Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Кинематика тарихы. Еркін т?су ?айталау(11 сынып)»
Сабақтың тақырыбы: Кинематика тарихы. Еркін түсу
Сабақтың мақсаты: Кинематика тарихы. Еркін түсу арқылы оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Білімділік: Оқушылардың теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйрету, бір - бірінің білімін бағалай білуге, өзінің жетістігіне қуана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Карточкалар, дербес компьютер, мультимедиялық проектор, электронды оқулық. Сабақтың түрі: Жаңа сабағы. Сабақтың типі: Аралас Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап. Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, сыныптың сабаққа дайындығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару. ІІ. Үй жұмысын сұрау Үй жұмысын тест алу арқылы сұраймын. 1. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама қалай аталады? ж/бы: В А) Жылдамдық; В) Үдеу; С) қысым; Д) масса;
2. Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты қалай аталады? ж/бы: В А) айналу жиілігі; В) айналу периоды; С) айналу саны; Д) масса;
III. Жаңа сабақ
Механика – денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі.
Механикалық қозғалыс – уақыт өтуіне қарай кеңістікте, басқа денемен салыстырғанда, дененің орнының өзгеруі.
Механиканың негізгі мәселесі – дененің кеңістіктегі кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау.
Кинематика
Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.
Кинематиканың негізгі ұғымдары
Материялық нүкте–қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Мысалы: Бала – мектептен үйге дейін 1км немесе одан да көп қашықтықты жүріп өтсе, материялық нүкте болып есептеледі. Бала – ертеңгілік денешынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда, материялық нүкте деуге болмайды.
Қозғалыстың салыстырмалылығы - әр түрлі денеге қатысты, дене әр түрлі қозғалады (тыныштық – қозғалыстың белгілі бір жағдайы). Мысалы: жүзгіш қайық үстіндегі бақылаушыға және жағадағы бақылаушыға қатысты, әр түрлі жылдамдықпен қозғалады.Қозғалыс траекториясы –дене бойымен қозғалатын сызық.
S[м] ← Жүрілген жол – дене бойымен қозғалған траекторияның ұзындығы.
[м] ← Орын ауыстыру – қозғалыс траекториясының бастапқы
және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған кесінді (сурет).
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады. Мысалы, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, күш, импульс, т.б. Вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады. Векторларға амалдар қолдануда математика курсындағы векторларды қосу ережелері қолданылды.
Дене координаталары х0, y0 болатын М0нүктеден координаталары М (х,у) нүктеге S орын ауыстырды делік. Sх, Sу [м] ← Орын ауыстырудың Х, У осьтеріндегі проекциялары. Дененің бастапқы орнының координаталарын x0 және y0 деп, ал келесі орнының координаталарын – x және y деп белгілейміз. Суреттен x=x0+Sx, y=y0+Sy. Осыдан Sx = x- x0, Sy=y-y0.
Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі және уақыт өлшейтін прибор.
Координаталар жүйесі:
а) бірөлшемді
(соқпақ жол, трасса, т.б)
б)екі өлшемді
(су бетіндегі жүзгіш, теңіздегі кеме, т.б)
в) үшөлшемді
(ұшақ, ғаламшарлар, т.б.)
Жылдамдық - бірлік уақыт ішіндегі дененің орынауыстыруының мәнін көрсететін векторлық шама [м/с]. Жиі кездесетін жылдамдықтың өлшем бірлігі – км/сағ. 1 м/с = 3,6 км/сағ.
Лездік жылдамдық - траекторияның берілген нүктесіндегі, берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы [м/с], вектор.
Орташа жылдамдық- барлық жүрген жолдың барлық уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама
[м/с], скаляр.
ІV. Сабақты бекіту.
1. Шексіз ұзын соленоидтың магнит индукция неге тең?
V. Сабақты қорытындылау: Оқушылардьщ білім-білік дағдыснын калып-тасуын бақьшау.