kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Механикалы? ж?не жылу процестеріндегі энергияны? са?талу ж?не айналу за?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: §§11, 12. Отынны? энергиясы. Отынны? меншікті жану жылуы. Механикалы? ж?не жылу процестеріндегі энергияны? са?талу ж?не айналу за?ы.

Саба? ма?саты:

  1. О?ушылар?а жылу м?лшері ??ымын ?алыптастыруды жал?астыру, отын жан?анда б?лініп шы?атын энергия, механикалы? процестердегі энергияны? са?талу ж?не айналу за?ы туралы т?сінік беру.
  2. О?ушыларды? ?ылыми д?ниетанымын ?алыптастыру. ?ылыми ой ?орытындыларын жасау?а жетелеу.
  3. Тияна?тылы??а, жауапкершілікке, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Саба? т?рі: аралас

Саба? ?дісі: баяндау, с?ра?-жауап.

Керекті ??рал-жабды?тар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Саба? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

ІІ. О?ушыларды? ?й тапсырмасын ?алай ме?гергендерін тексеру.

  1. Жылу м?лшері дегеніміз не?
  2. Жылу м?лшері неге т?уелді? Мысалдармен т?сіндір.
  3. Ішкі энергия мен жылу м?лшерін ?андай ?лшем бірліктермен ?лшейді?
  4. Затты? меншікті жылу сыйымдылы?ы нені к?рсетеді?
  5. Затты? меншікті жылу сыйымдылы?ыны? бірлігі ?андай?Денені суыт?анда?ы жо?алт?ан жылу м?лшерін ?ай формуламен есептеуге болады?
  6. ?йге берілген есептерді? шы?арылуын т?сіндіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Механикалы? ж?не жылу процестеріндегі энергияны? са?талу ж?не айналу за?ы. »

8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§11, 12. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға жылу мөлшері ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, отын жанғанда бөлініп шығатын энергия, механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Жылу мөлшері дегеніміз не?

  2. Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалдармен түсіндір.

  3. Ішкі энергия мен жылу мөлшерін қандай өлшем бірліктермен өлшейді?

  4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?

  5. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай?Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?

  6. Үйге берілген есептердің шығарылуын түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын –көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарыман қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді.

Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.

q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.



Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:

Қазақстан Республикасында отын-энергетикалық ресурстардың мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын-энергетикалық баланс құрылымында аса көп өзгерістер болды. 50-жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат – мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты.

Қазақстанда 300-ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі. Көп қолданысқа ие болған көмір кен орындарына Қарағанды және Екібастұз кен орындары жатады. Қарағандының тас көмірінің жану жылуы 33,5-33,6 МДж/кг, ал Екібастұз таскөмірінің жану жылуы 31,8-34,3 МДж/кг, ал Торғай өңірінің көмірінің жану жылуы 27,2-28,9 МДж/кг, Майкөбенің қоңыр көмірінің жану жылуы 29,3-31,4 МДж/кг.

Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейін екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататын мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. «Атырау, Ембі, Маңғыстау».

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап ас ірі мұнай қорын игеру басталды. Ол –Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны.

Отын-энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себеі газ жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кен орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70%-і жинақталған.

Энергияның сақталу заңы:

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.

Толық энергия:

Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады.

Энергияның сақталу және айналу заңы:

Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы-осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.

ІV. Есептер шығару.

7-жаттығу №1, №2, №3 №4

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §§11, 12 7- жаттығу (№5, №6, №7, №8).

VІІ. Бағалау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Механикалы? ж?не жылу процестеріндегі энергияны? са?талу ж?не айналу за?ы.

Автор: Сафина Арайлым Куантаевна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168444


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства