kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Линзалар. Ж??а линзаларда?ы кескіндерді салу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ж??а линзалар?а арнал?ан есептерде кездесетін ?иыншылы?тарды т?сіндіру, линзаларда?ы кескін салуды ?йрету. Ж??а линзаны? ?рнегін талдау. О?ушыларды жа?а саба?ты ?туде, сол та?ырып?а есептер шы?аруда ойлау?а, логикалы? талдау жасау?а ба?ыт ба?дар беру, білім білік да?дыларын ?алыптастыру. О?ушыларды  жауапкершілікке, на?тылы??а, отбасын ?адірлеуге,?з к?штерінк сенуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Линзалар. Ж??а линзаларда?ы кескіндерді салу. »

Сабақтың тақырыбы: Линзалар. Жұқа линзалардағы кескіндерді салу.


Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жұқа линзаларға арналған есептерде кездесетін қиыншылықтарды түсіндіру, линзалардағы кескін салуды үйрету. Жұқа линзаның өрнегін талдау.

Дамытушылық: оқушыларды жаңа сабақты өтуде, сол тақырыпқа есептер шығаруда ойлауға, логикалық талдау жасауға бағыт бағдар беру, білім білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, нақтылыққа, отбасын қадірлеуге,қз күштерінк сенуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: семинар

Сабақ көрнекілігі: плакат, ЭО, линзалар жиынты, жинағыш және шашыратқыш линзаны көрсететін демонстрациялық құрал, таратпа материал.

Әдіс-тәсілдер: баяндау, тесттік есептер шығару, ақпараттық технологияны қолдану.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгелдеу, амандасу, назарларын ортаға аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырма тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ

Линза деп – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір денені айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді.

Қос дөңес (1)

Жазық дөңес (2)

Ойыс дөңес (3)

Қос ойыс (4)

Жазық ойыс (5)

Дөңес ойыс(6)

Егер бас оптикалық оське параллель жарық сәулелерін түсірсек линзаның бас F фокусында жиналады.Бұл нүкте линзаның бас оптикалық осінде жатады.Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар.Линзаның фокустық жазықтығы деп линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады.Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша окустар жазықтығы шексіз. Жинағыш линзаны «↨», ал шашыратқыш линзаны «‌|» белгілеу енгізілген.

Дөңес линза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге жинайды, сол себепті дөңес линза жинағыш д.а. Шашыратқыыш линзалардың шеті қалың ортасы жұқа болып келеді.Өзі арқылы өткен жарықты шашыратады.

Жұқа линзаның формуласымен таныспас бұрын оны кескіндеу түрімен танысайық.


f



Ғ- линзаның бас фокусы
О- линзаның оптикалық центрі


Жұқа линзаның формуласы:

(1)

1 өрнектен f- линзадан нәрсеге дейінгі қашықтықты табайық:

Ал d- ны тапсақ:


Ал енді линзаның бас фокусын есептейтін формула:

Линзаларда кескін салу:


Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.

Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды

Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді


Егер дене 2Ғ фокуста орналасса , онда кескін шын, тең, төңкерілген болады.


Егер дене Ғ пен 2Ғ фокус аралығында орналасса, онда кескін шын, кері, үлкейтілген болады.



Егер дене Ғ фокуста орналасса, онда кескін болмайды.



Егер дене фокус пен оптикалық центр арасында орналасса, онда кескін жалған, тура , үлкейтілген болады.



Шашыратқыыш линзада кескін салу:





Осы аталғандарды линзадағы кескіндерді салуға арналған интерактивті демонстрацияны пайдаланып оқушыларға көрсетіп есте сақтауларын ескертеміз.




Линзаның оптикалық күші деп бас фокус арақашықтығына кері шаманы айтады:

D – линзаның оптикалық күші дптр=1м-1


Линзаның ұлғайтуы деп кескіннің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шамасына қаытнасымен анықталатын физикалық шаманы айтады.



IV Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары


а) сұрақ – жауап ретінде

  1. Линза дегеніміз не? Түрлерін ата?

  2. Линзада кескінді қалай саламыз?

  3. Жұқа линза формуласын жаз?

  4. Линзаның оптикалық күші дегеніміз не?

  5. Линзаның ұлғайтуы дегеніміз не?


ә) есептер шығару арқылы:

1. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескіннің линзадан арақашықтығын және қандай болатындығын анықтаңыз.


Берілгені: Шешуі:


2.белгілеулерді ата


NN –

F –

C –

S-

S/ -


3. Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?

Берілгені: Шешуі:




4. ТЕСТ 10 сұрақ


  1. Линзаның фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан соң қалай жүреді?

А) сынбай

В)бас оптикалық оське параллель

С) линзаның басқа фокусы арқылы

Д)анықталмайды

Е)Жауаптар арасында дұрысы жоқ

  1. Оптикалық оське параллель болатын сәуле жинағыш линзадан өткен соң қалай жүреді?

А) линзаның бас фокусы арқылы

В) сынбай

С) екі фокус аралығындай қашықтықтағы нүкте арқылы

Д)анықталмайды

Е)Жауаптар арасында дұрысы жоқ


  1. Шашыратқыш линза беретін кескін қандай?

А) тек нақты кескін

В) денеге дейінгі қашықтыққа байланысты нақты не жалған кескін

С) тек жалған кескін

Д)қоршаған ортаға байланысты нақты не жалған кескін

Е)Жауаптар арасында дұрысы жоқ


  1. Фокус аралығы 20 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?

А) 0,2 дптр

В) 20 дптр

С) 5 дптр

Д) 0,05 дптр
Е) 2 дптр


  1. Линзаның оптикалық күші 2 дптр. Линзаның фокус аралығы неге тең?

А) 0,5 см

В) 2 см

С) 20см

Д) 2 м
Е) 0,5м


  1. Линзаның оптикалық күші 4 дптр. Линзаның фокус аралығы неге тең?

А) 0,25 см

В) 2 см

С) 20см

Д) 4 м
Е) 0,5м


  1. Линзаның фокус аралығы 20 см. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 40 см. Кескін қайда болады?

А) 40 см

В) 20 см

С) 13,2см

Д) 6,4см
Е) 36,2см


  1. Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер d=0,5м , f=1 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?

А) 0,33м

В) 0,5 м

С) 1,5м

Д) 3м
Е) 2,5м


  1. Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер d=0,5м , f=2 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?

А) 0,4м

В) 0,5 м

С) 1,5м

Д) 3м
Е) 0,8м


  1. Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер d=1м f=2 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?


А) 0,4м

В) 3/2 м

С) 1,5м

Д) 2/3м
Е) 0,8м



Жауап кілттері:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

в

а

с

с

е

а

а

а

а

д



V Сабақты қорытындылау.



VI Үйге тапсырма: §4.11 есептер 4.11.9-4.11.11











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Линзалар. Ж??а линзаларда?ы кескіндерді салу.

Автор: Кошанова Аимгуль Кайратовна

Дата: 17.09.2015

Номер свидетельства: 231306


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства