Просмотр содержимого документа
«Математикалық және серіппелі маятниктердегі тербелістер»
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Қарабұлақ орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі: Сегизбаева Улмира Абдибековна
Пәні:физика Сыныбы:9
Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердегі тербелістер
Сабақтың тақытыбы
Математикалық және серіппелі маятниктердегі тербелістер
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Тұрмыста және техникада тербелістің берілуіне мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ойын қозғау, тербелістерді сипаттайтын шамаларға есептер шығару, практикалық маңыздылығын ашу.
Күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
топта бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
Тұрмыста және техникада тербелістердің берілуіне мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ойын қозғай алуға, оның түрлерінің айырмашылығы мен қасиеттерін түсіндіре білуге, практикалық маңыздылығын ашатын мағлұмат алады.
топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Тербеліс амплитудасы, тербеліс жиілігі, тербеліс периоды – шамаларын анықтайтын формулаларды кеңінен пайдалануға, оқушылардың өздігінен ойланып, жұмыс істеу қабілеті арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс, тәжірибелер, деңгейлік есептер
Сабақтың түрі
Есептер шығару «Тербелістер» тақырыбына
Сабақтың әдіс тәсілдері
Сұрақ -жауап, «Қарлы кесек» ойыны, жұптық, топтық жұмыс, тәжірибе
Оқушыларды қағазға жазылған бірдей сөздер арқылы 3 топқа бөлу. Топ ережелерін еске алу.Топқа бағалау парағын беру.
«Қарлы кесек» ойыны (слайд)
Экраннан сұрақтар әр топқа беріледі.
«Адасқан формулалар» - сәйкестігін табу
(слайд)
«Тәжірибе – білім көзі» - эксперименттік жұмыстар. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. (слайд)
Деңгейлік есептер беру. А. Б. деңгейлері беріледі. 3 топқа да С деңгейі ортақ.
Өлең жолдарын құрастыру
Тербелістер тарауы бойынша сөздер тарату.( Слайд)
Оқушылар сендер өздерінді өздерін бағалайсыңдар.
«Тербелістер» тарауын қайталау.
Есептер жинағы
Сәлемдеседі.
Қағаздар арқылы бірдей топтарға бөлінеді.
Басшы тағайындау.
Кезекпен сұрақтарға жауап беріледі.
Өткен тарау формулаларын еске түсіру.
Қажетті құралдармен эксперименттік жұмыстар жасап белгісіз шамаларды анықтайды.
Топпен есептерді шешеді. Ортадан біреуі қорғайды.
Оқушыларға сөздер беріледі. Мағыналы мазмұнды өлең жолдарын құрады.
Оқушылар өзін-өзі, топты бағалайды.
І. «Қарлы кесек» ойынының сұрақтары
І топ
1.Тербелістер дегеніміз не? 2. Тербелістердің пайда болу шарттары. 3. Математикалық маятник тербеліс периоды неге тәуелді? 4.Электромагниттік тербелістерді тарататын құрылғы қандай?
5. Тербеліс периодының өлшем бірлігі?
6. Әткеншек қозғалады. Жер сілкінеді. Егін басы қозғалады. Жүрек соғады. Бұл сөйлемдерді физика тілімен қалай айтамыз?
ІІ топ
1. Еркін тербелістер дегеніміз не?
2. Резонанс дегеніміз не?
3. Серіппелі маятниктің периоды неге тәуелді? 4. Жиіліктің өлшем бірлігі?
5.Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі.
6. Тербеліс зияны қандай?
ІІІ топ
1. Еріксіз тербелістер дегеніміз не? 2. Электромагниттік тербелістер қандай тербеліс? 3. Томсон формуласы қандай?
4. Гармониялық тербеліс қандай заңмен орындалады?
5. Жер бетіндегі ең апатты тербеліс Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
6. Тербелістің пайдасы бар ма?
ІІ. «Адасқан формулалар» - сәйкестігін табу
Период v м v= s/ t
Жиілік T Гц T=t/n
Жылдамдық V с v= n/ t
Индуктивтік С м/с
Сыйымдылық L Ф
Амплитуда w рад/с
координата q Гн
заряд x м
циклдік жиілік xm Кл
Еркін электрмагниттік тербеліс периоды Wp = kx2/2
Математикалық маятник периоды T = 2 π√m/k
Серіппелі маятник периоды T = 2π√LC
Кинетикалық энергия T = 2π√ι /g
Потенциялдық энергия x=xm sinπt
Гармоникалық тербеліс формуласы Wk = m υ2/2
ІІІ. «Тәжірибе – Білім көзі»
І топ. Штатив,жіпке байланған шар, сағат берілген, периоды, жиілігін қалай анықтауға болады.
ІІ топ. Штатив, серіппе, 100г жүк, сағат берілген, периоды, катаңдығы қалай табылады?
ІІІ топ. Штатив, жіпке байланған шар, сызғыш берілген, периодын қалай табуға болады?
І топ
1 деңгей
Серіппеде тербеліп тұрған жүк 5с ішінде 20 тербеліс жасайды. Тербелістің жиілігін анықта.
2 деңгей
x=0,25 cos 2t қозғалыс теңдеуімен тербелетін математикалық маятник жүгі амплитудасының модулі, циклдік жиілігі неге тең?
ІІ топ
1 деңгей
Егер тербеліс периоды 0.5с болса, маятник 20 тербелісті қанша уақытта жасайды?
2 деңгей
Тізбектегі ток күшінің өзгеріс заңы: i=0.5sin1256t. Ток күшінің тербеліс жиілігі қандай?
ІІІ топ
1 деңгей
1.2минутта 60 тербеліс жасайтын маятниктің тербеліс жиілігі неге тең?
2 деңгей
Математикалық маятник х=0,25cos1884t қозғалыс заңымен тербеледі. Маятник тербелісінің периоды неге тең?
ІІІ деңгей
Серіппеге ілінген жүк 2 мин ішінде 60 тербеліс жасайды. Егер серіппенің қатаңдығы 4,9 Н/м болса, онда жүктің массасы қандай