kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Линза ж?не оны? оптикалы? параметрлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Линза дегеніміз  - екі жа?ы сфералы? беттермен шектелген м?лдір дене.

Олар шашырат?ыш ж?не жина?ыш болып келеді. 

Линзаны? сфералы? беттеріні? ?исы?ты? центрлері ар?ылы ?тетін т?зуді линзаны? бас оптикалы? осі деп атайды. Линзаны? оптикалы? осіні? центріндегі н?ктені оптикалы? центр дейміз.

Линзаны? ?алы?ды?ы сфералы? беттерді? ?исы?ты? радиусына шамалас те? бол?ан жа?дайда, б?л ?алы? линза болып табылады, ал ?лде?айда кішірек болса, онда б?л ж??а линза болып табылады.

Жина?ыш линзаларды? тобына ортасы жуан линзалар кіреді, оларды? ортасы жиектеріне ?ара?анда жуан болып келеді, ал шашырат?ыш линзаларды? кері болады.

Біра? кейбір кезде шашырат?ыш линзаларда жуан болып келуі м?мкін, мысал?а суды? астында?ы ауа к?піршігі, шашырат?ыш линза?а жатады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Линза ж?не оны? оптикалы? параметрлері.»

Дәріс №7


Курс тақырыбы: №14.3 Жарықтың толқындық қасиеттерімен түсіндірілетін құбылыстар

Сабақ тақырыбы: №7. Линза және оның оптикалық параметрлері. Линзаның фокус аралығын және оптикалық күшін анықтау


Линза дегеніміз - екі жақы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.

Олар шашыратқыш және жинағыш болып келеді.

Линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Линзаның оптикалық осінің центріндегі нүктені оптикалық центр дейміз.

Линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусына шамалас тең болған жағдайда, бұл қалың линза болып табылады, ал әлдеқайда кішірек болса, онда бұл жұқа линза болып табылады.

Жинағыш линзалардың тобына ортасы жуан линзалар кіреді, олардың ортасы жиектеріне қарағанда жуан болып келеді, ал шашыратқыш линзалардың кері болады.

Бірақ кейбір кезде шашыратқыш линзаларда жуан болып келуі мүмкін, мысалға судың астындағы ауа көпіршігі, шашыратқыш линзаға жатады.



Линзалардың түрлері:

1-3 суреттердегі линзалар, жинағыш линзалар қатарына жатады.

  1. Екі жақты дөңес линза

  2. Жазық дөңес линза

  3. Дөңес ойыс линза

4-6 суреттердегі линзалар, шашыратқыш линзалар қатарына жатады.

  1. Екіжақты ойыс линза

  2. Жазық ойыс линза

  3. Дөңес ойыс линза

Суреттегі линзаның басты элементтері: NN – оптикалық ось, О – оптикалық центр, F – фокус аралығы, F' – кескін, H – кескін биіктігі.



Линзаға байланысты формулалар:

- Жұқа линзаның формуласы

- Линзаның оптикалық күшін табу формуласы немесе

мынау формуламен табуға болады.

- Линзаның сызықтық ұлғаюының формуласы

H – Кескін биіктігі, h – нәрсе биіктігі

- зат линзадан шексіз қашықтықта жатқан жағдайда (d=шексіздік)


Линзалардың негізгі кемшіліктері:

Сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады.

Хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы. Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді.

Астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау. Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады.

Дисторсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескінніц қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін. Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.


Линзалардың қолданылуы:

Линзалар оптикалық системалардың басты элементі болып саналады.

Линзаларды бинокль, телескоп, оптикалық көздеу құралдары, микроскоптар, фотоапарат, видеокамераларда қолданылады.

Жалғыз жинағыш линзаларды үлкейткіш шыны ретінде қолданылады.

Линзалардың екінші басты қолданылатын жері, бұл офтальмология.

Офтальмология – медицинанын саласының бірі, бұл анатомия мен физиологияны зерттейді. Басты рөлі көз ауруларын емдеу.

Офтальмологияда, линзаларсыз жұмыс жүрмейді. Линзаларды, көздің көру жұмысын емдеумен айналысады, мысалға алыстан көрмеу немесе жақыннан көрмеуді емдеуге линзаларды қолданады.

Линзаларды, көзілдірік және контакт линзаларында қолданады.

Радиоастрономиямен радарларда, көп жағдайда диэлектрлік линзаларды қолданады, линзалар радиотолқын ағынын антенага жинайды.

Плутоний ядролық бомбасының құрылуында линзалық системалар қолданды, линзалық системаның мақсаты сфералық шашырап жатқан толқынды реттеу болды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Линза ж?не оны? оптикалы? параметрлері.

Автор: Мукушова Гульмира Кусайыновна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315306


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства