Просмотр содержимого документа
«Радиоактивті с?улелерді? пайда болу таби?аты. »
Жанкелдин атындағы орта мектебі ММ
Өткізген: физика пәнінің мұғалімі
Молбаева А.К.
Сарға – 2015 ж
Күні: 23.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы:Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты. Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту Білімділік: Радиоактивті сәуле шығарудың табиғаты туралы ядролар ыдырағанда сақталатын заңдылықтар туралы түсінік беру.өткен материалды дұрыс және еркін меңгере білуін,атом энергиясының кәзіргі қоғам өміріндегі және адамзатқа тигізетін пайдасы мен зияны туралы мәлімет беру. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін,өз бетімен жұмыстануын дамыту,әр оқушының білімдік,ұжымдық қабілетін ояту,танымдық белсенділігін арттыру,жалпы формуланы есеп шығаруға қолдай білу арқылы есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік:Өмірмен байланыстыра отырып,өз-өзін бағалауға,шындықты айтуға ,тез ойлауға,адамгершілікке,жоғары саналыққа,үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету,өз еліне туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. 1. Сабақтың түрі: онлайн бағдарламасы,жаңаэлектрондық оқу бағдарламасы. 2. Сабақтың әдісі мен тәсілдері: топпен, ұжымдық, баяндау, сұрақ – жауап. 3. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, химиялық элементтердің периодтық кестесі, бағалау парақшасы. 4. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі II.Үй тапсырмасын тексеру III.Жаңа сабақ IV.Бекіту V.Үйге тапсырма І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім біледі?» (сұрақтарға жауап беру) 1. Ядролық күштер 2. Ядролық күштердің қасиеттері қандай? 3. Ядролық физикада ХАБ жүйесімен қоса қандай арнайы бірліктер қолданылады. 4. Массасы m бөлшектің оның тыныштық күйдегі энергия арасындағы байланыс формуласы. 5. Егер жүйе массасының өзгерісін 1 м.а.б деп алсақ, онда ішкі энергия қандай шамаға өзгереді. 6. Масса ақауы дегеніміз не? 7. Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз не? 8. Массалық сан дегеніміз не? 9. Меншікті байланыс энергиясы дегеніміз не?
«Дұрыс жауабын табыңыз» (тест тапсырмалар)
1. Атом неден құралған?
А. Оң зарядты протондар мен теріс зарядты электрондардан.
В. Тек протондар мен электрондардан.
С. Электрондар, позитрондар мен нейтрондардан.
Д. Нуклондар мен электрондардан.
2.Нуклондарды ядроға біріктіріп тұрған қандай күш?
А. Гравитациялық.
В. Протондар мен электрондардың тартылыс күші.
С. Ішкі ядролық.
Д. Кулондық.
3. Атом ядросының байланыс энергиясы қандай шамаға тәуелді ?
А. Протондар мен нейтрондардың бір-біріне тартылу энергиясының шамасына.
В. Электрондардың кинетикалық энергиясына.
С. Массалар ақауына.
Д. Тек ядроның массасына.
4. 9 Ғ 19 ядроның байланыс энергиясының формуласын көрсетіңіз.
А. с2 * М В. с2 * ( 9 mp + 10 mn - Мя)
С. с(m+2n) Д. с2*(9m+10m-Mя)/19
5. Нуклондар бола алатын бөлшектер жұбы
А. электрон және позитрон. В. протон және нейтрон.
С. протон және электрон. Д. протон және нейтрино.
6. Атом массасының атом ядросының массасына қатынасы қаншаға тең
А. 1 В. 4000 С. 2000 Д. 1/ 2000
Тесттің жауабы:
1
2
3
4
5
6
Д
С
С
В
В
А
III. Жаңа сабақ
А) Мұғалімнің сөзі:
⍺ - ыдырау формуласы.
Мұндағы Х – ыдырайтын ядро; А – массалық сан (нуклондар саны); Z – ыдырайтын элементтің зарядтық саны (периодтық кестедегі реттік нөмірі); ₂⁴Не – туынды гелий ядросы (⍺ - бөлшегі); Ү – туынды ядро.
⍺ - ыдырау реакциясы.
Ядролар ыдырағанда мына екі заң үнемі сақталады: 1) ыдырайтын ядроның зарядтық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің зарядтық сандарының қосындысына тең (зарядтық санның сақталу заңы); 2) ыдырайтын ядроның массалық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің массалық сандарының қосындысына тең (массалық санның сақталу заңы)
β -ыдырау формуласы
β –ыдырау реакциясы.
γ - ыдырау формуласы.
γ – ыдырау реакциясы.
Сергіту Семантикалық карта
Кітаппен жұмыс жасау Мына ядролық реакциялардағы белгісіз бөлшектерді анықтаңдар:
Мына ядролық реакциялардағы белгісіз бөлшектерді анықтаңдар. Олар қандай ыдырауға жатады:
Сабақты корытындылау
Үйге тапсырма:
§58. Уран изотопының ⍺-ыдырау кезінде қандай ядро пайда болады? Бағалау. Өз-өзіңді тексер! Зейін қойып тыңдағаныңызға рахмет!