Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі. Оның әлемдік және дүниетанымдық маңызы. Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы.
Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі. Оның әлемдік және дүниетанымдық маңызы. Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы.
Сабақтың тақырыбы: Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі. Оның әлемдік және дүниетанымдық маңызы. Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі және оның әлемдік, дүние танымдық маңызы туралы мағлұмат беру, ғаламшарлардың көрінетін қозғалысын түсіндіру Дамытушылық: оқушыларды ізденуге, білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру, білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ жазылған және ғаламшарлар орналасуы сызылған плакаттар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі (3мин) а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру. ә/ сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу. б/ жаңа сабақтың мақсатын айту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі. Оның әлемдік және дүниетанымдық маңызы. Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы.»
Сабақтың тақырыбы: Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі. Оның әлемдік және дүниетанымдық маңызы. Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі және оның әлемдік , дүние танымдық маңызы туралы мағлұмат беру, ғаламшарлардың көрінетін қозғалысын түсіндіру Дамытушылық: оқушыларды ізденуге, білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру, білімдерін дамыту.
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ – жауап , іздену жұмыстары, Пәнаралық байланыс: тарих , география
Көрнекілігі: сөзжұмбақ жазылған және ғаламшарлар орналасуы сызылған плакаттар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі (3мин) а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру. ә/ сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу. б/ жаңа сабақтың мақсатын айту
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, өткен тақырыпқа шолу жасау
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Тақтаға плакатқа ғаламшарлар қозғалысы сызылған плакат арқылы жұмыс жасау.
Сұрақтар қою.
ІІІ.Қызығушылықты ояту
Дұрыс шешсеңдер бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері шығады. Ол кім ? Бұл кісі туралы біз не білеміз? Тақтада Коперниктің суреті ілулі тұрады
Сөзжұмбақ шешу
1.Планеталар қозғалысының үш заңын ашқан кім? (Кеплер)
2.Жарық өлшегіш аспап? (Фотометр)
3.Геоцентрлік жүйені жасаушы кім? (Птолемей)
4.Жердің Күнге ең жақын нүктесі (перигелий)
5.Аспан денесіне қуатты қысқа мерзімді импульс жіберу және одан шағылған сигналды қабылдау қандай тәсілге негізделген? (радиолокация )
6.Бізге ең жақын жұлдыз? (күн)
7.Жердің Күннен ең алыс нүктесі? (афелий)
8.Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек? (эклиптика)
Жаңа сабақ. (15 мин)
Ал оқушылар бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері Коперник туралы біз бұрын
7 сыныпта не білетін едік, сол туралы еске түсіріп жіберейік
Сонымен сөз кезегі өздеріңізде Кім айтар екен?
Птоломейдің геоцентрлік жүйесі.
Ежелгі астрономдардың Ғалам туралы түсініктері Птолемейдің "Мегале синтаксис" атты шығармасында баяндалған. Араб ғалымдарының аудармасында ол "Альмагест" деген атпен тараған.
Птолемей жүйесінің негізін төмендегі төрт тұжырым құрайды: 1) Жер Ғалам центрінде орналасқан; 2) Жер қозғалмайды; 3) Барлық аспан денелері жерді айнала қозғалады; 4) Аспан денелері шеңбер бойымен және тұрақты жылдамдықпен қозғалады, яғни бірқалыпты.
Птолемей жасаған әлем жүйесі геоцентрлік деп аталады және оны былайша түсіндіруге болады: планеталар эпицикл деп аталатын дөңгелек бойымен қозғалады, ал өз кезегінде эпициклдардың центрлері деферент деп аталатын басқа дөңгелек бойымен қозғалады, ал олардың жалпы центрінде Жер орналасады. Күн және Ай Жерді айнала деферентер бойымен (эпициклсыз) қозғалады (сурет 2.1).
Аспан шырақтарының тәуліктік қозғалысы тұтастай алғанда бүкіл Ғаламның Жерді айнала қозғалуымен түсіндірілді. Планеталардың тік және кері қозғалыстары былайша түсіндірілді: планета өз эпициклының А нүктесінде тұрған кезде оның Жерден бақыланатын бұрыштық жылдамдығы эпицикл центрінің деферент бойымен және планетаның эпицикл бойымен қозғалыстарының қосындысынан құралады. Бұл жағдайда планета жоғары жылдамдықпен тік қозғалып бара жатқандай қозғалады. Планета В нүктесінде болса, онда оның эпицикл бойымен қозғалысы эпицикл центрінің қозғалысына қарама қарсы бағытта болады және оның жерден бақыланатын бұрыштық жылдамдығы ең аз мәнде болады. Егер эпициклдағы планета жылдамдығы эпицикл центрінің жылдамдығынан төмен болса, онда планета бұл жағдайда тік және баяу қозғалып бара жатқандай көрінеді. Егер эпицикл бойындағы жылдамдық эпицикл центрінің жылдамдығынан жоғары болса, онда планета кері қозғалып бара жатқандай көрінеді.
Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы.
Ғаламшарлар көрінетін қозғалыстары бойынша 2 топқа бөлінеді: төменгі (Меркурий, Шолпан) және жоғарғы (Жерден басқа қалған ғаламшарлар). Төменгі және жоғарғы топ ғаламшарларының шоқжұлдыздардағы қозғалыстары түрліше. Меркурий және Шолпан әрқашан Күн қай шоқжұлдызда орналасса, олар да сол немесе көршілес шоқжұлдызда орналасады. Олар Күннен шығыс немесе батысқа қарай орналасуы мүмкін. Ғаламшарлардың Күннен шығысқа қарай ең үлкен бұрыштық алшақтауы – ең үлкен шығыстық элонгация, ал батысқа қарай ең үлкен бұрыштық алшақтауы – батыстық элонгация деп аталады. Шығыстық элонгация кезінде ғаламшар батыстан Күн батқаннан кейін көрінеді және Күннен кейін аз уақыттан соң батады. Содан кейін кері қарай қозғалады. Алғашында жай, кейін қатты қозғалып Күнге жақындайды, төменгі бірігу процесі басталады. Біршама уақыттан соң ғаламшар қайта көрінеді, Күннен алшақтай бастайды да ең үлкен батыстық элонгацияға жетеді. Ғаламшар тоқтап, енді ол батыстан шығысқа қарай тік қозғалады, Күннен қашықтау қысқарады. Бұл уақытта ғаламшар Күннің артынан өтеді, екеуінің эклиптикалық бойлықтары тең болады – бұл Күн мен ғаламшардың жоғарғы бірігуі деп аталады. Әрі қарай ғаламшар қайтадан батыста көрінеді, яғни төменгі ғаламшарлар Күн маңайында тербелетіндей болып қозғалыс жасайды. Ал, жоғарғы топ ғаламшарларының көрінетін қозғалыстары басқаша болады. Жоғарғы ғаламшар Күн батқаннан кейін батыста көрінеді, жұлдыздар арасымен түзу бойымен, яғни Күн сияқты батыстан шығысқа қарай қозғалады. Бірақ оның қозғалыс жылдамдығы Күннен төмен, Күн ғаламшарны қуып жетеді де ғаламшар уақытша көрінбей қалады, себебі ол Күнмен бір мезгілде шығып, бір мезгілде батады. Күн ғаламшардан озады, ғаламшар шығыста қайта көрінеді. Ғаламшарның қозғалыс жылдамдығы төмендейді, ол тоқтайды, ал әрі қарай жұлдыздар арасымен кері, яғни шығыстан батысқа қарай қозғалады. Біршама уақыттан соң ғаламшар қайта тоқтайды, қозғалыс бағытын түзуге өзгертеді, ал бұл уақытта оны батыс жақтан Күн қайта қуып жетеді, ол тағы да көрінбей қалады, осылайша құбылыстар қайталана береді.
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.
Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI ғасырда, Птолемейдің өздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады.
Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын. Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, ЖерКүннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге КоперникЖер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,
Жерді айнала қозғалады деді.
Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. КоперникПолыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.
Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр.гелиос- Күн) деп аталды.
Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютонқолдап, одан әрі дамытты.
Н. Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылыгы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.[1]
IV. Сергіту сәті: 7 сыныптың электрондық оқулығы арқылы Ғаламшарлар қозғалысын көрсету
V.Жаңа сабақты бекіту.
Постер қорғау.
«Сенемін, сенбеймін» ойыны. (Сұрақ қойып, жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру)
2. Гелиоцентрлік жүйені Коперник жасады. (сенемін)
3. Аспанда планеталар қозғалмайды. (сенбеймін, планеталар Күнді айнала қозғалады)
4. Құралсыз көзбен бес планетаны көруге болады.(сенемін. Олар: Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн)
5. Алып планеталар қатарына Жер жатады. (сенбеймін)
6. Бируни Птоломей жүйесін қолдады. (сенбеймін, Бируни Птоломей құрған әлем жүйесінің дұрыстығына күмәнданып, гелиоцентризмді жақтады)
7. Коперниктің «Аспан сфераларының айналуы туралы» еңбегі 1543 ж жарық көрді. (сенемін)
8. Меркурийде атмосфера жоқ (сенемін, Меркурийде атмосфера жоқ және бұлт та жоқ. Аспан қап-қара боп, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрінеді)
5. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарған ғалым
6.Аспандағы шырақтар көрінерлік қозғалысының ерекшеліктері бойынша неше топқа бөлінеді?
7.Төменгі планеталарды ата
8.Жоғары планеталарды ата.Олардың қозғалысы Күнмен қандай байланыста болады?
9.Коперник ілімінің маңызы қандай болды?
«Кім шапшаң» ойыны. (Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар жасырылады.) 1. Күндіз бар да, түнде жоқ, Қиналмай тауларды, орманды, Онсыз өмір мүлде жоқ. (Күн) 2. Аты да көк, заты да көк, Ойлап тап, көтерген алыпты. (Аспан) 3. Бір кісінің он екі баласы бар, Іштерінде ақ, сары, қарасы бар. Әр баласы сапарға шыққан сайын, Отыз шақты серігін ала шығар. (Жыл мен он екі ай)
VІІ.Бағалау
VIІІ.Үйге тапсырма Коперниік әлемінің жүйесіне Венн диаграммасын құру
Коперник және Птолемей
ІХ. Бүгінгі сабақты қорытындылау
Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі
Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі. Оның әлемдік және дүниетанымдық маңызы. Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы.