Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру (2 минут) Сәлемдесу Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу Түгелдеу 1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді) ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут) Тербелмелі контур дегеніміз не? Идеал тербелмелі контурды қалай түсінесің? Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістерді сипаттап бер? ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут) Еркін тербелістер дегенді қалай түсінесіңдер? Гормоникалық тербелістер жайлы не білеміз? Тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі жайлы не білеміз? ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут) Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Бақылаушының бағалау парағы № | Бағалау өлшемдері | Көш басшы | Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы | 1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | | | | | 2 | Міндетін атқару | | | | | 3 | Топтық жұмысқа атсалысуы | | | | | Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау. Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут) № | Физикалық шамалар | Белгіленуі | формуласы | Өлшем бірлігі | 1 | Период | | | | 2 | Жиілік | | | | 3 | Амплитуда | | | | Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру V. сергіту сәті (3 минут) (видео) VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (10 минут) Индуктивтілігі 0,1 Гн катушка мен сыйымдылығы 2 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың меншікті тербелісінің периодын табыңдар? Индуктивтілігі 0,04 Гн болатын тербелмелі контурдың ерікті тербелістерінің жиілігі 800 Гц. Осы контур конденсаторының сыйымдылығы қандай? Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау. ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут) |