kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Люминесценттік шамдармен жары?тандыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Люминесценттік шамдармен жары?тандыру" 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Люминесценттік шамдармен жары?тандыру"»

Өндірістік сабақ жоспары №9


Сабақтың тақырыбы: Люминесценттік шамдармен жарықтандыру

Сабақтың мақсаты:
а) Оқыту: люминесценттік шамының құрлысы, қызметі, түрлерімен танысу.
б) Дамыту: люминесценттік шамдары туралы түсінігін, ой-өрісін дамыту.
в) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, үнемділікке үйрету.
Пән аралық байланыс физика «Қыздыру шамы,люминесценттік шам», химия «Инертті газдар» (Ar, Ne т.б )
Сабақтың көрнекілігі: люминесценттік шамға арналған жарықтандырғыш,оталдырғыш,қосу сұлбасы,электрлік монтаждау құралдары,сымдар,оқшаулағыш таспа,штепсельді ажыратқышты баусым,авометр. Презентация

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру бөлімі-5мин

2.Кіріспе нұсқау-40мин

3.Өздік жұмыс-215мин

4.Қорытынды нұсқау-10мин

5.Бақылау сұрақтары

6.Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау


Өтетін орыны: №204 электрлік құрастыру шеберханасы

Сабақтың барысы: Жалпы мақсатқа арналған люминесценттік шамдар-екі шетінен шыны аяқшалармен герметикалық жабылған цилиндрлік колба (түтік). Аяқшаларға қос спираль түрінде вольфрам сымынан жасалған және электрондар эмиссиясын көбейту үшін сырты оксидпен қапталған электродтар бекітіледі. Шамның екі шетіне электродтардың ұштарымен қосылған қысқа металл түтікшелері бар екі цоколь орнатылады. Цилиндрлік колбаның іш жағына люминофор (белгілі химиялық құрамды кристалл заттар) қабаты жалатылады. Түтіктің ішіне сынап тамшысы және белгілі бір мөлшерде инертті газ (аргон) ендіріледі.



Люминесценттік шам (лампа)

Люминесценттік шамдарда электр энергиясының көрінетін сәулеге айналуы екі кезеңде өтеді:

  • Сынап буларындағы электр разрядында электр энергиясын ультракүлгін сәуле энергиясына айналдыру;

  • Люминофор қабатында ультракүлгін сәулені көрінетін жарық сәулеге айналдыру.

Көрінетін сәуле шығарудың аз бөлігі (5-7%) электродтар арасында өтетін электр разрядының өзімен шығарылады.

Шамның іске қосылуы кернеуі электр желісінің кернеуінен бірнеше есе көп болуы мүмкін. Разряд пайда болу кернеуінің мәнің кеміту және электродтардың жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін оларды алдын ала электр тогымен 1100-1200 С-қа дейін қыздырады. Көп жағдайда шам оталдырғыш (стартер) және дроссель арқылы автоматты түрде іске қосылады. Негізінде солғын разрядты оталдырғыш пайдаланылады.Ол шам электродтарын ток көзіне белгілі уақытқа автоматты қосуға және олар электр желісіне радио бөгеулер өтуін шектеу үшін шамның әр түрлі электродтарына қосылады.

Оталдырғыш (стартер)

Люминесценттік шамды іске қосуда дроссель келесі міндеттерді атқарады:

  • Тізбектегі ток мәнінің электродтарды тез қыздыруға жеткілікті және шамға қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді;

  • Шамда разряд пайда болуын қамтамасыз ететін жоғарғы кернеу серпілісін (импульс) тудырады;

  • Тізбектегі ток шамының номинал тогының мәніне жеткенде разрядты тұрақтандырады;

  • Электр желісінің кернеуі өзгергенде шамның орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Дроссельдің негізгі міндеті-шамдағы доғалық разряд кезінде тізбектегі токтың мәнін тұрақты ұстау.

Дроссель



Мемлекеттік стандарт бойынша люминесценттік шамдардың қызмет ету мерзімі 10000 сағатшамасында болады.Осы мерзім шамдарды іске қосу жиілігіне және тәсіліне,қосымша кедергінің түріне байланысты келеді.Электр желісіндегі кернеудің өзгеруі люминесценттік шамдардың қызмет ету мерзімін қысқартады.

Қолданылуға арналған люминесценттік шамдар температурасы +15 С-тан +40 С-қа дейін болатын орталарда орнатылады.Ортаның температурасы +10 С-тан төмен болса,онда шамның іске қосылуын жеңілдететін арнайы тәсілдер (арнайы сұлбалар,шамды сыртқы ортадан оқшаулау (изоляция) және т.б.) қолдану керек.

Сыртқы ортаның ылғалдылығы шамның іске қосылу кернеуі мәнін өзгертеді. Ауаның ылғалдылығы 75-80% болғанда ,шамды іске қосу үшін ең үлкен кернеу керек болады.

Люминесценттік шамдардың қыздыру шамдарына қарағанда артықшылықтары бар. Олар:

  • Сәуле шығару спектр қрамының қолайлылығы;

  • Жарық бергіштігінің жоғарылығы (қуаттары бірдей шамдарда 4-6 есе көп);

  • Шағылыстыруының аздығы;

  • Қызмет ету мерзімінің көптігі.

Люминесценттік шамдардың қыздыру шамдарымен салыстырғанда мынадай кемшіліктері бар:

  • Электр желісіне қосу сұлбасының күрделілігі;

  • Негізігі көрсеткіштерінің сыртқы орта жағдайларына байланыстылығы;

  • Жарық ағынының толықсуынан стробоскопиялық құбылыстың пайда болуы;

  • Жұмыс сенімділігінің төменділігі.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Шамның,ЖРА-ның,оталдырғыштың (стартер) құрылысымен таңысыңыз.Авометрдің көмегімен дроссельдің (үзілістің жоқтығына) және конденсатордың жұмысын тексеріңіз;

  2. Жарықтандырғышты бекітіңіз, шамды қондырыңыз, ЖРА мен оталдырғышты қосыңыз. Сұлбаға сәйкес тізбекті жинаңыз;

  3. Жинақталған сұлбаны оқытушы тексерген соң,шамды торапқа қосыңыз. Шамды сындырып немесе сынапты шашыратып алмау үшін жұмысты өте ұқыпты істеу керек.

Люминесценттік шамның қосылу сұлбасы

Бекіту сұрақтары:
1. Люминесценттік шамның қарапайым шамдардан айырмашылығы неде?
Ж: жұмыс істеу мерзімі ұзақ және жақсы жарықтандырады.
2.Түтік ішіне қандай газдар енгізіледі?
Ж: сынап, инертті газдар (аргон,неон).
3.Түтіктің ұштары арқылы не енгізіледі?
Ж: Спираль тәрізді электродтар.
4.Шынының ішкі бетінде не болады?
Ж: люминофор қабаты.
5.Люминесценттік шамды не үшін қолданады?
Ж: жарық беру үшін қолданады.
6.Дроссельдің қызметі қандай?
Ж:шамдар арқылы өтетін токты шектейді.




Өндірістік оқыту шебері: Б.О.Мажитов



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Люминесценттік шамдармен жары?тандыру"

Автор: Мажитов Беркин Оразбаевич

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322822


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства