kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Механикадағы салыстырмалылық принципі. Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырлылығы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Механикадағы салыстырмалылық принципі. Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырлылығы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау.  Салыстырмалылық теориясының постулаттарымен  таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.ДКҰйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Салыстырмалылық теориясының постулаттарымен танысамыз.

  1. Линза дегенді қалай түсінесің?
  2.  Шашыратқыш линзаны жинағыш линзадан қалай ажыратады?
  3. Линзаның оптикалық центрі, фокусы дегеніміз не?
  4. Қандай жазықтық фокустық жазықтық деп аталады?
  5. Линзаның оптикалық күші дегеніміз не?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: ПОСТУЛАТТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН САЛДАРЛАР.

(Физикалық теориядағы постулат математикадағы аксиоманың рөлін атқарады. Бұл логикалық тұрғыдан дәлелденбейтін негізгі қағида. Физикадағы постулат — тәжірибе деректерінің жалпылама нәтижесі.)

Салыстырмалылық теориясы екі постулатқа негізделеді.

Жердің эфирге қатысты қозғалысын анықтамақ болған Майкельсонның тәжірибесін және тағы басқа тәжірибелердің теріс нәтижелерін түсіндіру үшін әртүрлі гипотезалар ұсынылды. Осы гипотезалардың көмегімен ерекше санақ жүйесін іздеудегі сәтсіздікті түсіндіруге тырысты (мұндай жүйе шынында да бар болуы тиіс деп есептейді). Эйнштейн бұл мәселеге мүлде басқаша қарады: инерциялы жүйелердің арасындағы айырмашылықты анықтамақ болған барлық талпыныстардың теріс нәтижесін түсіндіру үшін түрліше гипотезалар жасаудың керегі жоқ. Тек механикалық процестер үшін ғана емес, электромагниттік процестер үшін де барлық инерциялы санақ жүйелерінің толық тең түсетін табиғаттың заңы болып табылады. Тыныштық күй мен бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс арасында ешбір айырмашылық жоқ.

Салыстырмалылық принципі - Эйнштейн теориясының басты постулаты. Оны былай тұжырымдауға болады: табиғаттың барлық процестері кез келген инерциялы санақ жүйесінде бірдей өтеді.

Бұл - физика заңдары барлық инерциялы жүйелерде бірдей жазылады деген сөз. Сонымен, классикалық механикалық салыстырмалылық принципі табиғаттағы барлық процестерді, соның ішінде электромагниттік процестерді де қамтиды.

Бірақ салыстырмалылық теориясы тек салыстырмалылық принципіне ғана негізделмейді. Тағы екінші постулат та бар: жарықтың вакуумдағы жылдамдығы барлық инерциялы санақ жүйесі үшін бірдей. Ол жарық көзінің жылдамдығына да, жарық сигналын қабылдағыштың жылдамдығына да тәуелді емес.

Жарық жылдамдығы, сонымен ерекше орын алады. Оның үстіне салыстырмалылық теориясы постулаттарынан туындайтындай, вакуумдағы жарық жылдамдығы табиғатта өзара әсерлердің берілуінің максималь мүмкін болатын жылдамдығы болып табылады. Салыстырмалылық теориясының постулаттарын тұжырымдаймын деген шешімге келу үшін, үлкен ғылыми батылдық керек болған еді, өйткені олар кеңістік пен уақыт жөніндегі классикалық түсініктерге қарама-қайшы келді. Шынында да, бір-бірімен салыстырғанда  жылдамдықпен қозғалатын К және К1 инерциялық санақ жүйелерінің координата бастары дәлме-дәл келген уақыт мезетінде қысқа мерзімді жарқыл пайда болсын делік. t уақыт ішінде жүйелер бір-бірімен салыстырғанда  қашықтыққа ығысады, ал сфералық толқын бетінің радиусы ct болады (1-сурет). K және К1 жүйелері тең түседі және жарық жылдамдығы екі жүйеде де бірдей. Ендеше K жүйесімен байланысты бaқылаушының пікірінше, сфераның центрі О нүктесінде орналасады да, ал К1 жүйесімен байланысты бақылаушының пікірінше центрі O1 нүктесінде орналасады. Бірақ сфералық бір беттің О және О1 центрлері болуы мүмкін емес қой. Бұл айқын қарама-қайшылық салыстырмалылық теориясының постулаттарына негізделген пайымдаулардан шығып отыр. Шынында да, мұнда қарама-қайшылық бар. Бірақ бұл салыстырмалылық теориясының ішкі қайшылығы емес. Қозғалыс жылдамдығы үлкен болған кезде дұрыс болмайтын, кеңістік пен уақыт туралы классикалық түсініктермен қарама-қайшылықта болды.

Салыстырмалылық теориясының екі постулатын есте сақтау керек. Сондай-ақ инерциялы санақ жүйесінің анықтамасын ұмытпаңдар: бұл - осы жүйеге қатысты еркін (яғни ешнәрсемен өзара әрекеттеспейтін) дене тұрақты жылдамдықпен қозғалатын жүйе.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§5.1, 5.2 дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. Есептер шығарту.
  2. VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §5.1, 5.2 Есептер шығарту. 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Механикадағы салыстырмалылық принципі. Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырлылығы.»

10 сынып № 36 сабақ ____________________

Сабақтың тақырыбы: Механикадағы және термодинамикадағы жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Термодинамикадаш жұмысты меңгеруге, жылу мөлшерін есептеуге, жылу баланс теңдеуін шешуге жатгығу.

  2. Дамытушылык. Жеке тұлғаны дамыту: талдау, салыстыру қабілеттерін дамыта отырып ең негізгісін, мазмұнын ажырату.

  3. Тәрбиелілік. Оқушылардың табиғатгагы жылу құбылыстарын бақылау, зерттеу кабілеттерінің дамуын, тұрмыста жылу өткізгіштікті қолдана білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Қүрал-жабдықтар, көрнектіліктер: Плакат, калориметр, термометр, су

Сабақ түрі: Консультация, көмек сабақ

Әдіс-тәсілдер: Топтық стратегиясын пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап есеп шығару.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасьш тексеру.

  3. Жаңатақырыптыөзбетіншемеңгеру.

  4. Сабақгы бекіту.

  5. Сабақгы қорытындылау.

  6. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру.

  7. Үйге тапсырма беру.

I. Өткен тақырып бойынша окушылардың білім-білік дагдысының қалыптасуын тексеру.

1. Сұрақ-жауап:

  • Ішкі энергия дегеніміз не?

  • Ішкі энергияны өзгерту үшін кандай параметрді өзгерту керек?

  • Ішкі энергияның формуласы.

  • Ішкі энергия берілген газдын массасы мен температурасына тәуелді ме? Зат мөлшеріне ше?

  • Ішкі энергияның өзгеру тэсіддері.

  • Жылу мөлшері деп нені айтады?

  • Жұмыс деп нені айтамыз?

  • Термодинамиканың 1-заңы.

  • Жылу мөлшері нсні сипатгайды, ал жү_мы ше?

  • Мәнгі қозғалтқыштар болуы мүмкін бе?

II. Жаңа сабақты өз бетінше менгеру.

• Оқушылар өз бетінше Механикадағы жұмыс формуласын А = ҒScosα

Термодинамикадағы цшшндрдің ішіндегі поршеньнің қозға теп, термодинамикалық жұмыстын формуласын А = р шығарады және оны график арқылы анықтауға мүмкіндік алады.

Әр процесстегі термодинамикалық жұмыс туралы мәлімдейді.

  • Жылулық кұбылыстарды қайталау арқылы жұмыс мөлшерінің формулаларын еске түсіреді. Тірек конспектіні пайдаланып Q=cmt, Q=m, Q=qm, Q=Lm формулаларының мағнасын қайталап, жылу баланс тендеуін, жылудың өлшем бірлігін еске түсіреді.
    Q1 + Q1+ Q1 …+ Q1 =0 жылулық жүйеде.

  • Калориметрдің күрылысы, жұмысы көрсетіледі.

III. Өтілген такырыпты бекіту. Венн диограммасы «Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері».

IV. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын бақылау.

V. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: 11- жаттығу (1,2)

VI. Үйге тапсырма беру: §5.3-§5.4. 5.5., 11-жаттығу (3,9)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Маркабаева Гулжамила Рзабеккызы

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364417


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства