kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конвекция. С?улелену.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: §6-7. Конвекция. С?улелену.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: «Конвекция» ж?не «С?уле шы?ару» та?ырыптары бойынша материалды о?ып білу ж?не бекіту.

Дамытушылы?: О?ушыларды? шы?армашылы? зерттеу ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік: Физика п?ніне ?ызушылы?ын тудырып, ?з бетімен ж?мыс жасау?а ?йрету.

Саба?ты? т?рі: аралас т?сіндіру, демонстрациялы?

Саба?ты? к?рнекілігі: Плакат, карточка.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і:

Амандасу, т?гелдеу, сынып тазалы?ын тексеру.

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру:

  1. Жылу?ткізгіштік дегеніміз не?
  2. Заттарды? жылу ?ткізгіштігі бірдейме т?сіндір?
  3. ?андай температурада металл да, а?аш та ?ол?а бірдей ?ыз?ан сия?ты болып сезіледі?
  4. Су, тері, алюминий, ауа, ?ор?асын заттарды? ?айсысыны? жылу?ткізгіштігі нашар?

ІІІ. Жа?а саба?ты т?сіндіру:

С?йы??а немесе газ?а батырыл?ан денеге жо?ары ба?ыттал?ан кері итеруші к?ш – Архимед к?ші ?рекет етеді.

Біз суды? жылу?ткізгіштігі аз екенін к?рдік, сонды?тан суды? жо?ар?ы жа?ын ?ыздырыл?анда, т?менгі жа?ы сал?ын к?йінде ?алады. Суды? жылу?ткізгіштігі ?те аз бол?анды?тан, су ?ыздыр?ан кезде ?л?аятынды?тан оны? ты?ызды?ы азаяды, сонды?тан ?айна?ан же?іл су ?абаты  Архимед к?шіні? ?рекетінен жо?ары ?арай к?терілед.

Ш?угімдегі су осы себептен тез ?айнайды. Суды? т?менгі ?абаты ?ыз?анда, оны? к?лемі ?л?айып же?ілдейді де, жо?ары к?теріледі, ал оларды? орнын суы? су толтырады.

Неліктен жылу батериялары еденге жа?ын жерде орнатылып, ал желдеткіштерді терезені? жо?ар?ы жа?ына жасайды?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конвекция. С?улелену. »

Сабақтың тақырыбы: §6-7. Конвекция. Сәулелену.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Конвекция» және «Сәуле шығару» тақырыптары бойынша материалды оқып білу және бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық зерттеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Физика пәніне қызушылығын тудырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас түсіндіру, демонстрациялық

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, карточка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жылуөткізгіштік дегеніміз не?

  2. Заттардың жылу өткізгіштігі бірдейме түсіндір?

  3. Қандай температурада металл да, ағаш та қолға бірдей қызған сияқты болып сезіледі?

  4. Су, тері, алюминий, ауа, қорғасын заттардың қайсысының жылуөткізгіштігі нашар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш – Архимед күші әрекет етеді.

Біз судың жылуөткізгіштігі аз екенін көрдік, сондықтан судың жоғарғы жағын қыздырылғанда, төменгі жағы салқын күйінде қалады. Судың жылуөткізгіштігі өте аз болғандықтан, су қыздырған кезде ұлғаятындықтан оның тығыздығы азаяды, сондықтан қайнаған жеңіл су қабаты Архимед күшінің әрекетінен жоғары қарай көтерілед.

Шәугімдегі су осы себептен тез қайнайды. Судың төменгі қабаты қызғанда, оның көлемі ұлғайып жеңілдейді де, жоғары көтеріледі, ал олардың орнын суық су толтырады.

Неліктен жылу батериялары еденге жақын жерде орнатылып, ал желдеткіштерді терезенің жоғарғы жағына жасайды?

Егер керісіше болса, онда біздің батареямыз үйді жылытпай, ашық желдеткішіміз бөлмені желдетпеген болар еді. Ыстық батареяның беретін жылуы бөлменің төменгі қабатындағы ауаны жылытады. Ол ұлғайып, жеңілдеп, Архимед күшінің әрекетінен жоғары қарай көтеріледі. Оның орнына суық ауаның ауырлау қабаты келеді. Оларда жылып, жоғарылайды. Жылыған ауа төменнен жоғары, суық ауа жоғарыдан төмен қарай жылжып, үздіксіз ауа ағыны пайда болады.

Желдеткішті ашып, біз бөлмеге суық ауа ағынын жібереміз. Ол бөлмедегі ауаға қарағанда ауырлау, сондықтан жылы ауаны жоғары ығыстырып, желдеткішке апарады.

Конвекция дегеніміз – сұйықтың немесе газдың ағысы арқыл энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.

Қатты денелерде және вакуумда конвекция болмайды.

Жоғары немесе төмен температурадағы сұйықтар (немесе газдар) ыдыстың қабырғасымен жанасқанда, конвекциялық ағын пайда болады. Сұйықтар (немесе газдар) қыза отырып жоғары көтеріледі де, салқындарын төменге ығыстырады.

Тәжірибе арқылы конвекцияны бақылайық. Түбіне марганец қышқылды калийдің (марганцовка) кристалл түйіршігі салынған суы бар шыны құтыны шамның жалынына ұстап қыздырады. Осы кезде боялған судың төменгі қабатының өзімен бірге энергияны тасымалдай отырып, жоғарыкөтерілгенін байқауға болады. Судың салқындау жоғарғы қабаты боялған, жылынған суды ығыстыра отырып, төмен түседі. Осындай құбылыстың арқасында құтыдағы су біркелкі жылынады. Сондықтан сұйықтар мен газдарды, әдетте, төменнен бастап қыздырады.

Табиғи

Конвекция

Еріксіз

Біз тәжірибеде қарастырылған табиғи немесе еркін конвекция деп аталады.

Тұрмыста және техникада кеңінен қолданылатын табиғи конвекция жеткіліксіз болғанда, еріксіз конвекцияны пайдаланады. Мысалы, ауаның газдың жылдам және біркелкі жылуы үшін оларды сорғымен немесе араластырғышпен араластырады.

Жылу берілудің келесі түрі сәулену немесе сәуле шығару.

Сәуле шығару дегеніміз электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз.

Дененің температурасы неғұрлым жоғары болса, ол сәуле шығару кезінде соғырлым көп энергия береді. Сәуле шығару энергиясы жартылай шағылады және денелермен жартылай жұтылады. Егер дене сәуле шығару энергиясын жұтатын болса, оның ішкі энергиясы артады. Сондықтан ол қызады, ал энергия шығарған дене салқындайды. Денелердің сәуле шығару энергиясын жұтуы олардың бетінің күйіне байланысты. Бет жағы қара денелер сәулені жақсы сіңіріп күштірек қызатыны көрсетеді. Сонымен қатар беті қара-қоңыр денелер, беті ақшыл денелерге қарағанда сәуле шығару арқылы тезірек суиды. Мысалы: қара шайнекке құйылған ыстық су ақ шайнектен горі тезірек суиды. Күн ыстық кезде терезеге ақ мата іледі.

Энергияны жақсы жұтқыштар – сәулені жақсы шығарғыштар, ал сәулені нашар жұтқыштар нашар бөлетіндер.



ІV. Жаңа сабақты қорытындылау.

  1. Конвекция дегеніміз не?

  2. Қатты, сұйық, газ тәріздес денелердің қайсысында конвекция жүруі мүмкін.

  3. Сәуле шығару дегеніміз не?

  4. Қандай денелер сәулені жақсы жұтады?

  5. Қандай денелер жақсы сәуле шығарады?

  6. Жазда қандай киім киген дұрыс? Түсіндір

V. Үй тамсырмасы: §6-7-8. 3-4-жат.

Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Конвекция. С?улелену.

Автор: Исабекова Бибинур

Дата: 05.03.2015

Номер свидетельства: 182753


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства