарап есептерді шығарыңыздар

«Ом» тобы «Ампер» тобы «Вольт» тобы

3-тапсырма: Сұлбаға қарап тізбекті құрастырыңыз

«Ом» тобы «Ампер» тобы «Вольт» тобы

3 тапсырма бойынша балаларға құрал жабдықтар беріледі осы сұлбалар арқылы олар тізбек құрайды.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Өткiзгiштер тiзбектей қосу: Барлық өткiзгiштер тiзбекке бiрiнен кейiн бiрi тiзiлiп қосылады.

Өткiзгiштер тiзбектей қосылғанда:

а) барлық өткiзгiштердегi ток күшi бiрдей

б) тiзбектегi кернеу бөлiктер кернеулерiнiң қосындысына тең

в) өткiзгiштердегi кернеу олардың кедергiлерiне

тура пропорционал

г) тiзбектей қосылған n өткiзгiштердiң толық кедергiсi бөлiктердiң кедергiлерiнiң қосындысына тең:

Өткiзгiштер параллель қосу.

Өткiзгiштер параллель қосылғанда:

а) тарамдалмаған бөлiктегi ток күшi тарамдалған бөлiктердегi ток күштерiнiң қосындысына тең

б) параллель қосылған тiзбек бөлiктерiндегi кернеулер бiрдей

в) тарамдалған тiзбектiң бөлiктерiндегi ток күштерi олардың кедергiлерiне керi пропорционал

Өткiзгiштiң кедергiсi оның материалына және геометриялық өлшемдерiне тәуелдi. Ұзындығы l және көлденең қимасының ауданы S болатын өткiзгiштiң кедергiсi мынаған тең:

мұндағы ρ -өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Меншiктi кедергiнiң сандық мәнi берiлген материaлдан жасалған ұзындығы 1 метр және көлденең қимасының ауданы 1 м2 болатын цилиндiрлiк өткiзгiштiң кедергiсiне тең.

VII. Сабақты қорыту.

1. Есептер шығаруды көрсету

1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең?

Б
ерілгені:

U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом т/к: U2-?

Шешуі:

Екі резистор тібектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.

; . формуласынан шығатыны

Жауабы: U2=12B

2-есеп. Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте көрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.

Берілгені:

R1=R2=R3=6 Ом т/к: Rж-?

Шешуі:

Бұл сызбада астыңғы екуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанаған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.

; Жауабы: Rж=9 Ом

Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

А тобы

1. Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?

(Жауабы: І=7мА.)

2. Өткізгіштің көлденең кимасы арқылы әр минут сайын 42 Кл-ға тең электр мөлшері өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер.

(Жауабы: І= 0,7 А.)

3. Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытка созылады?

(Жауабы: t=15 с.)

4. Бір миллиард электронның заряды қанша кулонға тең? е = -1,6*10-19 Кл.

(Жауабы:е = -1,6*10-10 Кл.)

5. Металл өткізгіштегі ток күші 0,8 мкА болғанда, 1 с ішінде оның қимасы арқылы өтетін электрондар санын есептеңдер.

(Жауабы:N = 5*1012.)

Б тобы

1. Алюминий және мыс сымдарының массалары мен көлденең қималарының аудандары бірдей. Осы сымдардың кедергілері үлкен? ρ А= 0,028Ом*мм2/м; ρМ = 0,017Ом*мм2/м.

2. Қолда біртекті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе артық. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі көп және неше есе?

3. Кедергісі 6 Ом реостат жасауға пайдаланылған көлденең қимасының ауданы 2 мм2 темір сымның массасын анықтаңдар. ρТ = 0,1Ом*мм2/м.

4. Ұзындығы 2 км, кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай? ρМ=0,017 Ом*мм2/м.

5. Мыс сымнан жасалған катушканың кедергісі R= 10,8 Ом мыс сымның салмағы Р = 34 Н. Катушкаға неше метр сым оралған және ол сымның dдиаметрі қандай? ρМ = 0,017Ом*мм2/м.

С тобы

1. 1-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = R3 = 3 Ом, R2 = 6 Ом, R4 = 5 Ом, R5 = 10 Ом, R6 = 30 Ом, ал жалпы кернеу UАВ = 48 В болса, тізбектегі токтың таралуын табыңдар.

2. 2-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = 6,4 Ом, R2 = 4,2 Ом, R3 = 12 Ом, R4 = 6 Ом, R5 = 3 Ом, R6 = 8 Ом, R7 = 20 Ом. Амперметрдің корсетуі 10 А болса, тізбектегі жалпы кернеуді және токтардың таралуын табыңдар.

3. 3-суреттегі тізбектің барлық кедергілері бірдей және әрқайсысы 34 Ом және тізбектің ұштарындағы жалпы кернеу 7,3 В болса, тізбектегі жалпы токты табыңдар.

4. 4-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = 1,25 Ом, R2 = 1 Ом, R3 = 3 Ом, R4 = 7 Ом және жалпы кернеуі 2,8 В болса, амперметрдің керсетуін табыңдар.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма. §41. Резистор және реостат. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
§41. Резистор ж?не реостат. ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау

Автор: Мусаева Айгерим Уалиевна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316914


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства