kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы. Оптикалық құралдар" тақырыбына ҚМЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы. Оптикалық құралдар" тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы. Оптикалық құралдар" тақырыбына ҚМЖ»




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

ОПТИКА

Колледж:


Пән:

Физика


Оқытушының аты-жөні: Елтаева Айнур Галымбековна

Топ:

Күні:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы. Оптикалық құралдар.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.2.6 – линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу

11.6.2.7 – әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану

11.6.2.8 – телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру


Сабақтың мақсаттары

-линзалардың түрлерін сипаттау;

-линзалар жүйесінде кескін алуды үйрену;

-жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану;

-оптикалық құралдарды сипаттау;


Сабақтың түрі:

аралас


Бағалау критерийлері

Студент сабақ соңында:

  • линзаның түрлерін біледі;

  • линзалар жүйесінде алынған кескіндерді сипаттай алады;

  • жұқа линзаның формуласын біледі;

  • оптикалық құралдарды сипаттай алады;

  • линзалар жүйесінде (телескоп, микроскоп және лупадағы) сәулелердің жолын салады және түсіндіреді.


Тілдік мақсат


Пәнге тән лексика мен терминология:

жұқа линза, жинағыш линза, шашыратқыш линза, дөӊес линзалар, ойыс линзалар, линзаныӊ оптикалық центрі, линзаныӊ бас оптикалық осі, линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші, микроскоп, телескоп, фотоаппарат.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Линза- екі сфералық бетпен шектелген .... дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: .... және шашыратқыш.

Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас ... осі деп аталады.

Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық ... деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ ... фокусы деп аталады.


Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.


Пәнаралық байланыстар

Математика


АКТ қолдану дағдылары

Power Point бағдарламасындағы презентация, Kahoot бағдарламасы, проектор, экран


Бастапқы білім


8-сыныптан линза, линзаның оптикалық күші, жұқа линза формуласы туралы толық білім қорлары бар.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

10 мин


















  1. Ұйымдастыру кезеңі

Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Журналды толтыру, оқушыларды түгендеу.



  1. Психологиялық ахуал қалыптастыру«Смайликтер әдісі»

Қайырлы күн, студенттер! Бүгін күн бәрімізде үшін табысты болсын.

- Көңіл күйлеріңіз қалай? Сіздер көңіл-күйлеріңізді алдыларыңыздағы түрлі түсті смайликтер көмегімен білдіруді ұсынамын.

- Барлығымыздың көңіл күйіміз тамаша болса, онда сабағымызды бастайық.


  1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

«Қара жәшік» әдісі

Қара жәшікке тақырыпқа қатысты суреттер жасырынады. Оқушылар қара жәшіктегі суреттерді біртіндеп алады, белгілерін айтады.



Проблемалық сұрақ:

Суреттерде қандай заттар көріп тұрсыздар?

Осы құрылғылардың ортақ қандай белгілері бар?

Студенттердің жауаптарын негіздей отырып сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын жариялау, бағалау критерийлерімен және бағалау парағымен таныстыру.

Топ алдын ала екішағын топқа бөлінген, әр команданың өз топ басшысы бар және атаулары бар. Оқушылар бағалау парағына критерийлер бойынша бағаланады. (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топ басшысының бағалауы)


  1. Үй тапсырмасын сұрау. 

Студенттер Kahoot бағдарламасында тест жүмысын орындайды.

Тест жұмысы.

  1. Көлденеңнің пайда болуын дәлелдейтін заң

А) жарықтың түзу сызық бойымен таралуы

В) жарықтың сынуы

С) жарықтың шағылуы D) жарықтың сынуы және шағылуы

2. Жарық сәулесінің түсу бұрышын 200-қа арттырғанда түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш

А) 200- қа артады. В) 400 – қа артады С) 100-қа артады

D) Өзгермейді.

3. Айналық бетке жарық сәулесінің түсу бұрышы 200. Шағылған сәулемен айна жазықтығы арасындағы бұрыш:

А) 900 В) 400 С) 700D) 200

4. Екі ортаны бөліп тұрған шекараға сәуле 600бұрышпен түседі. Сынған сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш 900 болса, сыну көрсеткіші

А) 1,41 В) 0,71 С) 0,87 D) 1,73

5. Вакууммен абсолют сыну көрсеткіші 1,6 мөлдір ортаға өткен кезде жарықтың таралу жылдамдығы (вакуумдегі абсолют сыну көрсеткіші 1)

А) 1,6 есе артады. В) 3,2 есе кемиді. С) 1,6 есе кемиді. D) 3,2 есе кемиді.


Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау







Презентация, түрлі-түсті смайликтер









Қара жәшік

























интернет ресурстары,

kahoot бағдарламасы, ұялы телефондар

















Сабақтың

ортасы

25 минут


  1. Жаңа тақырыпты игеру.

Топ шағын екі топқа бөлінген.Әр топқа жаңа тақырып бойынша алдын-ала тапсырма берілді. 1-ші топ «Линзалар», 2-ші топ «Оптикалық құралдар» тақырыптары бойынша мағлұмат береді.



Тәжірибе көрсету. Қажетті құрылғылар: линза, сызғыш, шам, экран, жарық көзі. Тәжірибе көрсете отырып, линзалар жүйесінде кескін алумен таныстыру.



Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы.

Егер бас оптикалық оське параллель жарық сәулелерін түсірсек линзаның бас F фокусында жиналады.Бұл нүкте линзаның бас оптикалық осінде жатады.Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар.Линзаның фокустық жазықтығы деп линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады.Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша фокустар жазықтығы шексіз. Жинағыш линзаны «↨», ал шашыратқыш линзаны «‌|» белгілеу енгізілген.

Дөңеслинза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге жинайды, сол себепті дөңес линза жинағыш д.а. Шашыратқыыш линзалардың шеті қалың ортасы жұқа болып келеді.Өзі арқылы өткен жарықты шашыратады.

Жұқа линзаның формуласымен таныспас бұрын оны кескіндеу түрімен танысайық.


Ғ- линзаның бас фокусы
О- линзаның оптикалық центрі


Жұқа линзаның формуласы:

(1)

Енді осы өрнекті түрлендірейік

1 өрнектен f- линзадан нәрсеге дейінгі қашықтықты табайық:

Ал d- ны тапсақ:


Ал енді линзаның бас фокусын есептейтін формула:

Линзаларда кескін салу:


Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.

Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды

Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді

Егер дене 2Ғ фокуста орналасса ,онда кескін шын, тең, төңкерілген болады.


Егер дене Ғ пен 2Ғ фокус аралығында орналасса, онда кескін шын, кері, үлкейтілген болады.


Егердене Ғ фокуста орналасса, онда кескін болмайды.


Егердене фокус пен оптикалық центр арасында орналасса, онда кескін жалған, тура, үлкейтілген болады.

Шашыратқыш линзада кескін салу:

Линзаның оптикалық күші деп бас фокус арақашықтығына кері шаманы айтады:

D – линзаның оптикалық күші дптр=1м-1

Линзаның ұлғайтуы деп кескіннің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шамасына қаытнасымен анықталатын физикалық шаманы айтады.

  1. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалары:


«Венн-Диаграммасы» әдісі. (жеке жұмыс) Оқушыларға жинағыш және шашыратқыш линзалардың айырмашылықтарымен ұқсастықтарын табу керек.



Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау


Сызбамен жұмыс. (топтық жұмыс) Екі топқа кескін тұрғызуға тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы А3 форматта орындап, түсіндіреді.



Қалыптастырушы бағалау: топ басшыларының бағалауы


Есеп шығару.«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»әдісі (жұптық жұмыс)

  1. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескіннің линзадан арақашықтығын және қандай болатындығын анықтаңыз.

  2. Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?


Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау

көзілдіріктер, линзалар, лупа, микроскоп, фотоаппарат



линза, сызғыш, шам, экран, жарық көзі.









































































































































А3 форматтағы қағаз, түрлі –түсті маркерлер, сызғыш





Сабақтың соңы

5 минут

Сабаққты қорытындылау, бағалау

Сабақ соңындатоп басшысы бағалау парағына оқытушыға ұсынады.

Рефлексия. «Смайликтер» әдісі

Үйге тапсырма: §40,41 19жаттығу, № 4

Түрлі-түсті смайликтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



  1. Алдыңғы білімдерін жаңғыртуға арналған жетелеуші сұрақтар қою

  2. Демонстрациялық, ақпараттық бейне материалдар қолдану

  3. Топтық, жұптық жұмыс ұйымдастыру

  4. Қосымша теориялық материалдар ұсыну

        1. Өзін-өзі бағалау

        2. Өзара бағалау

        3. Топ басшыларының бағалауы


Денсаулық сақтау технологиялары.

Психологиялықахуал

мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Елтаева Айнур Галымбековна

Дата: 12.05.2023

Номер свидетельства: 631301


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства