Сыныбы: | 11 – сынып |
Күні: | 7.02 |
Сабақтың тақырыбы: | Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану |
Мақсаты: | Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғанудың алдын алуды үйрену |
Күтілетін нәтиже: | А.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасып,тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінді. В. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алды. С.Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады. |
Керекті жабдықтар: | Оқулық, ресурстар, интерактивті құрал – жабдық , деректі фильм |
Әдіс - тәсілдер: | Баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, пікірталас, ой-толғау, «Он сұрақ», «Стоп кадр», жеке, топтық |
Сабақ барысы |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 3 мин. 7-мин | А)Оқушылармен сәлемдеседі.Көңіл-күйлерін сұрайды.Сыныпты түгендейді. Ә)Психологиялық дайындық жасайды. Б)Мақсатпен таныстыру.Топқа бөледі. «Он сұрақ» әдісі Ядролық реакторлардың негізгі бөліктері қандай? Жылулық нейтронды реакторда не үшін нейтрондарды баяулатқыш қолданылады? Тізбекті реакция қалай басқарылады? Реактордағы уранның сындық массасын азайтуға болады ма? Көбейткіш реакторлар деп қандай реакторларды айтады? Ядролық энергия электр энергиясына қалай түрленеді? Термоядролық синтез дегеніміз не? Реакциядағы энергетикалық шығу қай жағдайда артық болады: ядролардың бөлінуінде ме әлде синтезінде ме? Неліктен жұлдыздарда термоядролық реакция өздігінен жүре алмайды? Термоядролық энергетиканың неліктен болашағы зор? | Оқушылар топқа бөлінеді.Көңіл күйлерін сабаққа аударады. Мақсатпен танысады. |
Тұсаукесер 5-мин. | Қызығушылығын ояту. «Стоп кадр» әдісімен: Семей полигоны туралы деректі фильм көру. | Оқушылар мұғалімнің көрсетіліміне назар аударады. Ойланып жауап береді. Өз ойларын еркін айтуға талпынады.Сыни тұрғыдан ойланады. |
Негізгі бөлім 15-мин. | Жаңа сабақ материалы оқулықпен , қосымша ресурстар, оқушыларға үлестіреді. «Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану» тақырыбында тапсырма бөліп беріледі. « Зерттеушілік әңгіме» әдісі арқылы | Оқушылар жеке оқиды, топта талқылайды. БББ кестесін толтырады |
Қорытынды 10-мин. | Бейнефильмнен қандай әсер алдыңдар? Қандай қателіктер жіберілді? Семей полигонынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсету керек? Экологиялық проблемалар, алдын алу шаралары. ІІІ. Ой –толғау.(оқушылардың ойлары) Оқушылардың жауаптары: Ержан: Бейнефильм маған қатты әсер етті. Семей полигонының әкелетін қайғы-қасіретінің орны шексіз. Семей мекенінде тұратын адамдарға көп көмек керек екендігіне көзім жетті. Болашақта полигонның зардабын шеккен адамдар жазылып кетсін, көрген қиындықтары азайсын дегім келеді. Айман: Зардап шеккен адамдарға тек медициналық, қарждылай ғана емес психологиялық көмек беру қажет деп ойлаймын. Бейнефильмдегі апа айтып кеткендей көмек көрсетілмейді деген сөзі мені қатты қынжылтады. Нұрлыхан: Полигонның үні мәңгі өшсін дегім келеді. Әрбір адам өзі тұратын жердің табиғатын аялап, таза ұстай білсе, қосқан үлесің осы болады. | Оқушылар дәптерлеріне өз ойларын жазады, содан соң бірін-бірі тыңдайды. Ойларын толықтырады. Оқушылар үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады. |
Сабақтың талдау | Қорытынды: Әрине бұл тақырып ауқымды. Мұны бір 45 минутта айтып, талдау мүмкін емес. Дегенмен сабақ барысында оқушылар өз ойларын ашық айтып, көкейлеріндегі мәселелермен бөлісті. Сабақ жақсы өтті деп ойлаймын | |
Сабақ бойынша өзгертулер |
| |