kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Практикалы? ж?мыс №3 «Ток к?ші мен кернеуді есептеу»

Нажмите, чтобы узнать подробности

??зыреттілікке жеткізетін саба?ты? ма?сат-міндеттері:

А) а?паратты?

?) коммуникативтік

Б) проблеманы шешу

А) О?ушыларды?  ток к?ші мен кернеу та?ырыптарына ал?ан білімдерін, іскерліктерін, да?дыларын ж?йеге келтіре отырып, оларды дамыту, тере?дету.Осы та?ырып?а с?йкес сапалы? ж?не санды? есептерді шы?ара білу біліктерін арттыру.    

?) О?ушыларды? игерген фактілерін аны?тау?а арнал?ан  т?сініктерін пайдалана  отырып, ауызша-жазбаша ?арым-?атынас жасау ?абілеттерін ?алыптастыру, ал?ан білімдеріні? тере?дігі мен беріктігін тексеру. О?ушыларды? логикалы? ж?не  физикалы? ойлауын жетілдіру, математикалы? амалдар мен т?рлендірулерді орындау?а жатты?тыру.

Б) О?ушыларды? физикалы? ??ымдарды, практикалы? іскерліктері мен да?дыларын, шы?армашылы? ?абілеттерін  ?алыптастыру. Саба?та проблемалы? жа?даяттар ?ойып,оны шешуге к?мектесу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Практикалы? ж?мыс №3 «Ток к?ші мен кернеуді есептеу»»


Пәні:

Физика

Тобы:

8 «б» сынып

Уақыты:

19.01.16ж

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс №3 « Ток күші мен кернеуді есептеу »

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық

Ә) коммуникативтік

Б) проблеманы шешу


А) Оқушылардың ток күші мен кернеу тақырыптарына алған білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жүйеге келтіре отырып, оларды дамыту, тереңдету.Осы тақырыпқа сәйкес сапалық және сандық есептерді шығара білу біліктерін арттыру.

Ә) Оқушылардың игерген фактілерін анықтауға арналған түсініктерін пайдалана отырып, ауызша-жазбаша қарым-қатынас жасау қабілеттерін қалыптастыру, алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексеру. Оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын жетілдіру, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтыру.

Б) Оқушылардың физикалық ұғымдарды, практикалық іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сабақта проблемалық жағдаяттар қойып,оны шешуге көмектесу.

Сабақтың типі:

Білімді қорытындылау мен жүйелеу сабағы

Сабақта қолданылатын технологиялар:

АКТ, сыни тұрғыда ойлауды дамыту элементтері, дамыта оқыту, проблемалық оқыту.

Сабақтың әдісі:

Есептер шығару, өз бетімен тапсырмалар орындау,зерттеушілік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс:

Математика,

Оқыту құралдары:

Интерактивті тақта, формулалар жинағы, электронды оқулық,


Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі


-амандасу,сынып тазалығына назар аудару;

-түгендеу,

-оқу құралдарының дайындығын тексеру

-сабақтың мақсатын жариялау;

-амандасу,

-кезекшілік қызметтерін атқару,

-оқу құралдарын дайындау

Сабаққа даярлықтарын ұйымдастырып, оқушылардың зейінін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру








1- тапсырма: Сәйкестікті табу

Физикалық шама атауы

Көрсету

Өлшем бірлігі

1

Потенциал


Н/Кл

2

Заряд

В

3

Кернеу

Дж

4

ток күші

В

5

Кернеулік

Кл

6

Жұмыс

А

7

ЭҚК

Ф

8

Сыйымдылық

В

2-тапсырма: Кестені толтыру

Атауы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

Шартты белгісі

Өлшейтін құрал

Құралды… жалғайды

Ток күші

I

A


А


Амперметр

Тізбектей

Электр кернеуі

U

B


V


Вольтметр

Параллель

3-тапсырма:Есептер шығару

1-нұсқа:

№1. Шамдағы токтың шамасын өлшеу үшін оқушы қателесіп, амперметрдің орнына вольтметрді жалғаса не болады (Шам жанбайды немесе оның жарығы азаяды)?

№2.Тізбектің бір учаскесі арқылы 10Кл электр заряды өткен кезде 10кДж жұмыс істейді. Тізбектің осы учаскедегі кернеуін анықта. (103В)

№3. Электр лампасындағы кернеуі 6В. Осы лампаның қылының көлденең қимасы арқылы 10Кл электр өрісі өткен кезде қандай жұмыс істелінеді? (60Дж)

№4. Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар. (0,25А, 5В)

2-нұсқа:

№1. Шамның кернеуін өлшеу үшін оқушы қателесіп, вольтметрдің орнына амперметр жалғағанда не болатынын түсіндіріңдер (Амперметр жанып кетеді).

№2. Тізбектің бір учаскесі арқылы 1Кл электр өрісі өткенде сол учаскеде 5Дж жұмыс істеледі. Осы учаскедегі кернеу қандай? (5В)

№3. Электр лампасындағы кернеуі 6В. Бұл нені көрсетеді? Осы лампа қылының көлденең қимасы арқылы 2Кл электр өрісі өткенде қандай жұмыс істелінеді? (12Дж)

№4. Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 10 мин ішінде 200 Кл заряд тасымалданып, 1800 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар. (0,3А, 9В)

-оқушылар берілген есептерді шығара алуы;

- оқушы өз қажеттілі- гіне қарай ақпаратты іріктей білулері;

-оқушы проблеманы өз білімі арқылы шешуге дағдыланады

-жаңа сабақта игерген білімді іске асырады;

-бұрынғы білімімен, алған білімін қолдана алады;

-оқушылар тез әрі ұтымды есептеуге үйренеді;

-сабақта алған білімдері мен өткен тақырыпта меңгерген білімдерін пайдалана отырып, берілген тапсырмаларды орындай алуы;

-сабақта меңгерген формулаларды дұрыс пайдалана алу арқылы есептерді өз бетінше, қатесіз орындай алулары;

III. Жаттығулармен түрлі тапсырмаларды орындау
















Есептер шығару арқылы:

1-нұсқа

1.Ток көзі ішінде 10 Кл зарядты оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30 Дж жұмыс атқарады. Ток көзінің ЭҚК – і неге тең?


2.Қыздыру шамы арқылы 0,4А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?



3. Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?

4. Электр шамы арқылы 30 с ішінде өтетін заряд шамасын және электрондар санын есептендер. Амперметр көрсеткіші 0,2А

5. 25Кл заряд өткенде, ток күші 25кА электрлік разряд қанша уақытқа созылады?

6. Егер 10 Кл заряд орын ауыстырғанда 2200Дж жұмыс жасалса, онда реостаттың кернеуі неге тең?

7. Бір миллиард электронның заряды қанша кулонға тең? e=-1.6*10-19 Кл

Оқушылар берілген есептерді шығарып, өз беттерімен жұмыстанады.Тақтамен қателігін түзейді.

№1.Берілгені: Шешуі:

Аб =30 Дж

q= 10 Кл

Т/к: Ɛ - ?

№2. Берілгені: Шешуі:

I = 0,4A

t = 1c

т/к: q - ? q =0.4·1 = 0.4 Κл

№3.

Жауабы: І 7мА немесе 0,007А

№4

n=q/e e=1.6*10-19Кл

Жауабы: 6Кл; 3,75*10-19


№5 t = q/І = 0,001с = 1мс


№6 U=A/q = 220B


№7 q=n*e= -1.6*10-10 Кл

- Берілген есептерді шығарып, формулаларды дұрыс қолдана білуі ;

-өз бетімен есепті шығарып, дұрыстығына көз жеткізе алады.

-өз ойларын ортаға бөлісіп,оны талдау, іріктеп алуы, кайта құруы, сақтауы, түсіндіруі;

Оқушылар алған білімдерін қорытындылап, тұжырымдап бұрын қалыптасқан іскерліктерін іс жүзінде пайдалана білуі, іскерліктерін қамтуы

Өз беттерімен есеп шығаруға дағдылануы.


ІV.Бекіту бөлімі























Үлестірмелі сұрақ – жауап картасы арқылы:

Перфокарта №1

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Электр тогы түсінігін физикаға енгізген ғалым?

3.Электр қозғаушы күші дегеніміз не?

4.ХБЖ – де ЭҚК – нің өлшем бірлігі?

5.Ток күші дегеніміз не, өлшем бірлігі қандай, қандай құралмен өлшенеді.

Перфокарта №2

1.Электр кернеуі дегеніміз не, өлшем бірлігі қандай, қандай құралмен өлшенеді.

2.Ом заңының формуласы?

3.Меншікті кедергінің формуласы?

4.Тізбектей жалғау дегеніміз не?

5.Параллель жалғау дегеніміз не?

Оқушыларға үлестірілген физикалық тапсырмаларға аты- -жөндерін жазып, жауаптарын толтырады.

Перфокарта №1

1.Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.

2. Ампер

3.Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын электр қозгаушы күші деп бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шаманы айтады.

4.Вольт

5.Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп аталады, өлшем бірлігі ампер, амперметр құралымен өлшенеді.

Перфокарта №2

1. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады, өлшем бірлігі вольт, вольтметр құралымен өлшенеді.

2.

3.

4.Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екінші өткізгіштің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп аталады.

5. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп аталады.


Физикалық тапсырмалармен жұмыстану барысында ток күші мен кернеудің

анықтамаларын біледі.

V.Үйге тапсырма. Қорытындылау.


Үйге тапсырмасын беру:

§37-38 оқып келу, сыныптағы есептерді аяқтап келу.

-оқушыларды сабаққа қатысуларына, есеп шығаруларына байланысты бағалау.

Үйге тапсырмасын беру:

§37-38 оқып келеді, сыныптағы есептерді аяқтап келеду.

Берілген ақпараттан қойылған міндеттерін шешуге қажеттісін бөліп алады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Практикалы? ж?мыс №3 «Ток к?ші мен кернеуді есептеу»

Автор: Мусаева Айгерим Уалиевна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316911


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства