Просмотр содержимого документа
«Ньютон заңдарынан нені білеміз?»
Ньютон заңдарынан нені білеміз?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылар Ньютон заңдарының терең мағынасын түсіндіре отырып ,оларға осы заңдарды күнделікті өмірде,әр түрлі қозғалыстарды қарастырғанда және есеп шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту,қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға,өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қорытынды қайталау.
Сабақтың кезеңдері:
1.Слайд көрсету арқылы,Ньютон заңдарын еске түсіру.
2.Қызықты сұрақтар: «Кім көп біледі?»
3. « Кім жылдам?»
4. «Физикалық жұмбақтар?»
5.Қимылмен көрсету ойыны.
6. Қорытынды бөлім
Кім көп біледі?
1)Бұл қай ғалым?
А)Ғылыми еңбектері механикаға,оптикаға,астрономияға, математикаға арналған
Б)механиканың 3 заңын ашқан
В) бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан
2)Бұл қай ғалым?
А) дәлелдеген формуласы бар
Б)математик , астроном
В) өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым! Таптым» деп айқайлаған
3)Бұл кім?
А) өз өмірінде 40 т тамақ жейді
Б) дүние жүзінде ең ақылды жыртқыш
В)қуаты орта есеппен 2,2 Вт
4)Бұл қай ғалым?
А)4 ғасырда өмір сүрген
Б)Александр Македонскийдің шәкірті
В)философия,астрономия, механика, оптика ғылымына еңбегі сінген
5)Бұл қай ғалым?
А)әскери инженер ,франзуз физигі
Б)электірлік,магниттік өзара әсерлесудің негізгі заңдары тағайындаған
В)үйкелістің түрлерін зеріттеді
6)Ағылшын физигі кім?
А)энергияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеді
Б)газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеген
В)электр тоғының жылулық әсерін анықтаған
7)Қай ғалым?
А)Лондон корольдік ғылым академиясының құрметті мүшесі
Б)атом құрылысын анықтаған
В)радиоактивтік процестерді зеріттеді
Ойланып көр? Сұрақ – жауап.
1)Физикада қозғалысты геометриялық тұрғыдан қарастыратын бөлім?
2)Күшті өлшейтін құрал не?
3)Күштің өлшем бірлігі?
4) Дене массасы неге тәуелді?
5)Күш қандай шама? 6)Біз тұрған планета қалай аталады?
7)Физиканың атасы кім?
8)Нобель сыйлығының лауреаты кім?
9) Алғашқы қазақ ғарышкері кім ?
10)Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама?
11)Еркін денеге күш түсірілсе қалай қозғалады?
12)Ньютонға Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуға көмектескен не?
13)Классикалық механиканың негізін не құрайды?
14)Динамикадағы негізгі ұғымдар дегеніміз не?
15)Физика сөзінің қазақша аудармасы?
16)Массаның өлшем бірлігі?
17)Инерция құбылысын кім ашты?
18)Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді?
19)Механиканың негізгі бөлімдерін ата?
20)Физиктер; .....заңын білмесең үйде отыр деген сөзді қай ғалым айтқан?
1)Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға,шаян алға тартады.Арба орнынан қозғала ма?Тең әсерлі күш неге тең?
2)Көлде екі қайықпен жүзіп жүрген ағайынды екі бала қайықтарынан жағаға секірді. Інісінің массасы 40 кг болса, ал ағасының массасы 60 кг болса, қайсысының қайығы көлдің ортасына қарай көбірек ығысып кетеді?
3)Қайықтың өзен ағысына қарсы жүргізем деп ескекші тырысқанымен, оған шамасы келмеді, қайық жағаға қатысты тыныштықта қала берді.Сонда қандай денелердің әсері теңгеріледі.
4)Кестеде F күш әсерінен массасы мен алған үдеулердің мәндері берілген . Осылардың қайсысына 4 Н күш сәйкес келеді?
А
Ә
Б
В
Г
m
2г
2г
2кг
2кг
2кг
a
2см/с
2м/с
2см/с
0,2м/с
2м/с
5)Ньютонның екінші заңын пайдаланып,кестені толтыру.
F(H)
150
?
180
a(м/с)
?
4
6
m(кг)
75
50
?
1.F=m*a;F=?
2.a=mF;a=?
3.m=F/a;m=?
F(H)
48
90
a(м/с)
4
2
m(кг)
30
60
m=F/a;m=?
a=F/m;a=?
F=m*a;F=?
Қимылмен көрсету ойыны:
1)Автобустың ішінде отырсаңдар.Автобус орнынан жұлқына тартылып қалды, тепе-теңдік бұзылды.Сонда қалай қозғаламыз?Қай жаққа қисайдық?
2)Ұзын жолмен автобус зулап келеді.Ол бірқалыпты қозғалды.Кенет тежелді. Қалай қимылдаймыз? Қай жаққа қисайдық?
3)Бірқалыпты келе жатқан автобус оңға қарай тез бұрылды,қалай қимылдаймыз?
Қорытындылау бөлімі:
Бүгінгі сабақта мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.
1.Ньютонның екі мысығы болыпты.Біреуі үлкен,екіншісі кіші.Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты.Бірі үлкен екіншісі кіші.Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың,біреуі де жетер еді ғой»-депті.Сонда Ньютон басын қасып: «Ия,бұл керемет ой! Бірақ бұл ой мағанкелмеген екен,-деген екен.
2.Рентген сәулелелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты.Хатында Рентген хаттың иесіне мынандай жауап жазып жіберді : «Өкінішті – ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым ,ең оңайы, маған сіз өзіңізді көкірегіңізді салып жіберіңіз»
3.Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен.Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. «Мырзалар!Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер»-деген сөз жазылған екен.Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып ,кері қайтып , үйіне кешке келіпті.