Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру (2 минут) Сәлемдесу Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу Түгелдеу 1.2. Топқа бөлу (траектория, жол, орын ауыстыру сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді) ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут) Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс жайлы не білеміз? Теңайнымалы қозғалыс және оның теңдеуі жайлы не білеміз? ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут) Еркін түсудің мәні неде? Кез-келген дене еркін түсе алады ма? Көкжиекті бұрыш жасай лақтырылған денелердің теңдеулерін түсіндір? ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут) Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Бақылаушының бағалау парағы № | Бағалау өлшемдері | Көш басшы | Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы | 1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | | | | | 2 | Міндетін атқару | | | | | 3 | Топтық жұмысқа атсалысуы | | | | | | | | | | | Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау. Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут) (Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) Берілген формулаларды түсіндіреді 2) 3) Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру V. сергіту сәті (3 минут) (видео) VІ. Жеке жұмыс (10 минут) Еркін түсу деп------------- Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау. ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут) |