kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Молекулалы – кинетикалы? теорияны? негізгі ?а?идалары.Молекуланы? ?лшемі мен массасы.Молекулалар саны.Зат м?лшері.Мольдік масса

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

А) Білімділік:О?ушылар?а молекулалы-кинетикалы? теорияны? негізгі ?а?идаларын т?сіндіру, мольдік масса, зат м?лшері,молекулалар туралы т?сінік ?алыптастыру;

?) Т?рбиелік:Бірге ж?мыс жасай білу м?дениетін ?алыптастыру. С?йлей білуге,ойын ашы? айту?а т?рбиелеу;

Б) Дамытушылы?:Е? негізгі ??ымды та?дай білу білімдерін дамыту, ?орытынды жасай алу?а ?алыптастыру;

Саба?ты? т?рі: Кіріктіріліген, интегралдан?ан.

О?ытуды? формасы мен ?дістері: ??гіме, компьютерлік презентация, практикалы? ж?мыстар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Молекулалы – кинетикалы? теорияны? негізгі ?а?идалары.Молекуланы? ?лшемі мен массасы.Молекулалар саны.Зат м?лшері.Мольдік масса »

Жанкелдин орта мектебі ММ















Тақырыбы: Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары.Молекуланың өлшемі мен массасы.Молекулалар саны.Зат мөлшері.Мольдік масса.









Өткізген : физика пәнінің мұғалімі Шүнкарова М,

математика пәнінің мұғалімі Молбаева А









Сарға – 2014 ж

Бекітемін: ---------------

Күні: 21.01.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары.Молекуланың өлшемі мен массасы.Молекулалар саны.Зат мөлшері.Мольдік масса.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:Оқушыларға молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын түсіндіру, мольдік масса, зат мөлшері,молекулалар туралы түсінік қалыптастыру;

Ә) Тәрбиелік:Бірге жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру. Сөйлей білуге,ойын ашық айтуға тәрбиелеу;

Б) Дамытушылық:Ең негізгі ұғымды таңдай білу білімдерін дамыту, қорытынды жасай алуға қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Кіріктіріліген, интегралданған.

Оқытудың формасы мен әдістері: Әңгіме, компьютерлік презентация, практикалық жұмыстар.

Көрнекілігі: Компьютерлік сынып, мультимедиялық проектор, көрнекілік презентация,электрондық оқулық,приборлар.

Сабақтың жоспары:

Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары.Молекуланың өлшемі мен массасы.Молекулалар саны.Зат мөлшері.Мольдік масса.







Білгім келеді



Білдік

Білемін



3. Жаңа сабақ. Біліктіліктің қа-лыптасуы(20мин)

4. «Кім біледі?» сұрақтары (4 мин)

5. «Шынығу » сәті, оқулықпен жұмыс (10 мин)



6. «Дұрыс жолын тап» сабақты қорыту. (4 мин)

7. Үйге тапсырма беру. Бағалау. (2 мин)

  1. Ұйымдастыру сәті (2 мин)

  2. «Ой қозғау» сәті, қайталау сұрақтары (3 мин)







1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2.«Ой қозғау» сәті, қайталау сұрақтары:

  1. Дене импульсі, формуласы.

  2. Кү импульсі, формуласы.

  3. Ньютонның екінші заңы.

  4. Энергияның түрлері, формулалары.

  5. Механикалық жұмыс.

Физика пәнінің мұғалімі:

3.

Заттың үш күйі:

Қатты



Сұйық



Дене



Газ





Зат





Математика пәнінің мұғалімі:

Молекула



Тәжірибе



атом



тұжырым



Құбылыстарды түсіндіру, талдау



Ядро,протон,нейтрон,элек-трон











Молекула-кинетикалық теория (МКТ) – заттардың молекулалық құры-лысына негізделген жылу құбылыстару туралы ілім. МКТ-ның үш негізі бар: 1) Барлық заттар – сұйық, қатты және газ күйіндегі – кішкентай бөлшектерден – молекулалардан, ал олар атомдардан құралады. Химиялық заттың молекулалары күрделі және жай болып, бір немесе бірнеше атомдардан құралады. 2) Атомдар және молекулалар бейберекет қозғалыста болады. 3) Молекулалар бір-бірімен өзара әсерлеседі. Бөлшектер арасындағы гравитациялық әсерлесу өте аз. МКТ-ның атомдардың бейберекет қозғалуының айқын экспериментальды көрінісі – броундық қозғалыс болып табылады. Броундық қозғалыстың теориясын А. Эйнштейн жасады. Молекулалардың өлшемдері өте кішкентай. Қарапайым бір атомды молекулалардың өлшемі 10–10 м. Молекулалардың бейберекет қозғалысы жылулық қозғалыс деп аталады. Ауа молекулаларының орташа қашықтығы 10–8 м, яғни молекулалардың өлшемдерінен үлкен болады. МКТ-да зат мөлшерін бөлшектер санына пропорционал деп санайды. Зат мөлшерінің бірлігі моль деп аталады. Моль – көміртегінің 0,012 кг-да бар молекула санына тең зат мөлшері. Сонымен, кез келген заттың 1 молінде бірдей бөлшектер саны болады. Бұл санды Авогадро тұрақтысы Nдеп атайды. NA = 6,02·1023 моль–1. Зат мөлшері бөлшектердің санын N Авогадро санына NA:қатынасымен  анықталатын шама: Бір моль заттың массасын мольдік масса деп атау ұйғарылған. Мольдік масса берілген заттың бір молекуласының массасын Авогадро санына көбейтіндісіне тең. M = NA · m0. Мольдік масса кг/моль өлшенеді. Бір атомнан құралған заттар үшін атомдық масса термині қолданылады. Атомдар мен молекулалардың бірлігі ретінде көміртегінің 1/12 массасы алынады. Ол массаның атомдық бірлігі деп аталады. 1 м.а.б.  = 1,66·10–27 кг. Бұл шама протонның немесе нейтронның массасымен сәйкес келеді. Берілген заттың атомының массасының көміртегі атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасын салыстырмалы масса деп атайды. Молярлық және молекулалық массалар арасында мынадай қарапайым байланыс бар: М = 10-3 ·Мr кг/моль. Кез келген зат мөлшерiнiң m массасы бiр молекуланың массасын денедегi молекулалар санына көбейткенге тең: m = m0· N кг және формулаларын пайдаланып өрнегiнен мынаны алу қиын емес: ν = m / М және N = ν·NA = NA ·m / M .

4.«Кім біледі?» сұрақтары

1. Мұз қай температурада ериді?

2. Үшбұрыштың табаны 24 см, орта сызығы қанша?

3. Зат неден тұрады?

4. 106 қаншаға тең?

5. Диффузия құбылысы қай күйде тез өтеді?

6. 90° бұрыш жасап қиылысатын түзулер?

7. Тұңғыш қазақ ғарышкері?

8. Бүтінді төрт бөлгендегі бір үлесі?

9. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама?

10. π-дің мәні неге тең?

5. «Шынығу » сәті, оқулықпен жұмыс . Жаттығу жұмысын орындау.

18-жаттығу

Д.Менделеев кестесін пайдаланып: а) оттектің О2 ; ә) озонның О3 ; б) метанның СН4 ; в) күкіртті сутектің салыстырмалы молекулалық массасын анықтаңдар.

Берілгені: а) О2 , Есептелуі: Мr(O2) =16*2=32;

ә) Мr(O3) =16*3=48;

б) Мr(CH4) =12+1*4=16;

В) Мr(H2S) =1+2+32=34

6. «Дұрыс жолын тап» сабақты қорыту

Белгіленуі


Өлшем бірлігі

Физикалық атауы

N

м/с2

Зат мөлшері

m0

Н

Мольдік масса

ν

кг

Диаметр

M

Моль

Қуат

d

Вт

Молекуланың массасы

Fүйк

Дж

Үйкеліс күші

a

м

Үдеу

E

Кг/моль

Дене импульсі

p

моль

Энергия

7. Үйге тапсырма беру. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Молбаева Айгерім Кошановна

Дата: 09.06.2015

Номер свидетельства: 218596


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства