Сабақ:Күш моменті.Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. | Мектеп:№77 А.Аскаров атындағы мектеп-лицейі |
Күні:26.04.2016ж | Мұғалімнің есімі: Самедова Ұлжалғас Рахымбайқызы |
Сынып: 7 сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: | Күш моменті,иіндік,айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын түсінеді; |
Сабақ мақсаттары (табыс критерийлері) | Барлық оқушылар:1) . Иіндік деген не,күш иіні , күш |
күш моменті туралы ұғына біледі; |
Оқушылардың басым бөлігі: Қандай шарт орындалғанда |
қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алатынын біледі |
Кейбір оқушылар:моменттер ережесін ұғына алады |
|
Тілдік мақсат | Оқушылар: Күш моментін есептеп таба алады. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: күш моменті,күш иіні,иіндік |
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар:Иіндік дегеніміз не?,Күш иіні деп нені айтамыз?, |
Күш иіні деп нені айтамыз?,Күш моменті дегеніміз?Қандай шарт орындалғанда айналатын денелер тепе-теңдікте болады? |
Сіз неліктен бір шелек судан көрі екі шелек суды алып |
жүрген қолайлы екенін айта аласыз ба? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: қатесіз жазып, есептеу; |
Алдыңғы оқу | Аспандағы ұшақта қандай энергия түрлері бар? Механикалық энергия дегеніміз не? Табиғатта және техникада энергияның түрленуі бола ма? |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескетпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Басталуы Ұйымдастыру кезеңі (кіріспе 5мин ) | а) Оқушылармен салемдесу, түгелдеу. ә) үй жұмысын сұрау; «мен саған, сен маған » жаттығуы арқылы оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексереді.Бірін-бірі бағалайды. б)Топқа бөлу. фигуралар бойынша топқа бөлу үшбұрыш, төрт бұрыш,шеңбр деген сөздер жазылған қималарды тарату арқылы топқа біріктіремін. Мақсат: тақырыпты ашу үшін. . | Мысал өрнектер жазылған кеспе қағаздар |
Ортасы А) тұсаукесер 5 мин. Б) негізгі бөлім 25 мин. | -Ал балалар қандай энергия түрлері бар? -табыс критерийін түсіндіру(тақырып бойынша берілген бағалау критерийін түсіндіремін) Негізгі бөлім: Жаңа сабақты оқыта отырып, қалыптастыру үшін тақырыпты топқа бөліп беремін. Топпен жұмыс (Постер жасау) Қол — таразы, Көңіл — қазы Ел бірлігі - ел теңдігі Бірлік бар жерде – тірлік бар. мақсатым: Әр оқушы бастапқы топта тыңдайды, түрлі- түсті топта сөйлейді. Топтық бағалау. 10 мин. 2) «Әуе шары» әдісімен әр жұпқа деңгейлік есептерді шығаруға тапсырамын: І деңгей 1.Иіндікке әрекет ететін күш 300Н, күш иіні 30м.Күш моменті қандай? 2.Иіндіктің кіші иініне 300Н үлкен иініне 20Н күш әсер етеді. Кіші иіннің ұзындығы 5см. Үлкен иіннің ұзындығын анықтандар. ІІ деңгей 1.Ұзындығы 1 м иіннің ұштарына жүктер ілінген. Бір жүктің массасы 120 г. Егер бірінші жүктен 20 см қашықтықтағы тіреуде иін жүктерімен бірге тепе-теңдікте болса, онда екінші жүктің массасы неге тең? ІІІ деңгей 1. Массасы 10 кг, ұзындығы 40 см сырықтың екі ұшына массалары 40 кг және 10 кг жүк ілінген. Осы сырық тепе-теңдікте болу үшін тіреуді қай жерге қою керек? 10 мин. Мақсатым: Идея құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға, шоғырландыруға мүмкіндік беру. Жұптарды қолдануоқушыларды өздерін еркін сезінуге және үлкен топта сөйлеуге, бір-біріне көмектесуге үйрету. Жеке бағалау. 3. «Еркін талқылау» тәсілі арқылы талантты, қабілетті оқушыны анықтау; Шығармашылық тапсырма Архимедтің «Маған тіреу нүктесін беріңдер мен жерді төңкеріп тастаймын» деген пайымдауы сіздің ойынызша дұрыс па? деген сұрақ қойып, пікірталас тудырамын Мақсат: Оқушының көшбасшылығын, жауаптылығын мадақтау, мұғалімнің материалды қайта қолданбайтындығын айту.5 мин. Жеке бағалау. | Интерактивті тақта (слайдтан мысалдарды, сұрақтарды көрсетемін) ; |
Аяқталуы Қорытынды: 5 мин. | Қорытынды: 5мин. а) «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы кері байланыс алу; Мақсатым: оқушылардың бүгінгі сабақта не үйренгендіктеріне көз жеткізу; Бүгінгі сабақта не тиімсіз болды? Бүгінгі сабақта не ұтымды болды? Б) Оқушылар білімін бағалау. Бағалау парақшасы арқылы. В) Үйге тапсырма: №112, 113 | Интерактивті тақта бағалау парағы |
Қосымша ақпарат дарынды талантты балаларға қосымша есептер |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
«Еркін талқылау» тәсілі арқылы анықталған оқушының көшбасшылығын, жауаптылығын мақтау, айналатын денелердің тепе-теңдік шартын қолдануды үйрету. Мақсатым: талантты, қабілетті оқушыларды анықтау. | Оқушылардан бүгінгі сабақта не үйренгендігіне көз жеткізу табыс критерийі арқылы бағалау парақшаларын пайдаланып, бағалаймын. | Информатика |
Рефлексия Сабақ оқу/мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағамдау. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім |