kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка внеклассного занятия на тему: «ЭКСПО 2017 - Қазақстанның болашағы» (8 класс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету. Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Түрі: зерттеу жұмысы ретінде
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.
Барысы:

  1. Кіріспе сөз.
  2. Оқушылардың зерттеу жұмыстары.
  3. Қазақстан  EXPO-1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше ел болып табылады.
  4. Астананың өтініш беруі.
  5. Қорытындылау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного занятия на тему: «ЭКСПО 2017 - Қазақстанның болашағы» (8 класс)»

№275 орта мектеп















ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«ЭКСПО 2017 - Қазақстанның болашағы»










8 "Б" сынып жетекшісі

Агибаева Айгүл

12.12.2016 жыл





















Байқоңыр қаласы

Бекітілді_________ 12.12.2016 жыл. 8 «Б» сынып. 2013 кабинет. 6 сабақ.


Тақырыбы: ЭКСПО 2017 - Қазақстанның болашағы

Мақсаты: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету. Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Түрі: зерттеу жұмысы ретінде
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.
Барысы:

  1. Кіріспе сөз.

  2. Оқушылардың зерттеу жұмыстары.

  3. Қазақстан EXPO-1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше ел болып табылады.

  4. Астананың өтініш беруі.

  5. Қорытындылау.


1.Кіріспе сөз. «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды.

2.Оқушылардың зерттеу жұмыстарына берейік.

Оқушы: Алғашқы Халықаралық көрмелердің тарихы лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.

Оқушы: Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды:

Лондондағы Хрусталь сарайы;Париждегі Эйфелева башня;Париждегі Александр III көпірі;Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон;Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді. Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер.Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала —жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді.
Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс.Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен. 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады.Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды.

3. Қазақстан EXPO-1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.

Оқушы: Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
• Келушілердің саны: 370 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Оқушы: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;
• Келушілердің саны: 361 500 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
• Келушілердің саны: 446 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
• Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі»
Оқушы: "Халықаралық Көрме Бюросы" ұйымы
Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).
Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар.
Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.
EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі:
Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы – шектелмеген; тақырыбы – барлық қатысушыларға ортақ.
Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған), ұйымдастыру жиілігі – екі Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы – ең көбі 25 га; тақырыбы – мамандырылған.
4. Астананың өтініш беруі
Оқушы: 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.Сөйтіп 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.

5. Қорытындылау: Қазақстан күннен күнге дамып жатқан мемлекет. Заманауи технологияларды тиімді пайдаланып келеді. Біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді. Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка внеклассного занятия на тему: «ЭКСПО 2017 - Қазақстанның болашағы» (8 класс)

Автор: Агибаева Айгуль Абдиалимовна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377413


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства