kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "Отынны? энергиясы. Отынны? меншікті жану жылуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: о?ушыларды отынны? энергиясымен, оларды? ?асиеттерімен, м?лшерімен таныстыру.

Т?рбиелік: о?ушыларды? білім ?орын байыту, д?ниетанымын ке?ейту, білімге ??штарлы?ын арттыру.

Дамытушылы?: о?ушыларды? білімді, дарынды, озы? болу?а т?рбиелеу; физика п?ніне ?ызы?ушылы?ы мен ынтасын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "Отынны? энергиясы. Отынны? меншікті жану жылуы" »


Күні:

Сыныбы: «8ә»

Сабақтың тақырыбы: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды отынның энергиясымен, олардың қасиеттерімен, мөлшерімен таныстыру.

Тәрбиелік: оқушылардың білім қорын байыту, дүниетанымын кеңейту, білімге құштарлығын арттыру.

Дамытушылық: оқушылардың білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу; физика пәніне қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд, термометр, калориметр, су, стакан.

Пән аралық байланысы: математика, химия, әдебиет.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

Амандасу, түгендеу.

Зейіндерін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Заттың меншікті жылусыйымдылығы нені көрсетеді?

  2. Заттың меншікті жылусыйымдылығының бірлігі не?

  3. Мыстың меншікті жылусыйымдылығы 400 Дж/кг С?

  4. Денені қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептеуге болады?

  5. с, m, t әріптерімен қандай физикалық шамалар белгіленеді?

3.Актуалдау.

Заттардың меншікті жылусыйымдылығы әр түрлі агрегаттық күйінде -қатты, сұйық, газ тәрізді күйінде түрліше болып келетініне көз жеткіздік. Енді жаңа сабағымыз отынның меншікті жану жылуын қарастырамыз.

4. Жаңа сабақ.

Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалықшаманы отынның меншікті жану жылуы деп атаймыз. Отынның меншікті жану жылуы q әрпімен белгілейді, оның өлшем бірлігі 1Дж/кг.

Кез – келген массасы отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек: Q=q m

Q- жылу мөлшері (Дж)

q- меншікті жану жылуы (Дж/кг)

m- отынның массасы (кг)

Қазақстан Республикасында отын-энергитикалық ресурстарының мол қоры бар. 50-жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат- мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты.

Қазақстанда 300-ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі.

Отын-энергитикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себебі газ толық жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кең орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70% жинақталған.

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.

Механикалық энергия мен ішкі энергияның қосындысын денелер жүйесінің толық энергиясы деп атайды.

Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы – осы жүйеде болатынкез келген өзгерістер кезінде сақталады.


  1. Дамытушылық.

№1

Бер: m=100 Ш: Q=q*m

q= 3.0*107 Q= 100 кг*3.0*107 Дж/кг=3*109 Дж


Т/к: Q Ж: Q= 3*109 Дж


№2

Бер: m=100 кг Ш: Q= q*m

q =3.4*10Дж/кг Q= 100*3.4*107=3,4*109Дж

Ж.Q= 3,4*10 9Дж

Т/к: Q




№3


Бер: Q = 440*107Дж Ш: m=Q/q

q = 4.4*107 Дж/кг

Т/к: m

m = 440*107/4.4*107=100кг

Ж: m =100кг




№4

Бер: m=5 кг Ш: Q= q*m

q =4,6*10 7Дж/кг Q= 5*4,6*107=2,3*10 7Дж


Т/к: Q Ж.Q= 2,3*10 7Дж



№5

Бер: m1 = 2 кг Ш: Q=Q1+Q2

m 2= 3кг Q=4.6*107(5+3) = 23*107Дж

qб=4,6*107 Дж/кг

qп=4,6*107 Дж/кг

Т/к: Q

Енді ойымызды сергітіп алу үшін, осы өтілген тақырыптарға байланысты жұмбақтар шешіп көрейік


«Физикалық жұмбақтар»

1.Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отын энергиясы)

2.Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде .

Басқа түрге ауысса, жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

3.Қол жұмылмай – жылынбайды. (Жылу өткізгіштік)

4.Нан піскенше күлше күйеді. (Меншікті жылу сыйымдылық)

5. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)

6. Азықсыз адам алысқа бармайды. (Отын энергиясы)

7. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. (Жылулық қозғалыс)

8.Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)

9.Дамыл таппай жұтқаның, өмір нәрі ұққаның. (Ауа)


  1. Бекіту.

1.Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

2.Меншікті жану жану жылуы қалай белгіленеді?

3.Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай формуламен өрнектейді?

4.Толық энергия дегеніміз не?

5.Айналу заңы дегеніміз не?

7.Үй тапсырмасы: § 11, 12. 7-жаттығу (4)

8. Бағалау.












№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп









Ашық сабақ




Тақырыбы: Отынның энергиясы.

Отынның меншікті жану жылуы.

Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы







Өткізген: физика пәнінің мұғалімі А.Қ.Жиеналина











Шалқар қаласы

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Конспект урока на тему "Отынны? энергиясы. Отынны? меншікті жану жылуы"

Автор: Жиеналина Айнур Кажигалиевна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172482


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства