Просмотр содержимого документа
«"Отынны? энергиясы. " та?ырыбына саба? жоспары»
8 - сынып. Сабақтың тақырыбы: §11. §12. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
Сабақ мақсаты: Білімділік - Оқушыларға жылу мөлшері ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, отын жанғанда бөлініп шығатын энергия, механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік беру. Дамытушылық - Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу. Тәрбиелік - Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. 1. Жылу мөлшері дегеніміз не? 2. Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалдармен түсіндір. 3. Ішкі энергия мен жылу мөлшерін қандай өлшем бірліктермен өлшейді? 4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді? 5. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай? Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады? 6. Үйге берілген есептердің шығарылуын түсіндіру. ІІІ. Жаңа сабақ. Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарыман қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді.
Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды. q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг. Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек: Қазақстан Республикасында отын - энергетикалық ресурстардың мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын - энергетикалық баланс құрылымында аса көп өзгерістер болды. 50 - жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат – мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты. Қазақстанда 300 - ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі. Көп қолданысқа ие болған көмір кен орындарына Қарағанды және Екібастұз кен орындары жатады. Қарағандының тас көмірінің жану жылуы 33, 5 - 33, 6 МДж/кг, ал Екібастұз таскөмірінің жану жылуы 31, 8 - 34, 3 МДж/кг, ал Торғай өңірінің көмірінің жану жылуы 27, 2 - 28, 9 МДж/кг, Майкөбенің қоңыр көмірінің жану жылуы 29, 3 - 31, 4 МДж/кг. Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейін екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататын мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. «Атырау, Ембі, Маңғыстау». Өткен ғасырдың 80 - жылдарынан бастап ас ірі мұнай қорын игеру басталды. Ол – Атырау облысының оңтүстік - шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны. Отын - энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себеі газ жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кен орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70%- і жинақталған. Энергияның сақталу заңы: Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады. Толық энергия: Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады. Энергияның сақталу және айналу заңы: Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы - осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады. ІV. Есептер шығару. 1 - деңгей 7 - жаттығу.№1, №2, №3 №4 2 - деңгей 1. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1, 0•107 Дж/кг). A) 2•10 - 6Дж. B) 2•107Дж. C) 2•102Дж. D) 2•108Дж. E) 5•105Дж. 2. Ұзындығы 100 м, ені 6 м, тереңдігі 2 м бассейндегі суды 150С - тан 250С - қа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (с = 4200 Дж/кг•0С) A) 4•108 Дж. B) 400 кДж. C) 5, 04•1010 Дж. D) 400 Дж. E) 20 кДж. 3. Отынның меншікті жану жылуы деп 1) отынның толық жануы 2) отынның жануы 4. Массасы 1кг отын түгел жанғандағы жылу мөлшері 5. 1954ж салынған бірінші атом электростанциясы 1 күнде массасы 30г ядролық жанғыш зат шығарғанда қанша жылу береді? ( q=8*10кДж/кг) 1) 9, 2*10кДж 2) 10кДж 3) 2, 4*10кДж 4) 2, 4*10кДж 5) 4, 6*10кДж 6.. Жылуы 2, 3*10Дж энергия алу үшін қанша бензин жағу керек? 1) 10кг 2) 5кг 3) 3кг 4) 15кг 5) 8кг