Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Ток күші, кернеу, кедергі, реостат, резистор тізбектей және т.б. Диалог үшін қажетті тіркестер: Ток күші - өткізгіштің көлденең қимасынан бірлік уақыт ішінде қандай заряд өткенін көрсететін физикалық шама. Реостат – электр тогының күшін реттеуге арналған құрылғы. Резистор – өткізкіш сым . |
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі; Оқушыларды түгелдеу; Шаттық шеңбері арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру; Мозайка әдісі арқылы оқушыларды топтарға біріктіру. ІІ. «Кім жылдам» әдісі арқылы өткенге шолу 1.Кернеуді қандай құралмен өлшейміз? 2. Қарапайым тізбек құрастыру үшін не қажет? 3. Өткізгіш дегеніміз не? 4. Ток күшін қандай құралмен өлшейміз? 5. Амперметр өткізгішке қалай жалғанады? Қауіпсіздік ережелері: 1.Мұғалімнің рұқсатынсыз құралды ток көзіне қосуға болмайды. 2.Құралдарға өте мұқият болу керек. 3.Мұғалімнің рұқсатынсыз бір орыннан екінші орынға қозғалуға болмайды. | сурет қиындылары |
Сабақтың ортасы 30 мин | «Ойлан, жұптас, бөліс» Тапсырма №1 1. Суреттен не байқадың? 2.Қалай ойлайсың шырша шамдары қалай жалғанған? 3.Тізбектей жалғанудың параллель жалғанудан ерекшелігі неде? Дескриптор: Суретте не кескінделгенін сипаттайды. Суретте берілген шыршаның шамдары қалай жалғанғанын айта алады. Тізбектей жалғаудың параллель жалғаудан ерекшелігін атайды. «Бағдаршам»әдісі арқылы бағалаймын. Тапсырма №2 Сыныптағы оқушылар топтарда бірлесе отырып, эксперименттік тапсырманы орындайды. Жұмыстың мақсаты: тізбектей жалғау заңдарын тексеру. Құрал – жабдықтар:2 сым резистор, реостат,2 амперметр, 3 вольтметр, өткізгіш сымдар, кілт. Жұмыс барысы: Амперметрдің және волтметрдің бөлік құнын анықтаңдар; Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар; V1 , V2, V (U1, U2, U ) вольт метрлерінің көрсетулерін жазыңдар; 4) Жалпы кернеуді мына формуламен есептеп, Uж = U1,+ U2 , V вольт метрдің көрсетумен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар. 5)А1, А2 ( I1 , I2) амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар; 6)Тізбектегі жалпы ток күшінің шамасы туралы қорытынды жасаңдар. 7)бөліктің жалпы кедергісін R| ж = Uж / I ж ; R ж = R1 + R 2 ; R1 = U1 / I 1 ; R| 2 = U2 / I 2 формула лары бойынша есептеңдер; 7)Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер: I1, А | I2, А | U1, В | U2,В | U, В | R1, Ом | R2, Ом | R ж, Ом | R ж, Ом | | | | | | | | | | Дескриптор: V1 , V2, V (U1, U2, U ) вольт метрлерінің көрсетулерін жазады. көрсетумен салыстырады. А1, А2 ( I1 , I2) амперметрлерінің көрсетулерін жазады; Тізбектегі жалпы ток күшінің шамасы туралы қорытынды жасайды. Бөліктің жалпы кедергісін . Топ бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. «Ойлан тап!» Тапсырма №3 1.Төменде берілген суреттерден тізбектей және параллель жалғанған жағдайларды анықтаңдар. 2. Берілген жағдайлар үшін жалғану ерекшеліктерін сипаттаңдар. 3.Тұрмыс пен техникада қолданулы жағдайларын сипаттаңдар. | слайд сым резистор, реостат, амперметр, вольтметр, өткізгіш сымдар, кілт |
Сабақтағы әдістер мен тапсырмалар оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін ескере отырып таңдалды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісінде оқушылар алдымен жеке, кейін жұпта, топта өткізгіштерді тізбектей жалғауды зердейлейді, зерттейді.Тапсырманы оқушылар әр түрлі қарқынмен орындайды, қарқыны жоғары оқушыларды тапсырманы орындауда қиналатын оқушылармен жұптаса жұмыс жасауды ұйымдастырамын, бір-біріне қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастырамын. Кейбір оқушылар берілген суреттерден тізбектей жалғаудың ерекшелігін ажыратып, өмірде қолданулы тұстарын түсіндіре алады, өз ойын қорытып, нәтижеге қол жеткізеді. | Қалыптастырушы бағалау сабақтың өне бойында жүреді. Сабақ барысында басбармақ, бағдаршам сияқты қалыптастырушы бағалау құралдарын қолданып, оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін анықтап, оқу үдерісіне түзетулер ендіріп отырамын.Тиімді кері байланыс ұсынып, оқушы оқуының деңгейі туралы хабар беріп, өз оқуын жетілдіру жолдарын жеткізіп, ынталандырамын. | Физика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері, сергіту жатттығулары |