Физика пәнінің мұғалімі:Жумагельдина А.С
Сабақ жоспары
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Лазер
Сбақтың мақсаты:
Оқушыларға лазер деген не екенін, жұмыс істеу принціпімен, қолданылуы туралы түсініктер беру.
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Лазерлік сәулеленудің негізгі ерекшеліктері:
жоғарғы дәрежедегі когренттілік
монохроматты
шоқтың қатаң бағытталуы
сәулелердің аса қуаттылығы
Негізгі идеялар
1.Индукцияланған сәуле шығару.
1917 ж.- Эйнштейн, атомдардың индукцияланған сәуле шығару мүмкіндігін айтқан болатын. Индукцияланған сәуле шығару дегеніміз- түскен сәуле әсерінен қозған атомдардың сәуле шығаруы.
Индукцияланған сәуле шығару ерекшелігі- бұл сәуле шығару кезінде пайда болатын жарық толқынының жиілігі, фазасы, поляризациясы атомға түсетін толқындікімен дәлме-дәл келеді.
2. Еріксіз сәуле шығару дегеніміз- жоғары энергетикалық күйден атомның төменгі күйге өтуі (сыртқы әсер ықпалы).
Лазер дегеніміз - жылулық, химиялық, электр энергиясын, электро магниттік өріс энергиясына айналдыратын құрылғы.
1940ж. В.А.Фабрикант индукцияланған сәуле
1945ж. Н.Г.Басов А М.Прохоров. шығарудыпайдаланды
1945ж. Ч.Таунс
1960ж. Т.Мейман кванттық лазерлік генератор
Гелий-неонды лазердің жұмыс істеу принципі. Мұнда толтыру зарядталған газ түтігіндегі электр зарядымен жүргізіледі. Түтіктің екі жағына орналасқан екі айнаның біреуі жартылай мөлдір. Түтікте солғын заряд тудырылған соң гелий атомдары электрондармен соқтығысу нәтижесінде 3 қозған деңгейге өтеді. Бұл деңгей неонның 3‘ қозған деңгеймен дәл келеді. 3- деңгейдің өмір сүру уақыты үлкен. Соқтығыстар кезінде гелийдің қозған атомдары артық энергиясын нерн атомдарына береді де, олар 3‘ – қозған деңгейге өтеді. Неон атомдарының 3‘→2‘ ауысуы лазерлік сәуле шығаруды тудырады.
Білу
Топтық жұмыс «Жигсо» 1.Резерфорд атомының моделі қалай аталады? (планетарлық)
2.Бор постулаттарын атаңыз
3.Төменде көрсетілген 3 бөлшектің қайсысы қалған екеуінің құрамына кіреді:
1) Атом 2) молекула 3) электрон
4. Резерфордқа атом ядросы моделін жасау үшін қандай тәжірибе негіз болды?
Түсіну
Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» Лазерлер туралы түсінік
Қолдану
Талдау
Жеке жұмыс «есептер шығару» Лазерлердің жұмыс істеу принципі туралы.
Лазердің қолдануы
Байланыс үшін ғарыш кеңістігінде
Зор қуаты вакуумдегі материалдарды кептіру, пісіру үшін
Радио локатор ретінде
Зергерлік салада
Фотолитографияда
Машина жасау, құрылыс саласында
Медицинада
Әскери істе
Металл бетіне өте әдемі және дәл суреттер, логотиптер, вензелдер салуда
Косметалогияда
Термоядролық реакцияны басқару үшін
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (10 минут)
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Лазер түрлері:Рубинлазері
Газ лазері
Жартылай өткізгішті
Газодинамикалық
Кейінгі тапсырмалар
Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу
§7,9 Лазер