kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік ма?саты: О?ушылар?а ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау туралы білім беру.

Дамытушылы? ма?саты:

1. Ойлау ?абілетіні? белсенділігін арттыру.

2. Тап?ырлы?, іздемпазды? ?асиеттерін ?алыптастыру.

3. Электр тогы туралы ой - ?рісін дамыту.

Т?рбиелік ма?саты: О?ушыларды то?пен ж?мыс істегенде ?ауіпсіздік ережелерін са?тай отырып, ??ыпты болу?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау. »

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты:

1. Ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.

2. Тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

3. Электр тогы туралы ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тоқпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі және техникалық құралдар: Амперметр, электр шамы, ток көзі, сымдар, кілт, Венн диаграммасы, қима қағаздар, мағынаны ашу стратегиясы, тірек схема, интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Топ мүшелері реттеуші, зерттеуші, есепші, баяндаушыларға бөлінеді. Реттеуші – топ басшысы бағалау парағына бағалап отырады. Зерттеушілерге бірінші деңгейдегі оқушылар жатады. Баяндаушыларға екінші деңгейдегі оқушылар, ал есепшілерге үшінші деңгейдегі оқушылар жатады. Әр дұрыс жауапқа бір дөңгелек шар салынып отырады.

ІІ. Үй жұмысын қайталау. «Электр кедергісі».


І бөлім: Сұрақ – жауап.


І топтың сұрақтары:

1. Электрон дегеніміз не?

2. Аттас зарядтар не істейді?

3. Өткізгіштер дегеніміз не?

4. Электроскоп не үшін қажет?

5. Ампер А.М. кім?

6. Амперметр деген құралды қалай танисыңдар?

7. Қыздыру шамның шартты белгісі?

8. Ішкі тізбекке не жатады?


ІІ топтың сұрақтары:

1. Электр зарядтарының қандай түрлерін білесіңдер?

2. Электр тоғы дегеніміз не?

3. Протон дегеніміз не?

4. Тоқтың әрекеттерін ата?

5. Тоқ көздеріне нелер жатады?

6. Вольтметрді қалай тізбекке қосады?

7. Кедергінің шартты белгісі?

8. Электр тізбегі қандай екі бөліктен тұрады.


ІІ бөлім: Дәрежелік тапсырмалар.


  • күрделі дәрежедегі сұрақтар


І топ

1. Кернеу дегеніміз не?

2. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?


ІІ топ

1. Кулон заңы

2. Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі қалай анықталады?


- орташа дәрежедегі сұрақтар


І топ

1. Меншікті кедергі қандай шамаларға тәуелді?

2. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы?


ІІ топ

1. Электр қозғаушы күш дегеніміз не?

2. Кедергі дегеніміз не?


- қарапайым дәрежедегі сұрақтар


І топ

1. Халықаралық бірліктер жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі қандай?

2. Кернеуді есептеуге арналған формула?


ІІ топ

1. Ток күшін есептеуге арналған формула?

2. Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күшінің өлшем бірлігі?


ІІІ бөлім: Деңгейлік тапсырма

І деңгей:

1 есеп. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын екі есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгерді? Екі есе кеміткенде ше?

2 есеп. Екі нүктелік зарядталған денелердің біреуінің зарядын үш есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? Үш есе кеміткендн ше?


ІІ деңгей:

1 есеп. Өткізгіштен 0,4 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?


2 есеп. Өткізгіштен 0,2 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 5 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?


ІІІ деңгей:

1 есеп. Көлденең қимасының ауданы 1мм², ұзындығы 24,2м констант сымнан жасалған электр пешінің қыздыру элементінің кедергісін анықтаңдар.


2 есеп. Көлденең қимасының ауданы 1мм², ұзындығы 24,2 нихром сымнан жасалған электр пешінің қыздыру элементінің кедергісін анықтаңдар.


1 есеп.


Берілгені: Формула Шешуі:

P1 4.7 10-7 Ом м 24,2 м

S=1мм2 = 1 10-6 м2 R= R = =11.374 Ом

P=4.7 10-7 Ом м S 10-6 м 2

1=24.2м


R - ? Жауабы: R = 11.374 Ом





2 есеп.


Берілгені: Формула Шешуі:

S =1мм2 = 1 10 -6 м2 p1 1,05 10 -6 Ом м 24,2м

p=1,05 10-6 Ом м R = R = ----------------------------- = 25,41 Ом

1 = 24.2 м S 10 -6 м2


R - ? Жауабы: R = 25,41 Ом





Үй жұмысын бекіту.


Тортастыру








IV. Жаңа сабақтың тақырыбын айту. «Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау»


V. Жаңа тақырыпты тірек схема арқылы түсіндіру.





І= І1= І2=…= In


U = U1+U2+….+U


R=R1+R2+…+Rn

Өткізгіштің біреуі істемей қалса, онда бүкіл тізбек бойында ток жүрмейді.








U = U1+U2+….+U


І= І1= І2=…= In


1 1 1

= +

R R1 R2

Тұтынушылар бір – біріне тәуелді болмай бір ғана кернеуді пайдаланады. Бір тұтынушының істен шығуы, басқалардың жұмысына әсерін тигізбейді.




Тізбектей және параллель жалғауды техникалық құралдар арқылы құрастырып оқушыларға көрсету.

VІ. Жаңа материалды игергенін тексеру. Семантикалық № 1, 2.



I

U

R

Ерекшелігі

Тізбектей жалғау





Параллель жалғау









Екі топқа да Венн диаграммасы беріледі.


Параллель жалғау Тізбектей жалғау





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау.

Автор: Алипбаева Айсулу Иманбаевна

Дата: 16.01.2015

Номер свидетельства: 156298


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства