kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Радиоактивті с?улелер ж?не одан ?ор?ану жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ма?саты:радиоактивті с?улелерді? ?сері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Радиоактивті с?улелер ж?не одан ?ор?ану жолдары»

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Батурин ЖОББМ Физика пәнінің мұғалімі Сариева Мадина Жауынбаевна



Тақырыбы: Радиоактивті сәулелер және одан қорғану жолдары.

Сабақ мақсаттары: 
Білімділік: радиоактивті сәулелер,олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері және олардан қорғану жолдары. ғылыми тұрғыдан талқылау.
Дамытушылық: радиоактивті процесстердің әсерлерін ғылыми тұрғыдан талқылау.
Тәрбиелік: айналадағы ортаны қорғау-адамның өмір сүруіне жағдай туғызуға бағытталған экономикалық, саяси әлеуметтік және рухани сипаттағы шараларды қолдануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, /слайдтар/ кеспе материалдар,
Қазақстанның саяси картасы, «Қазақстанның полигоннан шеккен зардабынын көрсеткіштері» - таблица, суреттер,газтұмылдырық.қорғаныс костюмдері.

Пән аралық байланыс: география, тарих, химия – биология.
Сабақ өткізілу жоспары : 
1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты сабаққа психологиялық дайындық .

Күлім қағып қолымды, Маңдайыннан сипайын.

«Бір, екі, үш» деп соғайын. Жылы-жылы сөзбенен

Қарап тұрған көршіме, Жүрегімді сыйлайын.

Қолымды мен бұлғайын. Ыстық алақаныммен

Жылы-жылы жүзбенен, Қолыңды бер, қысайын.
ІІ. Өткен материалдарды қайталау.

а) Теориялық сұрақтар/слайд/

б) Тест жұмысы «Атом ядросы. Ядролық энергия»

1.Ядролық күш деп нені айтамыз?

а) ауырлық күш

в) атомдардағы ядроны берік ұстап тұратын күш

с)ядродағы нуклондарды берік байланыста ұстайтын күш.

д) жерге тартылу күші

2. Ядролық физикадағы ұзындық бірлігі қалай аталады?

а) нанометр в) фемтометр

с)километр д) метр

3.Ядроның байланыс энергиясының формуласын көрсет

а) Е=∆m с2 в) Е=Е21

с) Е=Е21 д) Е=√∆m с

4.Ауыр ядролардық энергияларын қандай жолмен алуға болады?

а) қосу в) айыру

с) көбейту д) бөлу

5.Ядроның өз бетімен түрленіп ,альфа,бетта және басқа да бөлшектер мен сәулелерді шығаруларын олардың ... деп аталады.

а) сәулеленуі в) радиоактивті ыдырауы

с) бөлінуі д) сәуле шығаруы

6.Жылдам нейтрондардың кинетикалық энергиясын азайтып, жылдамдықтарын кеміте алатын материалдарды калай атайды?

а) тежегіштер в) азайтқыштар

с) кеміткіштер д) қосқыштар

7. Тізбекті бөліну реакциясына қажетті ядролық материалдың ең аз массасы қалай аталады?

а) кішкентай масса в) аз масса

с) min масса д) сындық

8. Термоядролық плазманы ұстап тұрудың бір тәсілін ұсынған кімдер?

а) Резерфорд , Ломоносов в) Сахаров, Тамм

с) Тамм , Ломоносов д) Резерфорд , Сахаров,

9. Жасанды жолмен алынатын радиоактивті изотоптар қалай аталады?

а) радиоизотоптар в) жасанды изотоптар

с) активті изотоптар д) изорадиоактивті

10. Радиоактивті изотоптардың атомдарын қалай атайды?

а) радиоактивті атомдар в) таңбалы атомдар

с) изоатомдар д) изотоп атомдар



ІІІ.. Жаңа сабақ. /Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру./

  • Сынып оқушыларын Тренинг «Сақинашалар» бойынша топқа бөлу.

Оқушылар сақинаша құрады. Жүргізуші неше рет қол шапалақтаса, сонша

қатысушы сақина түзуі тиіс. Соңғы шапалақтаған рет бойынша топ құрайды.

  • Топтық жұмыс «Мәтінмен танысыңыздар» (10 минут)

Тапсырма:

І топ. Радиоактивті сәулелер және олардың қоршаған ортаға әсері
ІІ топ. Радиациялық ластану,олардан қорғану жолдары.


  • Топтық жұмыс  «Жоба қорғау» (8 минут)

І топ. Радиоактивті сәулелер және олардың қоршаған ортаға әсері
ІІ топ. Радиациялық ластану,олардан қорғану жолдары.


ІV.Бағалау. Әр топ постерлерін тақтаға шығып қорғайды, бір –бірін критерийлері бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Тақырыбы

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

1 . Мазмұныдылығы

Шала, нақты емес

Жартысы

Толық




2.Әдемілігі

Бір түсті түс

Түстері аралас, нақты мазмұнды

Суреті бар, нақты




3.Көлемі


2/4 бөлімі

¾ бөлімі

Түгел көлемін алған






Сергіту сәті: Видео «Полигон»

V. Графикалық диктант. «Ия, жоқ» (5 минут)



1. Радиоактивті сәулелер альфа, бета, гамма болып бөлінеді «Ия, жоқ»

2. Радиация деңгейін өлшейтін құрал амперметр деп аталады «Ия, жоқ»

3. Радиактивті изотоптар жасанды және табиғи болып екіге бөлінеді. «Ия, жоқ»

4. Гамма сәулелердің өтімділік қабілеті төмен «Ия, жоқ»

5. Күн радиациясынан қорғану қажет емес «Ия, жоқ»

6. Радиоактивті сәулелердің өтімділік қасиеті бірдей болады «Ия, жоқ»

7. Жұтылған дозаның өлшем бірлігі грей (Гр) «Ия, жоқ»

 8. Адам өміріне 3-10 Гр аса қауіпті емес. «Ия, жоқ»

9. Қазақстанда ең көп ядролық сынақ Семей полигонында жасалды. «Ия, жоқ»

10. Яролық күштер зарядтарға тәуелді «Ия, жоқ»



VІ. Рефлексия

Халықты радиациядан қорғау және басқа елдердің радиоактивті қалдықтарын Қазақстанда көмуге сендердің көзқарастарың қандай? /пікір алмасу/

VІІ. Оқушылар өзін-өзі бағалайды «Көңіл күй»

Оқушыларға өздерінің көңіл күйлерін 5 баллдық жүйе бойынша бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 4 балл деп бағалаймын, себебі өз оймды толық жеткізе алмадым. т.б.



VІІІ. Қорытынды: Қазіргі кезеңде ең басты мәселе – радиактивті ластанудан қорғану проблемасы. Бұл проблеманың өзіне тән ерекшеліктері бар және олар табиғатты қорғаудың жекелеген басқа міндеттерінен мүлдем өзгеше.Біріншіден, радиактивті ластану жер қабатының барлық сфераларына және оның барлық компоненттеріне тікелей әсер етеді. Мұның өзі радиактивтік фонның қалындауына қарсы күресті қиындатып, күрделендіре түседі. Екіншіден, антропогендік радиацияның биосфераға ықпалының деңгейі шұғыл қарқынмен өсіп келеді.Осы аталғандардың барлығы радиактивті ластанудан қорғау жөніндегі арнаулы шаралар қолдануға ықпал етеді. Радиактивтілік - адамзат баласының өміріндегі ең маңызды жаңалығы болып табылады. Ал радиактивтілік ғылымдағы маңызы қаншалықты болса, оның адам баласының ағзасына, материяға, жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне келтіретін зияны да мол екенін естен шығармауымыз керек. Радиациялық ластану жер жүзіндегі адамзатты толғандыратын өзекті мәселесінің бірі болып келеді. Сол себептен тұрғындарды қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар ластану дәрежесін есепке ала отырып, барлық жерде қамти отырып жүргізілуі қажет.


ІХ. Үйге тапсырма: § 63оқу. Эссе жазу.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Радиоактивті с?улелер ж?не одан ?ор?ану жолдары

Автор: Сариева Мадина Жауынбаевна

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329599


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства