kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коперник ?леміні? гелиоцентрлік ж?йесі. Оны? ?лемдік ж?не д?ние танымды? ма?ызы.?аламшарларды? к?рінетін ?оз?алысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Планеталарды? К?нді айнала ?оз?алатыны ж?ніндегі идея бізді? ?ркениетті? ?р т?рлі кезе?дерінде пайда бол?анымен, ол жиырма ?асырдай уа?ыт бойы м?лгуде болды. ?йткені, Птолемейді? геоцентрлік ж?йесі ?лем ??рылысы ж?ніндегі м?лдем ?ате т?сініктерге негізделгеніне ?арамастан, орта?асырлы? адамдарды? ?арапайым тіршілікке ?ажетті талаптарын ?ана?аттандырып отырды. Ол т?тылуларды, планеталарды? к?кжиектен к?рінуін ж?не аспан ?леміндегі к?рінерлік ?згерістерді алдын ала д?л болжау?а м?мкіндік берді. Себебі б?л ж?йе де ?за? жылдар бойы м??ият орындал?ан т?жірибелерге негізделген болатын.
Алайда, К?н ж?йесі ??рылысыны? жобасын ал?аш рет д?рыс т?сінген Н. Коперник болды. Ол ?асырлар бойы адамдарды? санасына ?ялап ?ал?ан «Жер ?оз?алмайды» деген жобаны теріске шы?арды. Жерді ?зге планеталарды? ?атарына ?осып, Жер К?ннен ?шінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер ?з осін айнала отырып, барлы? планеталармен бірге ке?істікте К?нді айнала ?оз?алады деп к?рсетті. Ал Ай К?нді емес, Жерді айнала  ?оз?алады деді.

 Б?л ?ажеттіктен Коперникті? ?лем ж?йесі пайда бол?ан. Коперник- поляк хал?ыны? данышпан ?алымы ?рі ?о?амды? ?айраткері. Ерен е?бегі н?тижесінде, 1543 жылы 6 кітап жаз?ан. «Аспан сфераларыны? айналымдары жайында» деп аталатын б?л е?бегінде Жерді? ?оз?алыстары жайында?ы идеяны математикалы? жа?ынан негіздеп, ?лемні? жа?а ж?йесін баяндады. Б?л ж?йе келесі ережелерге с?йенеді:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коперник ?леміні? гелиоцентрлік ж?йесі. Оны? ?лемдік ж?не д?ние танымды? ма?ызы.?аламшарларды? к?рінетін ?оз?алысы.»

Сабақтың тақырыбы: Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі. Оның әлемдік және дүние танымдық маңызы.Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі және оның әлемдік , дүние танымдық маңызы туралы мағлұмат беру, ғаламшарлардың көрінетін қозғалысын түсіндіру
Дамытушылық: алдын ала тапсырмалар беріп, оқушыларды ізденуге , білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру, білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, танымдылыққа, адамгершілікке, басқа оқушының пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ – жауап , іздену жұмыстары,
Пәнаралық байланыс: тарих , география

Көрнекілігі: интерактивті тақта , электрондық оқулық, сөзжұмбақ жазылған және ғаламшарлар орналасуы сызылған плакаттар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3мин)
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
ә/ сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.
б/ жаңа сабақтың мақсатын айту

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру , өткен тақырыпқа шолу жасау

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

IV.Сергіту сәті

V. Жаңа сабақты бекіту

VІ. Рефлексия

VІІ.Бағалау

VIІІ.Үйге тапсырма

ІХ. Бүгінгі сабақты қорытындылау

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Тақтаға плакатқа ғаламшарлар қозғалысы сызылған плакат арқылы жұмыс жасау.

  1. Кеплердің І заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Кеплердің ІІ заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Кеплердің ІІІ заңы қалай тұжырымдалады?

  4. Перигелий нүктесі

  5. Афелий нүктесі.

  6. Күн жүйесінде қолданылатын қашықтықтың өлшем бірлігі

  7. Параллакстық тәсіл

  8. Радиолокациялық тәсіл



ІІІ. Қызығушылықты ояту

Дұрыс шешсеңдер бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері шығады. Ол кім ? Бұл кісі туралы біз не білеміз? Тақтада Коперниктің суреті ілулі тұрады

Сөзжұмбақ шешу














































































1.Планеталар қозғалысының үш заңын ашқан кім? (Кеплер)

2.Жарық өлшегіш аспап? (Фотометр)

3.Геоцентрлік жүйені жасаушы кім? (Птолемей)

4.Жердің Күнге ең жақын нүктесі (перигелий)

5.Аспан денесіне қуатты қысқа мерзімді импульс жіберу және одан шағылған сигналды қабылдау қандай тәсілге негізделген? (радиолокация )

6.Бізге ең жақын жұлдыз? (күн)

7.Жердің Күннен ең алыс нүктесі? (афелий)

8.Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек? (эклиптика)


Жаңа сабақ. (15 мин)


Ал оқушылар бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері Коперник туралы біз бұрын

7 сыныпта не білетін едік, сол туралы еске түсіріп жіберейік

Сонымен сөз кезегі өздеріңізде Кім айтар екен?

Кенжебай Оралбайдың Коперник туралы мағлұматтарын тыңдау

Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын.
Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына қосып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деді.

Бұл қажеттіктен Коперниктің әлем жүйесі пайда болған. Коперник- поляк халқының данышпан ғалымы әрі қоғамдық қайраткері. Ерен еңбегі нәтижесінде, 1543 жылы 6 кітап жазған. «Аспан сфераларының айналымдары жайында» деп аталатын бұл еңбегінде Жердің қозғалыстары жайындағы идеяны математикалық жағынан негіздеп, Әлемнің жаңа жүйесін баяндады. Бұл жүйе келесі ережелерге сүйенеді:

  1. Әлем центрінде Күн орналасқан.

  2. Шар тәрізді Жер өз осінен айналады.

  3. Барлық планеталар және Жер - Күнді айнала қозғалады, осы арқылы Күннің жұлдыздар ішінде көрінерлік қозғалысы түсіндіріледі.

  4. Барлық қозғалыстар шеңберлік орбиталармен және бірқалыпты болады.

Коперник бұл қорытындыға кең көлемді зерттеулер нәтижесінде келген. Ол планеталар мен Жер орбиталары жазықтықтарының бір-біріне жақын екендігін, яғни эклиптика жазықтығына өте жуық екендігін айтады. Төменгі планеталар көрінерлік қозғалыс кезінде Күннен алшақ шықпайтындығы: олардың нақты қозғалысының Күн маңында болатындығын көрсетеді. Басқа планеталар Коперник моделінде Жермен салыстырғанда Күннен алысырақ орналасатындығы. Ал көрінерлік қозғалысы жөнінен планетаның ішінде шапшаң орын ауыстыратыны Марс болса, ол Жерге ең жақын қозғалатын планета болғаны. Ал Юпитер мен Сатурн баяуырақ қозғалады, демек олар Марсқа қарағанда Күннен алысырақ. Аспан шырақтарының тәуліктік қозғалысын Коперник Жердің өз осінен айнала қозғалысының салдарынан көрінетін құбылыс деп есептеген. Коперник жүйесінің ең сыртқы сферасында Птолемейдікіндей жұлдыздар бекітіліп қойылған деп, ал барлық планеталардың нақты орбиталық қозғалысы шеңбер бойымен болады деп есептелген.

Өйткені ол заманда шеңбер барлық фигуралардың ішінде ең жетілгені, ол құдайға жағымды фигура, одан басқа фигура болуы мүмкін емес деп есептелген. Коперниктің соңғы болжамы, әрине қате болғандықтан Коперник жүйесінің болжамдарының дәлдігі жоғары болмаған. Кеплер еңбектеріне дейінгі кезеңде бұл қолданылған амалсыз шара еді. Коперниктің осы қателігін кейін Кеплер түзеткен болатын.Кеплер барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналып жүре алады , оның бір фокусында Күн тұрады деп өзінің заңын ашты.

Неміс математигі және астрономы Эразм Рейнгольд Коперник жүйесіне сүйеніп, планеталардың жаңа таблицаларын құрған екен. «Пруссиялық таблицалар» деп аталған бұл жүйенің

1- сурет. Коперниктің Әлемдік жүйесі


қателіктері бұрыңғы таблицалармен салыстырғанда өте аз болыпты. Сондықтан, біраз уақыт астрономдар осы таблицаларды пайдаланған екен[24].

Аспан механикасына кіріспестен бұрын аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысына сипаттама беріп алу ыңғайлы болар еді. Өйткені аспан механикасы аспан шырақтарының қозғалысын түсіндіретін модельдердің орнында пайда болды, солардың әрі мұрагері, әрі жоғарғы шыңы болып табылады. Сондықтан, алдыменен шырақтардың қозғалыстарын сипаттап, одан кейін осы қозғалыстарды түсіндіретін әлемдік жүйелерге түсінік берейік.

Аспандағы шырақтар көрінерлік қозғалысының ерекшеліктері бойынша 2 топқа бөлінеді: жұлдыздар және планеталар (ғаламшарлар). Жұлдыздардың аспандағы өзара орналасуы өзгермейді. Ал планеталар болса уақыт өткен сайын баяу орын ауыстырып, аспан сферасын айналып шығады. Планеталардың аспандағы орын ауыстыруы бірқалыпты емес. Аспанда планета бірде тез, бірде баяу қозғалып, соңынан тоқтап, одан кейін кері бағытта қозғалып, артынан тағы біртіндеп баяулап, тоқтап, содан кейін тура қозғалысын жалғастырады.Осы қозғалыс белгілі бір уақыттан кейін қайталанады. Бұдан кейін көрінерлік қозғалысы біртіндеп үдетіледі. Планеталардың ішінде екеуі, атап айтқанда, Шолпан және Меркурий, таң атар кезде- күншығыста, немесе кешкі ымыртта- күнбатыста көрініп қалады. Бұларды төменгі планеталар деп атаған.

Күн 12 шоқжұлдызды кесіп өтеді. Бұларды зодиактық шоқжұлдыздар деп атайды. Күн маңында қозғалған Шолпан мен Меркурий де осы шоқжұлдыздардан өтетіндігі анық.

Сыртқы планеталарға: Марс, Юпитер Сатурн және т. б. планеталар жатады. Аталған үшеуі ерте заманнан белгілі, қалғандары кейін табылды. Сыртқы планеталардың көрінерлік қозғалысының Күнмен байланысы шамалы және баяу.

Планеталардың көрінерлік жылдық қозғалысы түсініксіз болып көрінеді. Сондықтан болар, ежелден астрономдар осы қозғалысты әртүрлі аңыздармен түсіндіруге, түрліше жоруға тырысты.

Планеталардың көрінерлік баяу қозғалысын зерттеуге мынадай қажеттіктер де себеп болды. Әрбір планета үшін аттас конфигурациялар бірдей уақыт аралықтарында қайталанып тұрды. Бұл уақыт аралығы планетаның синодтық периоды деп аталды. Планетаның көрінерлік баяу қозғалысының синодтық периодын біле отырып, болашақ уақыт мезеттеріндей орналасуын алдын ала есептеуге болатын. Сондықтан планеталардың бақылаудан алынған координаттарын есептелген таблицадағы мәнімен салыстыра отырып, теңізде жүрген саяхатшылар, не шөл далада жүрген керуеншілер дәл уақытта біле алатын. Ал оны жергілікті күн уақытымен салыстыра отырып берілген пунктің географиялық ендігін анықтай алатын мүмкіндігі болған.

Сондықтан, планеталардың көрінерлік қозғалысын дұрыс түсініп, есептей білудің адам қоғамының өмірінде маңызы жоғары болған. Ежелгі абыздар аспан денелерінің көрінерлік қозғалысын болжау мүмкіндігіне ие болғандықтан, қараңғы халыққа билігін асыра алған. Планеталар қозғалысы адам тағдырына әсер етеді деген астрологиялық ілімнің де адам қоғамында орны ерекше болатын.

Сонымен Коперник ілімінің пайда болуы ғылымның, адамзаттың дамуында ерекше маңызды меже болды. Бұл жаңалықтан кейін астрономия ғылымы қарыштап алға дамып кетті. Бұдан кейін Күн жүйесі тереңірек зерттеліп, мәліметтер жинақталып, толықтырылды. Жаңа планеталар ашылып, планеталарға дейінгі қашықтықтар, планеталардың массалары анықталды.

IV. Сергіту сәті: 7 сыныптың электрондық оқулығы арқылы Ғаламшарлар қозғалысын көрсету

V.Жаңа сабақты бекіту.


Сұрақ қойып, жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.
1. Коперниктің планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасауда 1543 жылы жарық көрген еңбегі қалай аталады?
2. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйені қалай атады?

3. Коперник ілімінің ережесі
4.Коперниктің ілімін қолдап, одан әрі дамытқан ғалымдар «Коперник ілімінің дамуы» Сымбаттың іздену жұмысын тыңдау
5. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарған ғалым

6.Аспандағы шырақтар көрінерлік қозғалысының ерекшеліктері бойынша неше топқа бөлінеді?

7.Төменгі планеталарды ата

8.Жоғары планеталарды ата.Олардың қозғалысы Күнмен қандай байланыста болады?

9.Коперник ілімінің маңызы қандай болды?


VІ. Рефлексия

1.Нені білдік?

2.Не үйрендік?

3.Нені білгім келеді?



VІІ.Бағалау

VIІІ.Үйге тапсырма Коперниік әлемінің жүйесіне Венн диаграммасын құру

Коперник және Птолемей

Коперник әлемі мен Кеплер заңдары

ІХ. Бүгінгі сабақты қорытындылау





Пайдаланылған әдебиеттер: Кенжәлиев Д.И.

К 30 Аспан механикасы және жұлдыз жүйелері динамикасы

9 сынып Физика және астрономия

7 сынып Физика және астрономия



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Ахмедияров Бауыржан Абсалимович

Дата: 12.11.2015

Номер свидетельства: 252313


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1510 руб.
2520 руб.
1580 руб.
2640 руб.
1340 руб.
2240 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства