С?йы??а т?сірілген ?ысымны? іргелі за?ы негізінде гидравликалы? машиналарды? т?рлерін, ж?мыс істеу принцпін, т?сіндіру, формуласын, за?ын т?жырымдау, практикалы? біліктіліктерін да?дыларын ?алыптастыру, тере? де тияна?ты білім беру.
2. Дамушылы? міндеті:
Жа?а та?ырып бойынша ал?ан білімдерін ?олданып, ?з ойын сауатты ?орытындылай білуге, ж?йелі т?рде ойлау?а, ізденуге ба?ыттау, білімге деген ??штарлы?тарын дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
Просмотр содержимого документа
«Саба? та?ырыбы: Гидравликалы? пресс.»
Сабақ жоспары
Пәні: Физика
Сыныбы: 7- сыныптар
Сабақ тақырыбы: Гидравликалық пресс.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:
Сұйыққа түсірілген қысымның іргелі заңы негізінде гидравликалық машиналардың түрлерін, жұмыс істеу принцпін, түсіндіру, формуласын, заңын тұжырымдау, практикалық біліктіліктерін дағдыларын қалыптастыру, терең де тиянақты білім беру.
2. Дамушылық міндеті:
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын сауатты қорытындылай білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлықтарын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін – өзі бағалай білуге тәрбиелеу, ойлау қабілетін күшейту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту (аралас сабақ)
Сабақтың өту әдісі: түсіндірмелі дәлелдеу,сұрақ-жауап, білімді жинақтау, жүйелеу, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парақтары, деңгейлік тест тапсырмалары, тірек-сызбалары, сабақтың слайдтық жазбасы үй тапсырмасын тексеру плакаты (топтастыру стратегиясы бойынша )
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Қатты дене қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?
Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?
Паскаль заңы қалай айтылады?
Паскаль заңын қатты денелерге қолдануға болады?
Автомашинаға ауыр жүк тиегенде қысым қалай қарай беріледі?
Сөзжұмбақ
г
и
д
р
а
в
л
и
к
а
л
ы
қ
о
р
ы
н
а
у
ы
с
т
ы
р
у
п
а
с
к
а
л
ь
қ
ы
с
ы
м
м
ы
ң
1. Бүгін қандай тақырып өттік.
2. Күштен қанша есе ұтсақ, неден сонша есе ұтыламыз.
3. Гидравликалық машинаның жұмыс істеу принципі негізделген заң.
4. бұл ненің формуласы?
5. 1 кПада неше паскаль бар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Бұлар гидравликалық машиналар ( грекше гидор – су, аулос – түтік ) деп аталады. Мысалы: автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір – бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады.
ІV. Бекіту.
Сәйкесін табу.
1.
a) грекше гидор – су, аулос – түтік
2.
1гПа
b) үлкен поршеньнің ауданы кішісінен қанша есе үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе күш әрекет етеді.
3.
гидравликалық машиналар
c) Қысым
4.
d) күштен біз қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.
5.
e) 100Па
V. Жаңа сабақты меңгерту жұмыстары. 21-жаттығу
1. Гидравликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 4 см-ге тең, ал үлкендікі - 50 см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?
Берілгені: Шешуі:
, S=,
Жауабы:
VI. Қорытындылау.
VІI. Бағалау.
VІІI. Үйге тапсырма: Сабақты оқып келу. 21-жаттығу №2, №3.