1. Білімділік: «Масса және күш» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау. Алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана білу және еептер шығару дағдысы мен қабілеттерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген ғылыми көзқарасын және ой-өрісін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
а)Ауызша сұрау. Тақтаға кесте ілу. Нені білдік, немен таныстық. Ойын
«Бақытты сәт». Әр ұяшықтағы ұпайлардың астында деңгейленген сұрақтар жасырылған. Әр топ мүшелері өз қалауынша 5 сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап фишкамен бағаланып, оқушығаберіліп отырады.
Кімге ұпайдың астында жасырылған «Бақытты сәт» түседі, ол жауап берместен, сол ұпайды алады. 50 ұпайлық сұраққа «5»-тік, 40 ұпайлық сұраққа «4»-тік, 30 ұпайлық сұраққа «3»-тік бағаға сәйкес келеді. Ассистенттер мұғалімнің берген фишкасына сәйкес бағаларын қойып отырады.
«30»
№1- Күштің белгіленуі және өлшем бірлігі?
№2- Деформация дегеніміз не?
№3- Денеге әрекет ететін екі күш бір жаққа бағытталса, тең әрекетті күшті қалай табамыз?
№4-Салмақ дегеніміз не?
«40»
№1- Инерция дегеніміз не?
№2- Қозғалыстың неше түрі бар?
№3- Бүкіләлемдік тартылыс дегеніміз не?
№4-«Бақытты сәт».
«50»
№1- Серпімді деформация дегеніміз не?
№2- Еркін түсу үдеуінің мәні неге тең?
№3- Теңәрекетті күш дегеніміз не?
№4- Ауырлық күші дегеніміз не?
б) Топ басшысы жребий бойынша ойын түрін таңдап алады. Топ мүшелері түгел эстафета түрінде ойынға қатысады.Жеңімпаз топ аталып өтіледі.
Ойындар : 1. «Домино».
m/V
F
Rx
m
Fa
mg
P
mg
2. «Сәйкесін тап».
Салмақ
H
Жылдамдық
м/с
Масса
Кг
Күш
H
Тығыздық
кг/
Көлем
3. «Дәлелдеп көзде».
P
Fa
F
M
V
ІІ бөлім. «Нені үйрендім?» Деңгейлеп даярланған есептер мәтіні оқушының өз қалауы бойынша беріледі. Бетке шығарып, ассистенттерге тапсыру, олар тексеріп, жауап парағына түсіреді.
Деңгейленген есептер мәтіні
«А» деңгей
Массасы 1 кг дененің салмағы неге тең?
600 Н ауырлық күші әсер ететін тастың массасы қандай?
Көлемі 5 ыдысқа массасы 5000 кг сұйық құйылған. Сұйықтың тығыздығы неге тең?
«В» деңгей
Үйкеліс коэффициенті 0,3, массасы 120 кг денені орнынан қозғаған кездегі үйкеліс күшін есепте.
Болат серіппе 240 Н күш әсерінен 60 мм-ге ұзарды.Серіппенің қатаңдығы неге тең?
Өлшемі см қалайы білеушенің массасы 21,9 кг-ға тең. Қалайының тығыздығы неге тең?
«С» деңгей
Көлемі 25 л бензиннің салмағын есепте. Бензиннің тығыздығы 700кг/.
Ұзындығы 30 см, ені 0,2 м аквариумның 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасы неге тең? ()
Көлемі спорт ядросының салмағы 38,2 Н. Ядроның тығыздығын анықта.
ІІІ бөлім. «Нені жасай аламын?»
А) 3 топ басшысы жребий бойынша өз тобы жасайтын тәжірибені таңдап, тәжірибені жасап көрсетеді және қорытындылайды (оқушылардың зейіндерін жолдастары жасайтын тәжірибеге аударып өздері басқа топты бағалайтынын ескерту).
Тәжірибелер:
Берілген дененің массасын өлшеу
Гук заңының дұрыстығын тексеру
Үйкеліс күшінің қысым күшіне прапорционалдығын көрсету
Сергіту сәті: Үйден жазып келген «Күш» туралы білімге қатысты мақал-мәтелдерін оқиды.
Б) Сөзжұмбақ шешу: 3 топқа 3 түрлі сөзжұмбақ таратып беру.
«Деформация»
Күшті өлшейтін құрал.
Үйкеліс күшін өзгерту тәсілі.
Табиғатта болып жатқан өзгерістерді зерттейтін ғылым.
Салмақтың өлшем бірлігі.
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қалпына келетін деформация түрі.