Просмотр содержимого документа
«К?ш.К?шті? т?рлері »
Мирамғалиева Саулеш Бітімғалиқызы
Атырау қаласы № 32 орта мектептің физика
пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Күш.Күштің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Күш ұғымы,күштің түрлері, ерекшеліктері және физикалық мағыналарын сипаттай отырып , түсіндіру.
Дамытушылық:Теңәрекетті күшті табуды,күш пен үдеу арасындағы байланыстылықты, үйкеліс күшін өзгерту тәсілдері, табиғат пен техникадағы үйкелістің алатын орны, пайдасы мен зиянын ұғындыру арқылы оқушылардың шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың өзіндік көзқарасын таныту арқылы ойларын нақты жүйелеп айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:сатылай кешенді талдау технологиясы.
Керекті құралдар:сызғыщ, транспортир, 2 трибометр, сіріңке қорап, штатив, динамометр , ілгектері бар жүктер, Брадистің төрт таңбалы таблицасы.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау)
II.Өткен тақырып бойынша теориялық тексеру.
1.Инерциялық санақ жүйесі дегеніміз не?
2.Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
3.Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
4.Қандай санақ жүйесі инерциялық емес жүйеге жатады?
5.Горизонталь тас жолда қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автокөлік бірқалыпты қозғалып келеді.Бұл Ньютонның бірінші заңына қайшы келмей ме?
III.Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Электрондық оқулық арқылы оқушыларға күш,ауырлық күші,серпімділік күші, үйкеліс күші , үйкеліс күшінің түрлері, табиғаттағы және техникадағы үйкелісті пайдалану мысалдары,тең әрекетті күш,күшпен үдеу арасындағы байланыстылықты анықтайтын тәжірибелер көрсетіледі.Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша жаңа сабақ сызба бойынша талданады.
Күш.Ауырлық күші
1.Тану:
1.Күш-дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің
нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің
өлшемі болып табылатын физикалық шама.
2.Қасиеті:Күш-физикалық,векторлық шама
3. Анықтама:Ауырлық күші деп денелердің жерге тартылу
күшін айтады.Бұл күштің әрекетінен еркін денелер жерге
құлайды.Дененің ауырлық күші әрекетінен ғана қозғалуы еркін түсу деп
аталады.
4.Белгіленуі: Ғ,Ғ
5.Өлшем бірлігі: Ньютон (Н)
1кА=1000Н 1МН=1000000Н.
1Н=0,001кН 1мН=0,001Н
6.Формуласы:F=mg,мұндағы m-дененің массасы,g-еркін түсу
үдеуі,g=9,8м/с².
7.Байланыс:Күш үдеуге тура пропорционал
8.Қорытынды:Күш-үдеудің туындауының басты себепкері
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші
1.Тану.Денелер тікелей жанасқанда пайда болатын, қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытталатын күш
2.Түрлері.2.1.Сырғанау-бір дене екінші дене бетімен сырғанағанда
2.2.Тыныштық-дене бір-біріне қатысты тыныштығын сақтаса
2.3.Домалау-домалау кезінде пайда болады.
3.Пайда болу себептері.3.1.Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
3.2.Беттер арасындағы молекулалардың өзара тартылысы
10.Маңыздылығы.Үйкелісті есепке алмай транспорт құралдарының қозғалысын түсіндіру мүмкін емес.
11.Түйін.Үйкеліс-жанасушы екі дененің жанасу жазықтығындағы салыстырмалы қозғалысы кезінде туатын механикалық кедергі.
Үйкелісті техникада пайдалану
1.Үйкелісті есепке алмай тепловоздың, автомобильдің басқа транспорт құралдарының қозғалысын түсіндіру мүмкін емес.
2. Доңғалақтардың шен темірі, ал вагон осьтерінде доңғалақтар үйкеліс есебінен ұсталып тұрады.
3. Үйкеліс неғұрлым үлкен болған сайын теміржол составы соғұрлым ауыр және ұзын бола алады.
4. Дискілі, ленталы, қалыпты әртүрлі тежеуіштердің әрекеттері үйкелісті пайдануға негізделген.
5.Автомобильдерде қалыптар доңғалақпен байланысты тежеуіш барабанының ішкі бетіне жанасып тұрады. Жүргізуші тежеуішті басқан мезетте жұдырықша бұрылады да, тежеуіш қалыптарын барабанға нығыздап қысады. Бұл үйкеліс коэффициентінің артуына себеп болады.
6.Металдарды өңдеу(қысыммен, кесу, тегістеу)кезінде үйкеліс пайдаланылады.
7.Металдарды біріктіру үшін үйкеліс пен пісіру кең қолданылады.
Серпімділік күші
Гук заңы
1.Тану 1.1 Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі – деформация.
1.2 Деформация – бүліну бұзылу, өзгеру
2. Мысал 2.1 Серіппенің созылуы 2.2 Жұқа таяқша иіледі 2.3 Қол бұлшық еттері қатаяды. 3. Түрлері 3.1 пластикалық 3.2 Серпімді
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін
дене өзінің бастапқы пішіні мен бастапқы пішіні мен өлшемі қайта-
өлшемін өзгертетін деформация дан қалпына келетін деформация
4. Мысал 4.1 пластилиннен жасалған әртүрлі пішінді денелер 4.2 Допты тепкен кезде аздап үрілген шарды босатып жіберген кезде, созылған не сығылған серіппенің қалпына келуі 5. Түйін 5.1 Серпімділік күші – дененің деформациялануы кезінде пайда болатын күш және деформациялану кезінде ол дене бөлшектерінің
ығысу бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады. 5.2 Белгіленеді - Fсерп 5.3 Пайда болады – созғанда,игенде,қысқанда және майыстырғанда
6. Байланыс 6.1 Серпімділік күші мен серпімді деформация арасындағы байланысты 1660 ж. ағылшын физигі Роберт Гук
6.2 Гук заңы:Серпімді деформациялар кезінде туындайтын
серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал 6.3 Fc = kx Мұндағы F – түсірілген сыртқы күш(серпімділік күші) x = l-l0 дене ұзындығының өзгеруі l0- дененің бастапқы ұзындығы; l- деформацияланған дененің ұзындығы k- қатаңдық (пропорционалдық коэффициент) k=F/x ( H/м ) өрнектеледі.
Тең әрекетті күш
1. Тану: Тұрмыста, табиғатта, өмірде денеге бір күш емес, бірден бірнеше күш әсер етеді
2. Мысал 2.1 Тақтай тілгенде араға адамның күші, тақтайдың кедергі күші мен ауырлық күші әсер етеді. 2.2 Қозғалған кемеге айналған бұраманың (винттің) тарту күші, су мен ауаның кедергі күші, ауырлық күші және су тарапынан кері итеруші күш әсер етеді. 2.3 Серіппеге ілулі тұрған денеге екі күш ауырлық күші және серіппенің серпімділік күші әсер етеді.
3. Тұжырым 3.1 Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын
теңәрекетті күші делінеді.
3.2 Егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті басқа күштердің сол денеге бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болса, онда ол күшті басқа күштердің тең әрекетті (тең әсерлі) күші деп аталады.
4.Теңәрекетті күш 4.1 Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әсерлі күші солай бағытталады, ал оның модулі құраушы күштер модульдерінің қосындысына тең
R = F1 + F2
. болады. F1 , F2= құраушы күштер R= тең әрекетті (тең әсерлі) күш
4.2 Бір түзудің бойымен қарама – қарсы жаққа бағытталған екі күштің тең әсерлі күші
модулі үлкен күш жағына қарай бағытталады, ал оның модулі құраушы күштер модульдерінің
айырымына тең болады.
R = F2 – F1
4.3 Дененің бір нүктесіне екі күш әсер етіп олардын арасындағы бұрыш 90˚-қа тең
болса,Пифагор теоремасы бойынша тең әрекетті күш R =
IV.Сабақты қорытындылау:
V.Бекіту:Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Неліктен судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Балықтың шырышты денесі үйкелісті азайтады.
Қозғалып келе жатқан жүгі бар арбашада үйкелістің қандай түрлері пайда болады?
А) Үстеу мен дөңгелектер арасында (домалау үйкелісі)
Б) Дөңгелектің осімен арбашаның корпусы арасында (сырғанау).
В) Жүк пен арбаша арасында (тыныштық).
3. Сырғанау үйкеліс коэффициенті тыныштық үйкеліс коэффициентінен қандай болады?
Ж: аз болады.
4.Қатаңдығы 0,2кН/м және 0,9кН/м серіппелер тізбекте жалғанған.Егер екінші серіппе 3см-ге деформацияланса,бірінші серіппенің абсолют деформациясының мәні қандай?Ж:0,135м
5. Массасы 7 кг жазық білеушені вертикаль қабырғада сырғанамау үшін, оны қандай ең аз күшпен қабырғаға қысу керек? Қабырға мен дене арасындағы үйкеліс коэффициенті k=0.35
Ж: 20 Н
6.Болат серіппе 245Н күш әрекетінен 35мм-ге ұзарды.Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.
Ж:7*10ᶟН
7. Не үшін кейбір снарядтарда жаттығу жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольмен сүртеді.
Жауабы: үйкеліс күшін көбейту үшін, сырғанауды азайту үшін.
8. Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс, заңдылық қолданылады.
Жауабы: қысым, қатты денелер арасындағы үйкеліс.
9. Горизонталь жолда бос автомобильге қарағанда жүк тиелген автомобилдің тұрып қалуы неліктен аз болады?
Жауабы: үйкеліс күші қысым күшіне тура пропорционал, қысым күші жүк тиелген автомобильде көп, сондықтан оның тұрып қалуы аз болады.
10.Шамалары 6Н және 8Нболатын екі күш дененің бір нүктесіне әсер етеді.Екі күш векторының арасындағы бұрыш 90˚-қа тең.Тең әрекетті күшті табыңыз.Ж:10Н
Оқушылар берілген экспериментті сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып талдап түсіндіреді.